KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Выступления руководителя

2017 жылдың 3 ақпан күні сағат 11.00 –де Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында мәдениет қызметкерлері арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына арналған Жолдауы талқыланды. Жиынға 300–ге тарта адам қатысты. Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Ақан Жылқышыбайұлы Әбдуәлиев Жолдау бойынша баяндама жасады. М.Тынышбаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Аязбаева Рысжан Әбсеметқызы және Талдықорған мемлекеттік архиві директорының міндетін уақытша атқарушы Нұрмұхамедова Шынар Мәлікқызы қосымша жарыс сөзге шықты.

Жолдаудағы бесінші басымдық бойынша Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында терроризмнің және діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу шаралары бойыншаАлматы облысының Дін істері басқармасы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушысы Әубәкіров Алмас Мұратбекұлы баяндама жасады. Келесі баяндаманы Алматы облысы Ішкі Істер департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Құсайынов Мәди Зейнелұлы оқыды. Осы мәселеге қатысты Алматы облыстық Халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Сәбитова Айгүл Ташболат қызы жарыс сөзге шықты.

Жолдаудағы бесінші басымдық бойынша Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Рысбеков Ринат Зейілханұлы баяндама жасады.

Басқарма басшысы А.Абдуалиевтің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы мәдениет мекемелері қызметкерлері жиынындағы баяндамасы

 

Құрметті әріптестер!

 

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен қазақстандықтар, соның ішінде мәдениет қызметкерлері де үлкен ықыласпен оқып, танысты.

Еліміз өз Тәуелсіздігінің 25 жылдығын абыроймен атап өтті. Тарихи қысқа мерзімде еліміз үлкен жетістіктерге жетті, оны бүкіл әлем жұртшылығы мойындады. Үлкен ауқымды шараларды атап өтсек: 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз.

Алматыда «Универсиада-2017» Бүкіләлемдік қысқы спорт ойындары өтіп жатыр. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда. Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.

Әлемдік дағдарыс жағдайында қабылданған нақты шаралар өзінің тиімділігін көрсетуде. «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» Ұлт жоспары іске асырылуда. Жақында ғана Елбасы өкілеттілікті қайта бөлу жөнінде шешім қабылдап, конститутциялық реформалар бағдарламасын ұсынды. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына арнаған Жолдауы сол жұмыстардың нақты жалғасы.

Биылғы Жолдау аясында Елбасы бес басымдылықты көрсетіп, нақты міндеттер қойды.

Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.

Бұл басымдықта Елбасымыз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс екендігімізді баса айтты. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керектігін, жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз және еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру керектігін атап айтты. Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар.

Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.

Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету. Бұл – өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады. Оны орындау үшін қазіргі кезеңде мынадай қадамдар жасалуы қажет дей келе Елбасы келесі шараларға тоқсталды:

Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алатындығы айтылды. Кәсіпкерлік ашқанға қажетті құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жойып, электрондық форматқа көшіру керектігін айта келіп, Үкімет пен әкімдерге биылғы 1 шілдеге дейін бизнесті қайта реттеу жөніндегі жүйелі шаралар әзірлеу міндетін жүктеді.

Үшінші басымдықмакроэкономикалық тұрақтылық.

Мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту.

Бүгінде Ұлттық банк алдында инфляциялық таргеттеу режімін дамыту жөніндегі маңызды міндет тұр. Орта мерзім ішінде инфляция деңгейін кезең-кезеңмен 3-4%-ға дейін төмендетуге қол жеткізуіміз керек.

Еліміздің қаржы секторын «қайта жаңғырту» қажеттігін ескере отырып, Елбасы Ұлттық банкке банк секторын қалыпқа келтіру жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Келесі шешуші міндет – салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу. Бұл бағытта бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру және Министрліктер мен ведомстволардың қаражатты игеруінің тиімділігін тексеру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар қазіргі салық жеңілдіктерін оңтайландыру қажеттігі де айтылды. Үкімет квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу мен бақылау жасау жүйесін қалыптастырып, онда тәртіп орнату керек деп атап өтті.

Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.

Бұл жерде Елбасы білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс дей келе біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет екендігін атап айтты.

Елбасының тапсырмасы бойынша 1 шілдеден мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайтындығы, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлердің зейнетақылары мен бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға дейін арттырылатындығы және бұдан бөлек, базалық зейнетақы тағайындау жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылатындығы туралы нақты айтылды.

Бесінші басымдықинституционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Соның ішінде әсіресе сыбайлас жемқорлық бағытын айтар болсам: біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет.

Маңызды мәселенің бірі – сатып алу саласын жетілдіру. Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйесін орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша енгізуді тапсырамын. Квазимемлекеттік секторда, табиғи монополия және жер қойнауын пайдалану салаларында да сатып алу шараларын өткізу әдістерін түбегейлі қайта қарастыру керек. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.

Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып, адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отырғандығын, бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналатындығын, Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керектігін Елбасы басып айтты. Елбасы: қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек. Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру қызметтерінің мақсатты жұмысы ұйымдастырылуы тиіс.

Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау керек. Бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажет. Осы шараның бәрі менің тапсырмам бойынша әзірленіп жатқан, 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада ескерілуге тиіс дей келе киберқылмыспен күрестің өзектілігі барған сайын арта түсуде, Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында еліміздің даму жолының нақты бағытын белгілеп берді.

«Мемлекет құруда теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін.», –деді Елбасы.

Құрметті әріптестер!

Халқымыз үлкен қиындықтардан өз бірлігінің, татулығының арқасында аман-есен өтіп, жаңа даму кезеңіне аяқ басып отыр. Ол үшін біздің мүмкіндігіміз де, әлеуетіміз де жеткілікті.

Біздің мақсатымыз – облыс халқының мәдениетін көтеруге, Елбасының тапсырмаларын қысқа мерзім ішінде сапалы орындау.

Тәуелсіздіктің 25 жылында қол жеткізген жетістіктерімізді одан әрі арттырып, елімізді дамыған 30 елі санатына қосу жолында еңбек ету - біздің міндетіміз.

Елбасы Жолдауын тұрғындар арасында насихаттау және түсіндіру жұмысын ұйымдастыру үшін төмендегі міндеттерді тапсырамын.

 

Облыстық әрбір мәдениет мекемелерінің басшыларына:

1. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау жұмыстарының жүргізілуін бақылауға алсын. Жолдауды басшылыққа ала отырып, оны жүзеге асыру іс-шаралар жоспарын құрып, ұйымдастырып, орындасын.

2. Сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресіп, болдырмаудың алдын ала шаралары ұйымдастырылсын. Барлық мекемелердегі мемлекеттік сатып алудың заңдылығын қатаң бақылауға ұстауды Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тапсырамын.

3. Барлық мәдени ошақтарда Терроризмнің алдын алу іс-шаралары жүзеге асырылып, алдын алу жұмыстары жалғастырылсын.

4. Елбасы Жолдауындағы бірінші басымдық бойынша халықты қол жетімді қызметпен қамтамасыз ету үшін, архив, кітапхана, мәдениет үйлері, тарихи мұраны қорғау, музей салаларының жұмысын жандандыруды барлық тиісті мекемелер мен қызметкерлерге тапсырамын.

5. Жоғарыда берілген барлық тапсырмалардың орындалуын бақылауды басқарма басшысының орынбасарлары Жақыпбекова Әлия Әлімжанқызына және Нұрбаева Маржан Ханқызына тапсырамын.

Құрметті Әріптестер!

 

Жолдауда белгіленген бағыттарды ел дамуының нақты бағыт-бағдары деп білеміз. Сондықтан, Жолдауды қолдап, алдыға қойылған мақсат-міндеттерге бар күш жігерімізді салып, бірлесе еңбек етейік!

 

 

Вступительная речь руководителя управления Культуры, архивов и документации Р.Есдаулетова на выездном заседании комитета По социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан