KZ | RU
RSS

Навигация

Информация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Информация о проделанной работе

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және оған қарасты архив мекемелерінің 2018 жылдың 1 тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтері туралы есебі

 

1. Жалпы ережелер

1) «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі реттік № 645, коды 02303006), мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 «Мемлекеттік қызмет тізілімін бекіту туралы» қаулысының негізінде Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы көрсетеді. «Архивтің анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 «Мемлекеттік қызмет тізілімін бекіту туралы» қаулысының негізінде (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі реттік № 635, коды 02302003) Алматы облысының аумағында орналасқан 19 архив (тізімдері қоса беріледі) көрсетеді.

Басқармаға қарасты облыс бойынша Талдықорған мемлекеттік және Алматы облысының мемлекеттік архивтері және оған қарасты 17 аудандарда орналасқан филиалдары бар.

2018 жылдың 1 тоқсанында мәдениет және архив саласы барлығы 7756 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Архив мекемелері тақырыптық 43 сұраныстардың 32 оңды, 6 теріс жауаппен орындалып, 5 сұранысты басқа архивтер мен мекемелерге жолданды. 7756 әлеуметтік-құқықтық сұранымның 5697 оңды, 1327 теріс жауаппен орындап, 728 сұранысты басқа архивтер мен мекемелерге жолданды. Қазақстан Республикасы СІМ және Консулдық қызмет департаментінен келген 4 сұранымның 1 оңды, 3 теріс жауаппен орындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі –ҚБЭМ АЖ) құруды облыс бойынша архив мекемелері 2015 жылдың 18 ақпанынан бастап электрондық жүйеге енгізуде. Аталған жоба шеңберінде Ұлттық архив қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жиынын (каталогын) электронды форматқа бүгінгі таңға 59 қордың 74 тізімдемелері және 7381 сақтау бірліктері енгізілді.

Ағымдағы жылдың 27 ақпан - 2 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президент архивінің ғимаратында «Ақпараттық және әкімшілік техналогиялар институты» ЖШС-нің ұйымдастыруымен «Электрондық архив» тақырыбында өткен оқуға облыстық мемлекеттік және Талдықорған мемлекеттік архивтерінің 3 қызметкерлері оқып арнайы сертификаттар алды.

Талғар филиалына Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округінен жаңа ғимарат сатып алынды.

Облыс бойынша Ескелді және Көксу аудандарында архив филиалдарын ашу жоспарда.

Басқарма маманы облыстық мемлекеттік архивінің Ақсу, Сарқан филиалдарында «Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік қызмет көрсетілуі туралы жұмысына кешенді тексеріс өткізді.

Әр түрлі тақырыптарда 28 мақалалар дайындалып, БАҚ-да жарияланды. Оның ішінде архивтік анықтамалар беру бойынша 5 мақала, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен 4, сонымен қатар, мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәліктерін беру бойынша 1 дөңгелек үстелдер өткізілді.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік берілген жоқ.

Басқарманың сайтымен 6200 келушілер танысып, пайдаланды. Сайт жаңалықтармен үнемі толықтырылып тұрады. Бүгінгі таңда сайттың виртуалдық қабылдауына түскен 6 сұрақтарға толық жауап берілді. Басқарманың сайтында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бейнеролик және инфографиканың презентациясы орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер (Стандарттар пен Регламенттер көшірмелері, сонымен қатар қызметтің ақысыз тегін екені туралы ақпарат) туралы стенд және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым» атты мазмұнда аудан, қала бойынша архивтердің және басқарманың дәліздерінде стендтер әзірленіп, ілінді.

Есептік уақыт ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша заңын бұзу фактілері анықталмады.

2018 жылдың 1 тоқсанында көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша басқармаға қарасты мекемелердің мамандары біліктілігін арттыру курстарынан өткен жоқ.