KZ | RU
RSS

Навигация

Информация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Дворец культуры им. И.Жансугурова

г.Талдыкорган, ул. Тауелсиздик, 67
Директор тел: 24-77-87
Приемная директора тел. 24-77-83, факс: 24-57-42
Бухгалтерия: 24-77-85
Касса (вахта): 24-23-35
 

 

Директор «Дворца культуры им.И.Жансугурова» Акима Алматинской области - Алпысбаев Али Демегенович

 
Али Демегенович Алпысбаев родился  в 1956 году  в селе Елтай, Ескельдинского района, Талдыкурганской области.
 
 В 1975-1979 годах учился в Чимкентском педагогическом  институте  культуры им. Аль-Фараби,
 в 1986-1990 годах  получил знания в Алматинской Государственной Консерватории им.Курмангазы.
        
Али Алпысбаев свой  трудовой  путь начал  с  1979-1983  годы  в  культурно-просветительном  училище  г. Сарканда.
В 1983-1989 годах работал в Детской музыкальной школе  г.Талдыкорган.
1989-1997 годах  преподавал в музыкальном  училище им. К.Байсеитова.
1997-2002 годах главный дирижер и художественный руководитель региональной филармонии им. М.Толебаева.
С 2002 года Али Демегенович занимает должность директора Дворца  культуры им. И. Жансугурова Акима Алматинской области  по приказу № 34/л   04.11.2002 года Управления культуры Алматинской области.
 
 
 
 

 

Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
“Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы” МКҚК

1962 жылы Талдықорған қаласында Қалалық Мәдениет сарайы қолданысқа берілді.

1965 жылы ақиық ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына 70 жыл толуына орай қалалық Мәдениет сарайына Ілияс Жансүгіровтің аты берілді.

2002 жылы Талдықорған қаласы Алматы облысы орталығы болуына орай қалалық І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайына, Алматы облысы Әкімінің «І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы» қазыналық коммуналдық кәсіпорыны статусы берілді.

Мәдениет сарайында штат кестесіне сай 47 адам жұмыс істейді. Олардың – жоғары-25, арнайы орта-11, орта білім-11.

Жас аралықтары бойынша бөлсек 29 жасқа дейін 12 адам, 30-50 аралығында 20 адам, 50 жастан аса 16 адам.

Мәдениет сарайының директоры дирижер, композитор Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, Жетісу мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Талдықорған қаласының және Көксу ауданының Құрметті азаматы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты, Алматы облысының Құрметті азаматы Алпысбаев Әли Демегенұлы.

Мәдениет сарайы жұмысын халық назарына жеткізетін жарнама афишалары қаламыздың 13 жерінен орын алды.

«Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы» МКҚК-ны облыс орталығында өтетін іс- шараларға қызмет көрсетеді.

Өткізіліп жатқан іс-шаралар жоғарғы деңгейде өтеді.

Мәдениет сарайында түрлі іс шаралардан басқа эстрада жұлдыздарының концертері жиі өтіп тұрады, әзіл-сқақ театрлары сияқты елге танымал өнер жұлдыздары Жетісу жұртшылығына өз өнерлерін көрсетіп қайтады. Мемлекеттік мерекелерге қатысты облыс, қала әкімдерінің салтанатты жиындары дәстүрлі түрде өтіп отырады.

Мәдениет сарайы жанынан құрылған «Ардагер» әжелер ансамблі, «Жас таланттар» би ансамблі мен «Жетісу шеберлері» ансамблі және «Жетісу» би ансамблі өз өнерлері мен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген өнер ұжымдары.

1. «Ардагер әжелер» ансамблі облыстық, қалалық іс-шараларға қатысып, үнемі алда жүреді. Көркемдік жетекшісі Курсабаев Азат Қыдырбайұлы. Осы мерзім ішінде ансамбль қалалық мерекелер, байқаулар және концерттерді тәрбиелік мәні зор әндерді, ұлағатты сөздермен әрлеп қала халқына таныла бастады. Олардың ең жасы 1945 жылы дүниеге келген болса, ең қарты 1923 жылы туған. Ширек жылдан астам өмір көрген аналар аптасына екі күн Мәдениет сарайында өтетін үйірмелік дайындыққа қатысады.

Халқымыздың ұлттық мерекесі «Наурыз» мерекесіне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, Конституция күні, Халықаралық 8-наурыз Әйелдер күні, Ұлы Жеңіс мерекелері және тағы басқа іс-шараларға өз үлестерін қосуда.

Әжелер ансамблі репертуарларындағы халық әндері, қазақ композиторларының әндерін ғана орындап қоймай, қазақ халқының салт-дәстүрін, ырым-жоралғыларын насихаттаумен де айналысады.

Әжелер қаламыздағы балабақшаларға да барып, кішкентай бүлдіршіндермен кездесулер өткізіп тұрады.

Тек ән айтумен емес, қол өнерімен де айналысатын, сегіз қырлы шебер әжелер де бар, ою оюды, тоқыма тоқуды, құрақ құрауды сияқты, жүн сабауды да жақсы біледі.

2. Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының жанынан 2002 жылдан бастап “Жас таланттар” (“Юные таланты”) би тобы жұмыс жасауда. Ансамблдің көркемдік жетекшісі Калашникова Ирина Витальевна. Ұжымның оқушылармен жұмысының негізгі мақсаты шығармашылық тұлғаны (адам баласына берілген мүмкіндіктерді байыту ретіндегі шығармашылық ойлау және шығармашылық белсенділік) дамыту, олардың жаратылыстың табиғи қозғалысын тану арқылы әсемдікке, деген сезімдерін тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың материалдарды игеруі және меңгеруі негізінде олардың білімдерін, біліктіліктерін және дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс істеген жылдар бойы өздерінің оқу бағдарламасы қалыптасты. Хореографиялық ұжымның тиімді жұмыс істеуі және шығармашылық жоғары жетістіктерге жетуі үшін сабақ өткізудің нысандары пайдаланылады: топтық нысан (топтар балалрдың жас ерекшелігін ескере отырып қалыптастырылады; бір топта 10-16 балаға дейін болуы мүмкін; топ белгілі бір биге немесе этюдқа қатысушылардан тұруы да мүмкін); ұжымдық нысан (мұндай нысан жиынтық дайындықтар өткізу, жас ерекшеліктері әртүрлі топтар қарастырлған билер қойылымдары үшін пайдланылады); жеке нысан (солистермен, аса дарынды балалармен жұмыс, сондай-ақ мұндай нысан өткен материалды игере алмай артта қалып қойған балаларға да қажет).

“Жас таланттар” бишілер тобы көптеген облыстық, қалалық іс-шараларға қатысып, ат салысып тұрады.

«Жас таланттар» ұжымы қаланың түрлі мерекелік шараларына, атап айтқанда Рождественская бағдарламасына, 8 наурызға арналған меркелік концерттерге, «Наурыз» мейрамы, 1 мамыр және 9 мамыр Жеңіс күні құрметіндегі концерттерде, Талдықорған қаласының күні және Астана күні құрметіндегі салтанатты мерекелерде өнер көрсетті. Ұжым Мәдениет сарайында өткізілетін жаңажылдық ертеңгіліктерді өткізуге көмектесті, сонымен қатар ардагерлерге, мүмкндіктері шектеулі балалрға арналған қайырымдылық концерттеріне, аз қамтылған отбасыларындағы балаларға арналған «Мейірімділік» қайырымдылық жобасына қатысты.

3. «Жетісу шеберлері» ансамблі көптеген іс-шараларға өз үлестерін қосуда. Ансамблдің көркемдік жетекшісі Жоғарғы оқу орнының үздігі, доцент Мустафин Болат Ахмедиұлы. Ансамблдің құрамы үнемі толықтырылып жаңартылып отырады, қазірде құрамы 20-ға жетеді. «Жетісу шеберлері» ансамблі жастар арасынан дарынды, шебер орындаушыларды қызықтырып, өз қатарына тартып, үнемі ұжымын толықтырып отырады. Бүгінде, ансамблдің негізгі құрамы Қ.Байсейітов атындағы музыкалық колледжі және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің түлектерінен құралған.

Ансамбльдің концерттік репертуарында аспапты шығармаларында 31 шығарма, ал әндік шығармада 21 шығарма бар. Ансамбль домбыра, қобыз, қылқобызда, саз сырнайда, шаңқобыз бен үрмелі аспаптарда ойнайды.

 

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің «І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының 2018 жылға атқаратын іс-шаралар ЖОСПАРЫ