KZ | RU
RSS

Навигация

Информация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Каратальский филиал

Каратальский филиал КГУ «Государственный архив Алматинской области»
 
041000, Алматинская область, Уштобе, ул. Рыскулова, 37
тел.: 8 (7234) 2-18-90
 
Прием граждан:
Ежедневно (кроме субботы, воскресенья)
с 9-00 до 18-00 ч.


 
Директор - Кутушева Жанат Каиповна
 
Кутушева Жанат Каиповна родилась 02.11.1964 года на ст. Джилга Сары-Агачского района Южно-Казахстанской области. Казашка. В 1982 году окончила среднюю школу им С.Сейфуллина ст. Джилга Сары-Агачского района.
1982-1984 гг. обучение в Талды-Курганском юридическом техникуме, на отделении правоведения.
2006-2008 гг. обучение в Казахской академии труда и социальных отношений. 1984-1985гг. работала делопроизводителем Каратальского райисполкома, г.Уштобе, Талды-Курганской области.
1988-1996гг. архивистом 2-категории Каратальского хозрасчетного архива по личному составу. г.Уштобе, Каратальского района.
1997-2001гг. переведена архивистом 1- категории в Каратальском районном архиве.
2002-2005гг. переведена ведущим специалистом в Каратальском районном архиве.
2005-2008гг. переведена ведущим специалистом в Каратальском филиале.
С января 2009г. и по настоящее время директор Каратальского филиала.
 
 

История архива

Согласно решение № 23-460 от 10.11.1987г. Каратальского районного исполнительного комитета народных депутатов Каз.ССР Талды-Курганской области,с 25.01.1988г. образован Хозрасчетный архив по личному составу при исполкоме Каратальского районного Совета народных депутатов Талды-Курганской области. Согласно решение № 28-104 от 01.06.1992 г. Главы Каратальской районной администрации Талды-Курганской области Республики Казахстан, Хозрасчетный архив по личному составу при Каратальском райисполкоме Совета народных депутатов преобразован в Каратальский районный хозрасчетный архив по личному составу при Главе Каратальской районной администрации. С 1 января 1999г. Каратальский районный хозрасчетный архив по личному составу преобразован в Каратальский филиал Государственного архива Алматинской области. С 19 октября 2005 г. Каратальский филиал Государственного архива Алматинской области стал называться Каратальский филиал ГУ «Государственный архив Алматинской области» (свидетельство о регистрации № 4-1907-16 от 19.10.2005)
Количество штатных работников в 1991-2016 годы было различным:
в 1991-1999 годы в филиале работало 6 человек (1 директор, 2 архивиста, 1-бухгалтер,1 техничка, 1-сторож)
в 2000-2008 годы работали 3- человека (1 директор, 2 архивиста)
в 2009- 2013 годы работали 4 человека (1 директор, 3 архивиста)
с 2014 года работают 5 человек (1 директор, 3 архивиста, 1 техничка)
В филиале на 1988-2017 годы по Каратальскому району 32 организации, входящих в список источников комплектования Национального архивного фонда.
На 01.01.2018 года филиал обеспечивает хранение и использование 41120 единиц хранения по 159 фондам Каратальского района.
Основные направления деятельности архива:
•Обеспечение сохранности и учет архивных документов, подлежащих постоянному хранению, в т. ч.:
- хранение и учет документов, принятых в Филиал и их фондирование; представление в установленном порядке учетных данных в Госархив;
- проведение мероприятий по созданию оптимальных условий хранения документов и обеспечению их физической сохранности;
- подготовка, представление Госархиву и реализация предложений по обеспечению сохранности документов, хранящихся в Филиале.
•Филиал обеспечивает хранение:
- архивных фондов и архивных документов на различных видах носителей, образовавшихся в деятельности органов местного самоуправления с момента их образования, деятельности организаций, находящихся на территории района;
- архивных фондов и архивных документов юридических и физических лиц на различных видах носителей, переданных на законном основании в Филиал;
- документов на различных видах носителей по личному составу ликвидированных организаций (не имеющих правоприемника), действовавших на территорий района;
- учетных документов, архивных справочников и других материалов, необходимых для осуществления его практической деятельности.
• Комплектование Филиала документами, имеющими историческое, научное, социальное, экономическое, политическое или культурное значение для района, в т. ч.
- составление списков организаций - источников комплектования архива, утверждаемых методической комиссией Управления культуры архивов и документацией области; систематическая работа по их уточнению;
- отбор и прием документов постоянного хранения в Филиал;
- проведение в установленном порядке экспертизы ценности документов, хранящихся в Филиале.
•Организационно-методическое руководство деятельностью ведомственных архивов и организацией документов в делопроизводстве органов местного самоуправления, государственных организаций, расположенных на территории района, включая:
- проведение проверок состояния делопроизводства и ведомственного хранения документов, в т. ч. по личному составу;
- ведение в установленном порядке учета документов, хранящихся в организациях – источниках комплектования и других организациях, находящихся на территории района;
- рассмотрение и согласование положений о ведомственных архивах, экспертных комиссиях, номенклатур дел организаций – источников комплектования Филиала и инструкций по делопроизводству;
- рассмотрение и представление в Госархив поступивших от организаций описей дел постоянного хранения и по личному составу, которые подлежат приему в Филиал;
- изучение и обобщение практики работы ведомственных архивов и делопроизводственных служб, распространение их положительного опыта;
- оказание организационно-методической помощи, проведение совещаний, семинаров, консультаций по вопросам организации и методики работы с документами;
- разработка и реализация мероприятий по улучшению работы ведомственных архивов, организации документов в делопроизводстве, внедрению государственной системы делопроизводства; повышению квалификации работников архивов и делопроизводственных служб.
• Информационное обеспечение органов местного самоуправления, организация использования архивных документов, удовлетворение прав граждан на архивную информацию;
- информирование органов местного самоуправления, иных организаций района о составе и содержании документов Филиала по актуальной тематике, исполнение тематических запросов юридических и физических лиц на документную информацию;
- организация работы пользователей документами, изготовление копий документов по их запросом, подготовка документальных выставок, материалов для средств массовой информации, проведение встреч с общественностью и публикаторская деятельность;
- исполнение социально-правовых и иных запросов граждан, выдача архивных справок, заверенных копий и выписок из документов.
- рассмотрение заявлений, предложений и жалоб, прием граждан;
- создание и совершенствование научно-справочного аппарата к документам Филиала, автоматизированных информационно-поисковых систем, банков и баз данных, архивных справочников о составе и содержании документов.
Место нахождение и юридический адрес Филиала: Республика Казахстан, 041000, Алматинская область, Каратальский район, г. Уштобе, ул. Рыскулова, 37.
 

Характеристика фондов

На  01.01.2018 года в архиве на хранении находится 41120 единиц хранения, в том числе по личному составу  20827 дел, управленческой документации 19053 дел, временного срока хранения 1240 дел. Всего 159 фондов.

За 2017 год принято на хранение   1367 дел, в том числе по личному составу  58 дел, управленческой документации  1309 дел. Открыто 5 новых фонда и произведён доприем в существующие 10  фондов.

Фондовый каталог Каратальского филиала госархива Алматинской области на 01.01.2017г.



Публикации и выставки


Ата Заң – алтын тұғырым

Әрбір мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция. Мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері және құқықтары көрсетіледі. Осыдан жиырма жыл бұрын , 30- тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен 20 жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі - Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып отыр.

Әрине, тарих ауқымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау». Бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деген еді. Шындығында кез келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтының құндылығын айқындайтын Негізгі Құжат – Конституция. Олай болса, Ата заңды киелідей аялап, қастерлеу – ұлттың ұлы парызы.

Тарихқа кері шегінетін болсақ, тәуелсіздікке ие болған Қазақстанның ең басты қадамы Конституцияны қабылдаумен тұтастай байланысты. Бұл туралы: «Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды.

Қазіргі таңда мұрағаттар құжаттарды сақтайтын қоймалар мен сақтау орындары ғана емес, оларды халыққа патриоттық, рухани тәрбие беретін, тарихи білімді зерделеу мен насихаттауға кең мүмкіндік беретін ғылыми мекеме деп айтуға болады.

Осы орайда Алматы облысының мемлекеттік мұрағатының Қаратал филиалы 1988 жылдан бері, мұрағат қызметінің Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу, мемлекеттік сақтауға қабылдау және олардың сақталуын қамтамасыз ету, құжаттарға ғылыми- анықтамалық аппарат жасау, әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық сұранымдарды орындау және жетілдіру,жариялау сияқты негізгі бағыттарында қызмет атарады.

Халқымызда «Кешегісін білмеген ұрпақтың болшағы бұлынғыр» деген нақыл сөз бар. Осы орайда еліміздің мұрағат ісі қызметіне артылар жүктің салмағы ерекше. Өйткені осы сала қызметкерлері еліміздің кешегісі мен бүгінгісі арасындағы алтын көпір іспетті. Өйткені мұрағаттарда еліміздің, облысымыздың, ауданымыздың тарихы сақталуда. Бұл құжаттар тарихымызды растайтын куәгерлер.

Сонымен қатар ҚР Конституциясының талаптарына сәйкес әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды уақытылы орындап, мұрағаттық қызмет азаматтарға өздері сұрау салған мәселелер бойынша тиісті мұрағаттық анықтамалар беріледі. Олар кейде сот ісіне, нотариалдық қызметке, жылжымалы мүлік туралы, азаматтардың еңбек өтіліне байланысты болады. Мұрағаттық сұранымдар тек Қазақстан азаматтары ғана емес, сондай-ақ шет елдерге қоныс аударған отандастарымызда жолдап жатады. Келіп түскен сұранымдар бойынша мұрағат қызметкерлері мұрағаттағы құжаттарды көтеріп, тиісті жауаптарды өз уақытында дайындап, сұраныс иелеріне дер кезінде ұсынады. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, Конституцияны да солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ». Бүгінгі Ата Заңымыздың - 20 жыл қарсаңында барлық мұрағатшыларды құттықтап, еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шындарға жете берулерінізді, бойларыңызға мұқылмас жігер, қайтпас қажыр, тілеймін!

 

Алматы облысы мемлекеттік мұрағатының
Қаратал филиалының директоры Ж. Кутушева

 

«Архивтік анықтамалар беру»  көрсетілетін мемлекеттік қызметі туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі  Заңының 16-бабының 1-тармағына және «Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Стандарт) 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 Қазақстан Республикасы Мәдениет  және спорт министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11086 болып тіркелген, 2015 жылы 29 мамырда «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

Көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай:

«Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы».

Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

 «Архивтік  анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғаларға ақысыз негізде көрсетіледі. Қызмет мекеменің өзінде, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (Мемлекеттік корпорация) және электронды түрде «Е-әкімдік» веб-порталы арқылы қағаз және ішінара электронды түрде көрсетіледі.

Осы аталған мемлекеттік қызметті облыста 19 архив мекемесі жүзеге асырады.

Барлық архив басшыларының электронды цифрлық қолдары бар. Архивтерде «Мемлекеттік қызмет көрсету» стенділері орнатылған осы стендте жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының, Стандарт пен Регламенттің көшірмелері ілінген. Сонымен қатар жалпы түскен сұраныстар санының кемінде 1 пайыз көлемінде келушілердің пікірі білдірілген карточкалар да ай сайын толтырылады.

Өтініштер жеке және заңды ұлғалардың өтініш жіберген тілінде қабылданып, сол тілде жауап беріледі.

Жоғарыда аталып өткен Регламент бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, Қарулы Күштер мен әскери бөлімдер мен құрылымдардағы қызметін, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы архив анықтамасы немесе олардың болмауы туралы жауап, немесе архивтік құжаттардан куәландырылған архивтік көшірмелер мен үзінділер беру  болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің  құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібі былайша келтірілген:

Көрсетілетін қызметті алушының (не оның уәкілетті өкілінің: уәкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырған сенімхат бойынша жеке тұлға), егер қызметті алушы архивке өзі келсе, өзінің жеке басын куәландыратын құжат, уәкілеттігін растайтын құжат немесе өкілдің нотариалды куәландырылған сенімхаты (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, архив қызметкері жеке басын куәландыру үшін құжаттың электрондық көшірмесін жасайды да, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады), белгіленген нысан бойынша өтініш, егер болып жатса, сұранысты жылдам орындау үшін қажет құжаттардың көшірмелерін (бұйрық, шешім, қаулы, еңбек кітапшасы, диплом және т.б. мәліметтердің көшірмелерін) сияқты құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ресімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

Егер қызмет алушы пошта арқылы жүгінсе, онда өтініш білдіруші (жеке немесе заңды тұлға) туралы толық мәліметтер, тұрғылықты жері, аты-жөні немесе мекеменің толық атауы көрсетілген және сұрау салынған мәліметтерді іздестіруге қажетті ақпараттар берілген еркін жазылған өтініш-хатын, сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге жолдайды.

Ал Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы уәкілеттігін растайтын құжат немесе өкілдің нотариалды куәландырылған сенімхат және жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, Мемлекеттік корпорация қызметкері жеке басын куәландыру үшін құжаттың электрондық көшірмесін жасайды да, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады), сұранысты жылдам орындау үшін қажет құжаттардың көшірмелері (бұйрық, шешім, қаулы, еңбек кітапшасы, диплом және т.б. мәліметтердің көшірмелерін) сияқты құжаттар топтамасын ұсынады.

Портал арқылы жүгінген кезде, қызмет алушы порталда тіркеледі және оның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салынады. Онда да сұранысты жылдам орындау үшін, сұрау салу бойынша растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері берілгені дұрыс.

Онан кейін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алатын күні, уақыты мен орны көрсетілген хабарлама жолданады.

Нәтижесі де электронды  жолмен жіберіледі, себебі архив директорларының да әлектронды цифрлық қолдарының бар екенін жоғарыда айтып кеткенбіз, сонымен қатар қағаз түріндегісі де шығарылып, қызмет алушының мекен-жайына жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті берушіге, яғни архивке және Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ электронды порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтің нәтижесін  11 (он бір)  жұмыс күн ішінде алу керек.

Мемлекеттік қызметті алу үшін екі немесе одан көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін қызмет беруші оның орындалу мерзімі 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартады, бірақ ол туралы өтініш иесіне 3 күн ішінде хат жолдау немесе телефон шалу арқылы ескертеді.

Сонымен қатар, егер көрсетілген қызметті алушы жоғарыда аталған құжаттарды толық ұсынбаса, көрсетілетін қызметті берушілер оның өтінішін алудан бас тарта алады  және осы бас тарту туралы оған қолхат береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдану тәртібі  туралы айтатын болса, шағым жазбаша нысанда, электронды түрде, не кеңсе арқылы қолма-қол да қабылданады.

Шағым кеңседе тіркелген болса, ол шағымның қабылданғаны болып табылады. Егер шағымданушы кеңсеге өзі келсе, кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі белгіленген, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген талон беріледі.

Шағымда шағымданушының аты-жөні, қолы және тұрғылықты орны, ал заңды тұлға болса, атауы, мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетілуі керек.

Шағым тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

Ал егер мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен болса, шағым тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметтіалушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғмарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы  көрсетілетін қызметті берушінің-  www.mks.gov.kz  интернет ресурсында көрсетілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері  жөніндегі байланыс телефоны -74-04-85.

Сондай ақ, аталған мемлекеттік қызмет туралы мәліметтер, есептер туралы облыс бойынша осы қызметтің көрсетілуін бақылайтын «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің kultura.zhetisy.gov.kz сайтынан да біле аласыз.

 

  Сережанова Гульмира Казкеновна,
Қаратал филиалының
   архивисті
Бастау газеті № 11 басылым 16.03.2018 ж

 

«Латын әліпбиі – рухани жаңғырудың негізі»