KZ | RU
RSS

Навигация

Информация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Капшагайский филиал

Капшагайский филиал КГУ «Государственный архив Алматинской области»
 
Адрес, контакты: 040800, Алматинская область, г. Капшагай,ул. Жамбыла, 13
тел./факс: 8 (72772) 4-22-54
 
Прием граждан:
Ежедневно (кроме субботы, воскресенья)
С 9-00 до 18-00 ч.

 
Директор - Базаркулова Айман Ерлановна
 

Базаркулова Айман Ерланқызы родилась 17.04.1984 года в Алматинской области, Балхашский район, с. Коктал. Национальность казашка. Замужем, 3 детей. 1996 году переехала в город Капшагай, в 1999 году поступила в профессионально-техническую школу № 20 города Капшагая и в 2002 году окончила полный курс с получением диплома среднего образования по профессии «Оператор ЭВМ». 2002 году поступила в Казахский национальный университет имени Аль-фарабии в 2007 году окончила полный курс с получением диплома специальности «прикладная экология». В феврале 2010 года устроилась на работу архивистом в Капшагайский филиал ГУ «Государственного архива Алматинской области» в настоящее время работаетв должности директора Капшагайский филиал КГУ «Государственного архива Алматинской области». В ноябре 2015 года поступила на заочный годичный курс профессиональной переподготовки по «Архивоведению» в Всероссийский научно-исследовательский институт документоведения и архивного дела.


Характеристика фондов

Капшагайский филиал КГУ «Государственный архив Алматинской области» хранит документы, образовавшиеся в деятельности учреждений, организаций и предприятий, существовавших и существующих в городе Капшагай и Капшагайского региона.

На данный момент в архиве Капшагайского филиала хранится 87 фондов 17 963едениц хранения. Из них:управленческие документы 39 фондов 12828 едениц хранения, по личному составу 44 фондов 5020едениц хранения, по личному прохождению 4 фондов 115 едениц хранения. Хронологические рамки 1932 - 2016 годы.

В архиве сосредоточены документы постоянного хранения: управленческая документация, фонды личного происхождения, которые содержат документы почетных граждан города внесших значительный вклад в развитие истории края (4 фонда, 115 дела), документы личного состава, фотодокументы отражающие социально-культурную жизнь города, интересные факты развития промышленности и строительства города.

Определенный интерес для исследователей вызывают документы строительства первой гидроэлектростанции в городе Капшагай, объединённый фонд «Иртышгэсстрой» за 1963-1992 годы в количестве 1407 единиц хранения, так же документы фонда «Балхаш-Илиского пароходства» за 1932-1959 годы в количестве 125 единиц хранения.

В систему научно-справочного аппарата архива входят описи, исторические справки к фондам, указатели, каталоги – систематический, именной, картотека по истории учреждений, фотодокументы.


Фондовый каталог Капшагайского филиала госархива Алматинской области на 01.01.2017



История архива

Капшагайский филиал КГУ «Государственного архива Алматинской области» был образован решением исполкома №184 Алма-Атинского областного Совета народных депутатов от 15 апреля 1977 года. Филиал в Капчагае был открыт в целях учета и использования документов архива в интересах народного хозяйства организации районного, городского и сельского звена Илийского, Балхашского, Куртинского района. В апреле 1977 года было выделено в здании Дома Советов г .Капчагая помещение для размещения филиала и велась работа по оборудованию. В ноябре того же года был укомплектован штат сотрудников филиала. С момента создания филиала в штатное расписание входили старший хранитель фондов, архивист, архивариус, хранитель фондов, секретарь-машинст и техничка.

С 1981 года вместо старшего хранителя фондов была утверждена должность директора филиала.

Капшагайский филиал согласно Положения является учреждением Государственной архивной службы и осуществляет руководство архивным делом на территории Капшагайского региона.

В 1991 году в связи с образованием Балхашского районного архива в селе Баканас, документы учреждений, организаций Балхашского района, находящиеся на госхранении в Капчагайском филиале были переданы в Балхашский районный архив. А также 1997 году документы организаций и управлений Узынагашского района были переданы в Узынагашский филиал.В октябре 2010 года документы Илийского района были переданы в Илийский филиал. Фактически с этого года филиал начал работать на наш город и район.

На основании решения акима Алматинской области № 260 от 03 сентября 2013 года филиал (5 ноября 2013 г.) был зарегистрирован в управлении юстиции города Капшагай как Капшагайский филиал коммунального государственного учреждения «Государственный архив Алматинской области» государственного учреждения «Управление культуры, архивов и документации Алматинской области».



Публикации и выставки
 

ІС ЖҮРГІЗУШІЛЕР БАЙҚАУЫ
 
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің және Алматы облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен, архивтің дереккөздер тізіміндегі облыстық мекемелер арасында 2017 жылдың 21 шілдесінде «Үздік іс жүргізуші» атты облыстық байқау Қапшағай қаласының мәдениет үйінде өтті.
Бұл байқау іс жүргізуші мамандардың жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін және мамандарды архив ісін жандандыруға баулу мақсатында өткізілді.
Байқау бес кезең бойынша өтті:
1 кезең- Өзін-өзі таныстыру
2 кезең –Тест сұрақтарын орындау
3 кезең- Іс жүргізушінің шеберлігі
4 кезең – Ауызша сқрақтарға жауап беру
5 кезең – Практикалық сабақ
Байқаудың нәтижесі бойынша 1,2,3, орын бойынша жүлдегерлеранықталып, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысқандары үшін қалған мамандарға да сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
  1. Орынға ие болған - Алматы облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің маманы Абылова Ақмарал Акойовна «Ноутбук» сыйлығын алды;
  2. Орынға ие болған - Алматы облысы бойынша-жер кадастры жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің маманы Бекболатова Гульмира Сайлыбайқызы «Көпфункционалды құрылғы принтер» сыйлығын алды;
  3. Орынға ие болған – Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығынан Аренова Гульмира Нуржанқызы «Сканер» сыйлығын алды.
Байқаудың соңында, жүлдегер мамандар ұйымдастырушыларға осындай байқаулардың болашақта керек екендігін айтып өз лебіздерімен алғыстарын жеткізді.
 
«Алматы облысының мемлекеттік
архиві» КММ Қапшағай
филиалының директоры
Базаркулова Айман Ерланқызы
Нұрлы өлке газеті № 33(442) басылым 18.08.2017 ж
 
 
 
 
«ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ»
 
Қазақтың «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» – деген мақалы бар. Бірақ, күнделікті өмірде жақсы адамдардың адами қасиеттерін, үлгі боларлық істерін көре жүрсек те мән бермейміз, ашық айтпаймыз.
Елбасы өз мақаласында: «Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш. Сондықтан жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп атап көрсетіп, «Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс» деді.
Архив саласында жеке бір адамының немесе отбасының өмір сүруімен және қызмет ету барысында жинақталған құжаттардан тұратын архивтік құжаттарды жеке тектік қор деп атаймыз. Олар қоғам және мемлекет қайраткерлері, көрнекті ғылым, әдебиет, мәдениет және өнер қайраткерлері, соғыс ардагерлері, елімізге, қаламызға облыстарымызға еңбегі сіңген құрметті азаматтар. Жеке тектік қор құжаттарының арасынан өткен жылдардан сыр шертетін, қандай да бір тарихи факт немесе оқиғаның шын мәнінің маңызын ашатын, халқымыздың тарихи-мәдени мұрасының қайталанбас құжаттарды кездестіруге болады.
Қазіргі таңда «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Қапшағай филиалында 4 жеке тектік қор иелері бар. Олар: Валеева Фархинур Мулахметовна - тәрбиеші, «Қарлығаш» балалар бақшасының меңгерушісі, Қапшағай қаласының соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің торайымы, Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі, Қапшағай қаласының құрметті азаматшасы.
Павлов Ливерий Игантьевич - аудандық еңбек ардагері, аудандық және қалалық кеңес депутаты, Қапшағай қалалық соғыс және еңбек ардагерлер Кеңесінің төрағасы.
Әкіш Тоқтар Әкішұлы – Қарой аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, қалалық халықтық бақылау комитетінің инспекторы, бастауыш партия ұйымының хатшысы, Қапшағай қаласының әкімі аппаратының бас маман-аудармашысы. Қапшағай қаласының құрметті азаматы.
Жақиянова Алтыншаш Жұманқызы - ұстаз-ақын, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, көркем-публистикалық жинақтардың авторы, Қазақ Жазушылар Одағының мүшесі.
«Жақсы адам өзіне байлық жинамайды, өздері байлыққа айналады»-деген нақыл біздің қаламыздың құрметті азаматтарына айтылғандай. Қортындылай келсек
архив – мемлекеттің кешегі және бүгінгі тарихының сақтаушысы. Ұлтымыздың кешегісі мен бүгінін құрайтын құнды құжаттарды болашақ ұрпаққа аманат ету міндеті сеніп тапсырылған. Сан ғасырлар бойы тарихымыз жекеленген адамдардың бір-біріне асыл мұра етіп жеткізумен сақталып келгені белгілі. Сондықтанда жекеленген қорлардың құрамына кіретін қолжазбалар, жазбалар, күнделіктер, биографиялық құжаттар және шежірелер тағы да басқаларыда қор құраушының өмірімен шығармашылық қызметі,өмір сүрген ортасы туралы зерттеуде бірден дерек көзі болады. Бұл деректерді жете білу деген сөз тарихтан тағылым алу деген сөз. Соның арқасында тарихтың тағылымы бүгінімізге сабақ, болашағымызға бағдар бола алады. Жеке қорларды зерттеп-зерделеу арқылы сол кезеңнің тарихы шынайы келбетін, тыныс-тіршілігі мен саяси келбетін айқындауға жол ашылады.
Жеке тектік қорда өскелең ұрпаққа ғибраты мен өнегесi мол тұлғаларымыз өткізген құжаттар сақталған.
Сіздердің елімізге сіңірген еңбектеріңізді бағалай отырып құжаттарыңызды келешек ұрпаққа мәні зор екендігін ескере отырып және ол құжаттар архив қорлары үшін аса құнды дереккөз деп есептегендігінен, оның құжаттарына қызығушылық танытып, оның жеке архивінде жинақталған құжаттарын архивке мемлекеттік сақтауға «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Қапшағай филиалына тапсыруларыңызды өтінеміз.
Архив қызметкерлері архивке өткізілген жеке архивтік құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстарын жүргізіп, ол құжаттардың дәл есебін шығарып, олардың архивте толық сақталуымен, олардың ғылыми, тарихи мақсатта қолданылуын қамтамасыз етеді және өзіңізге керек уақытында пайдалануға кепілдік береді.
 
«Алматы облысының мемлекеттік
архиві» КММ Қапшағай
филиалының архивисті
Айдархан Дариға Айдарқызы
Нұрлы өлке газеті № 09 (470) басылым 16.02.2018 ж