KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Дни культуры

Телефоны для справок:
 
Областное управление культуры, архивов и документации тел: 24-16-23
Областной центр народного творчества: тел: 24-43-28, факс: 24-34-07


Бекітемін:
Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама
басқармасының бастығы
_______________А.Әбдуәлиев
«___»_____________2017 жыл
 
«АУЫЛЫМ - АЛТЫН БЕСІГІМ»
атты ауылдық мәдениет үйлері арасындағы облыстық байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

 


1. Жалпы ережелер

1.«Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері арасындағы облыстық байқау Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығы, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімдері арқылы ұйымдастырылады.

Облыстық байқау аудан бойынша қосымша тіркелген кестеге сәйкес 7-30 маусым күндері аралығында өтеді.

Байқаудың қорытындысы ретінде қазан айында, іріктелініп алған көркемөнерпаздардың Гала – концерті облыс оралығында өтеді.


2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- Облыс көлеміндегі ауылдық мәдениет үйлерінің түбегейлі өзгерісін, мәдени өрлеу мен жаңаша өмір жетістіктерін таныстыру;

- Ауылдық мәдениет үйінің, көркемөнерпаздар ұжымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, жеке дауыстағы әншілердің, көркемөнерпаздар ұжымдардың орындаушылық шеберліктерін жан жақты көрсету және дарынды жеке тұлғалардын есімдерін анықтау және оларды насихаттау;

- Ауданаралық, ауыларалық рухани-білімділік, мәдени байланысты нығайтумен қатар барлық ауыл тұрғындарын мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және оларға белсенді қатысуға тарту;

- Жаңа дарындарды жастарды анықтау, өзіндік ерекшеліктері бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларға қолдау көрсету және олардың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау;

- Ауыл тұрғындарының жалпы мәдени деңгейін көтеру, бос уақытын дұрыс пайдалану және эстетикалық тәрбие алуын ұйымдастыру;

- Мәдени аумақтағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

- Қазақстан халқы мәдениетін жандандыру, сақтау, дамыту және тарату;

- Ауыл жастарын ұлтжандылық тәрбие алуына, олардың ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарымен танысуына ықпал ету.


3. Байқаудың өткізілу тәртібі мен шарттары

3. Байқауға төмендегідей номинациялар енгізіледі:

1. «Үздік ауылдық мәдениет үйі»

2. «Үздік ауылдық мәдениет үйінің директоры»

3. «Үздік ауылдық әдіскерлік бөлме»

4. «Үздік ауылдық мәдениет үйінің әдіскері»

5. «Үздік ауылдық өнер ұжымы»

6. «Үздік үйірме жетекшісі»

7. «Үздік өткізілген мәдени-көпшілік шара»

8. «Үздік безендірілген ауылдық мәдениет үйі»


4.Байқаудың негізгі талаптары

4. Қатысушы ауылдық мәдениет үйлері төмендегідей талаптар бойынша бағаланады.

- қатысушы ауылдық мәдениет үйінің төлқұжаттары;

- ғимараттың сыртқы, ішкі безендіру және көгалдандырылуы;

- мәдениет үйінің материалдық-техникалық жағдайы;

- мәдениет үйінің жылдық, тоқсандық, айлық, апталық және 2016-2020 жылдарға арналған стратегиялық жоспарлары мен орындалуы туралы құжаттары:

- мәдениет үйінің қаржыландырылуы және ақылы қызметтің орындалуы;

- әдістемелік бөлменің безендірілуі және іс қағаздарының реттігі, мәдени іс-шаралардың өткізілу сапасы (мәдени шараны түсіріп көрсету арқылы);

- халық шығармашылығын дамыту мақсатында көркемөнерпаздар үйірмелерінің, «Халықтық» және «Үлгілі» атағы бар ұжымдардың жұмысы мен толыққанды құжаттары;

- кадрлардың сапалық құрамы және «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандардың тартылуы;

- қатысушы ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өтетін «Ауылым – алтын бесігім» атты 30 минуттан аспайтын концерттік бағдарламаны ұсыну.

- байқауға қатысушы ауылдық мәдениет үйіне ұсыныс пен өткізілген мәдени шараның түсірілімі, сценариі (ДВД диск, флешка арқылы), 2017 жылғы 1 маусымға дейін әр ауданнан міндетті түрде қабылданады.


5. Ұйымдастыру көмитеті

1) Байқаудың дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

2) Ұйымдастыру көмитеті байқаудың дайындығы мен қатысушылары туралы мәліметтерді жинақтап дайындайды.

3) Ұйымдастыру комитеті байқаудың дайындығы мен өткізілуі барысында туындайтын ұйымдастыру мәселелерін шешеді.


5. Марапаттау

Жеңімпаздарды анықтау сала мамандарынан құрылған қазылар алқасының шешімімен жүзеге асады. Аудандарда ұйымдастырылған байқаудың әр номинация бойынша алған балдық сандарының нәтижесі арқылы жалпы бағасы шығарылады.

Қазылар алқасы жүлделерді бөлуге, дайындық деңгейі төмен қатысушыларға жүлде бермеуге құқылы. Қазылар алқасының шешімі нақты болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

Қазылар алқасының шешімімен номинациялар бойынша 8 жүлделі орындар тағайындалады.

Ұйымдастырушылар:

  • Алматы облысы әкімдігі;
  • Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы;
  • Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы.

 

Ескерту: Байқаудың өтілуі жайында өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланады.
Байланыс телефондары: (7282) 32-45-28; 24-41-61
Факс: 24-34-07
Электронды пошта: aocnt123@mail.ru
 
«Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері арасындағы
облыстық байқаудың өтінім парағы
 
Қатысушы туралы мәлімет
 
1
Қатысушы аудан, елді мекен атауы
 
2
Қатысушы мәдениет үйін ұсынған мекеме атауы
 
3
Қатысушы ауылдық мәдениет үйінің толық атауы
 
4
Қатысушы ауылдық мәдениет үйі директорының аты жөні
 
5
Өткізілген мәдени шараның тақырыбы және неге арналғаны (бейнекамераға түсірілген шара туралы)
 
6
Ұйымдастырушылардың аты жөні, байланыс телефоны, электронды почтасы
 

 

Ескерту:
1. Ауылдық мәдениет үйінде өтетін байқаудың жалпы өту реті,

көрсетілетін концерттік бағдарламасы және бейнекамераға түсіріліп жібірілетін мәдени шараның сценарийі өтінім парағымен бірге қабылданады.



Положение о проведении Дней культуры районов и городов Алматинской области