KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Видеотека









Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Областной центр народного творчества

Мәдениет – кез келген халықтың рухани қазынасы. Ол халық болып қалыптасып, ұлт ұйыған жерде ғана пайда болады. Адамзат өмірінде мәдениет пен өнердің алар орны әрдайым ерекше. Олардың өнерін бағалайтын – халық. Сондықтан, адамзат қоғамын түсіну үшін олардың мәдениетін түсіну қажет, себебі мәдениет дегеніміз  — қоғамның негізгі болмысын құраушы.

«Мәдени қызмет – мерейлі міндет» демекші, облысымыздың барлық елді-мекендерінде еңбек етіп жүрген мәдениет қызметкерлері мемлекеттігімізді нығайтуға және дамытуға баға жетпес үлестерін қосып келеді. Қоғамда тұрақтылық пен келісімді сақтап қалуда, мәдениет үйлері мен шығармашылық ұжымдардың орасан еңбектері зор.

«Өнер - ұлттың жаны» дейтін дана халқымыз, елді­гі­міздің басты нышаны - өнеріміз бен мәдениетімізді, тіліміз бен салт-дәстүрімізді ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп жүрген Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан көпшілік мәдени шаралар халқымызға берілетін рухани азық қана емес, ұлтымыздың алтын қазынасына айналған ұлы есімдер мен мол мәдени мұрамызды сақтап қалуға қосқан мол үлесі деп білемін.

Елбасымыз атап көр­сеткеніндей, «Халық шығармашылығы - қазіргі за­ман­ғы адамды қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін әлеуметтік жаңғырудың маңызды бөлігі болып та­былады». Демек, кез келген ел өнерімен, мәде­ниеті­мен танылып, бағаланатыны анық. Шығармашылық ұжымының облыста атқаратын көлемі мәдени шаралары Жетісу жұртының рухын кө­теріп, адамзат баласына шексіз қуаныш, зор мақтаныш сыйлап, халқы­мыз­дың мәдени талғамы мен танымын қа­лып­тастырып, елі­міз­дің әлеу­меттік-ру­ха­ни құндылықтарын әлем­ге паш ету жолында аянбай еңбек етуде.

 

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

Іргетасы 1939 жылы қаланған республикалық халық шығармашылығы үйінің жанынан Алматы облыстық халық шығармашылығы үйі болып құрылды. Екеуінің де бірінші директоры Ғабит Мүсірепов болды. 1999 жылға дейін мекеме «Алматы облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру ғылыми-әдіскерлік орталығы» болып аталды. Ал 1999 жылдың 29 наурызында шыққан Алматы облысы әкімінің № 3-92 шешімінің негізінде мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы» болып қайта құрылды. Соғыс жылдарында бір мезгіл жабылып, 1946 жылы қайта ашылған ұжымға әр жылдары Ғ.Мүсірепов (жазушы), Т.Жағыпаров (жазушы),  С. Елеусізов (режиссер), Ә. Құлданов (режиссер),  Ж. Оспанов (журналист), Н. Базарбаев (музыкант), Б. Бұланбаева (хормейстер), Н. Краузе (клуб қызметкері), Е.Әлімқұлов (әдебиетші), Т. Қасымов (режиссер), С. Жабықбаев (театр әртісі), К. Темірбаев (театр әртісі), З. Сайдильдина (журналист), Б. Шакиева (педагог), С. Ахмадиева (клуб қызметкері), Е. Кенжебаев (театр әртісі), Т. Алшабеков (дирижер, домбырашы), Е. Әлімқұлов (әдебиетші), Қ. Сүлейменов (музыка пәнінің мұғалімі) басшылық жасап, ұлт өнерін өгейсіткен жоқ.


МЕКЕМЕЛЕР ЖЕЛІСІ

Халық шығармашылығы орталығының негізгі міндеті – облыстағы мәдени ошақтар мен өнер ұжымдарының жұмысын бір жүйеге келтіріп, мәдениет басқармасымен тікелей байланыстыру.

Облыстық халық шығармашылығы орталығында 29,5 штат бірлігімен  30 адам жұмыс істейді.

Халық шығармашылығы орталығы 5 бөлімнен құрылған:

- әкімшілік-басқару бөлімі;

- мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, экономикалық жоспарлау және қаржы бөлімі;

- халық шығармашылығы мен мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі;

- мониторинг және әдістемелік іс-тәжірибе бөлімі;

- техникалық жабдықтарды пайдалану жөніндегі бөлім.

Халықтың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бірталай іс-шаралар жасалынды, олардың көбі келісім-шартпен ақылы түрде өткізілді. Қазіргі таңда ҚР мәдениет қайраткері Доланғаранов Ермек Әбілқасымұлы басшылық ететін орталық құрамында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 243 мәдениет үйлерi мен клубтар бар. Олар 1 облыстық Мәдениет сарайы, 2 қалалық мәдениет үйi, 16 аудандық мәдениет үйi, 215 ауылдық мәдениет үйi мен клубтар, 9 зағиптар мен саңыраулар  клубы. Бюджеттен қаржыландырылатын 243 мәдениет үйлерiнде 1081 көркемөнерпаздар үйiрмелерi жұмыс iстейдi, оған қатысушылар саны –  15 252 адам. Барлық мәдениет үйлері мен клубтары қосылғанда 2014 жылы ақылы қызметтен 39 млн. 401 мың. 552 теңге қаржы түсірді.

Облысы көлеміндегі 16 аудан, 3 қала орталықтарында халыққа қызмет көрсететін мәдениет үйлері.



Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының  2015–2016 жылдар аралығында өткізілген мәдени шаралары

1939 жылы Республикалық халық шығармашылығы үйінің жанынан Алматы облыстық халық шығармашылығы үйі болып құрылды. Екеуінің де бірінші директоры Ғабит Мүсірепов болды. Соғыс жылдарында жабылып, 1946 жылы қайта ашылған.

1999 жылға дейін мекеме «Алматы облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру ғылыми-әдіскерлік орталығы» болып аталды.

1999 жылдың 29 наурызында шыққан Алматы облысы әкімінің № 3-92 шешімінің негізінде мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы» болып қайта құрылды.

Бүгiнгi күнде Алматы облысында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 246 мәдениет үйлерi мен клубтар бар. Олар: 1 облыстық Мәдениет сарайы, 3 қалалық мәдениет үйi, 16 аудандық мәдениет үйi, 217 ауылдық мәдениет үйлерi мен клубтары, 9 зағиптар мен саңыраулар клубтары. Бюджеттен қаржыландырылатын 246 мәдениет үйлерiнде 1339 көркемөнерпаздар үйiрмелерi жұмыс iстейдi, оған қатысушылар саны- 17 667.

Облыстық халық шығармашылығы орталығы жұмыстарының негізгі бағыттары:

1. Әдіскерлік жұмыс: облыстағы барлық мәдени-демалыс мекемелеріне, көркемөнерпаздар ұжымдарына, әуесқойлар үйірмелері мен ұлттық-мәдени орталықтарға әдіскерлік көмек көрсетіп, жұмыстарының бағыт-бағдарын ұйымдастыру. Әдіскерлік ұсыныстар, құралдар, бағдарламалар жазу, үздік іс-тәжірибелерді тұжырымдап, таратып отыру. Басқа облыстармен, республикалармен тығыз байланыс жасап, олардың жаңа іс-тәжірибесін мәдениет мекемелеріне таратып отыру. Бастамаларды іздестіру, алдыңғы қатардағы тәжірибелік жұмыстарды жинақтау және насихаттау;

2. Көпшілік демалыс шараларды ұйымдастырып, өткізу: облыс орталығында мемлекеттік және ұлттық мерекелерге, мерей тойларға арналған ірі шараларды өткізу, конкурс, байқау, фестивальдарды ұйымдастыру, алдыңғы қатарлы тәжірибелік мектептер мен шеберлік кластарды ұйымдастыру және өткізу, «Халықтық» атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарын толықтырып, есеп беру концерттерін ұйымдастыру;

3. Қазақ және басқа халықтардың мәдени және рухани мұрасын насихаттау, ұлттық әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қайта жаңғыртып дамыту, халық шығармашылығын дамыту;

4. Халық шығармашылығының негізгі және болашақ бағыттарын, мәдени демалыс қызметінің жаңа тиімді әдістері мен түрлерін, мәдени сауықтыру, шоу-бизнесті дамыту және жетілдіру;

5. Сауықтандырудың біртума үлгісі мен мәдени сауық өткізу мекемелерінің жаңа түрлерін енгізу;

6. Мәдени-демалыс мекемелері қызметкерлерінің білімін жетілдіру:

мамандық-біліктілікті арттыратын курстар, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, әңгімелер, шығармашылық лабораториялар, стажировкалар мен кеңестер ұйымдастыру, мәдени-демалыс мекемелерінің жұмысын ұйымдастыруда кеңес-консультация беру, аудандық мәдениет үйлерінің әдіскерлік бөлмелерінің жұмысына көмектесу.

7. Баспа жұмысы: үздік іс-тәжірибелердің тұжырымдамаларын, әдіскерлік құралдарды, әуесқой сазгерлер шығармаларының, жергілікті ақын-жазушылардың жинақтарын, суретшілердің каталогтарын баспа арқылы жарыққа шығару;

 

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблея жылы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы тойланды. Мәдениет үйлерінің саны – 246. 32030 мәдени шара өткізілді. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткен ақиық ақын М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден және өлеңдерін оқудан «Жырлайды жүрек» атты облыстық ән-жыр байқауы, облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бастау алуына» байланысты салтанатты синхрон-акциясы, Ұлы Жеңістың 70 жылдығына арналған «70 жұлдызды күн» акциясы аясында «Ұлы жеңіске, мың тағзым» мерекелік шараның салтанатты ашылуы өтті.

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы аясында «Мәңгілік ел» облыстық ақындар айтысы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» айдарымен облыстық патриоттық әндерді орындаушылар байқауы, Мұқан Төлебаев атындағы ІІІ Республикалық «Алтын таяқша» дирижерлар, «Кестелі орамал» вокалистер байқауы, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының 3-ші облыстық кезеңінің марапаттау рәсімі, түркі халықтар арасындағы беделді шара болып табылатын «Bala Turkvizyon-2015» І Халықаралық балалар әндері конкурсының Ұлттық іріктеу кезеңі болып өтті.

26-28 тамыз күндері аралығында Қорғас - Жаркент – Шонжы - Еңбекшіқазақ, Талғар ауданы - Алматы қаласы - Қарасай ауданы, Үшқоңыр - Жамбыл ауданы – Қордай – Шу (Мерке) - Тараз бағытында жүретін керуенді Панфилов ауданы Қорғас шекарасында қарсы алу шарасы өтті. Бұл шара Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қытай Халық Республикасының Шэньси провинициясынан Қазақстанға Ұлы Жібек жолымен сапарға шыққан керуенді қарсы алуға арналды. «Өрісің өркендесін, Қазақстан!» айдарымен Қазақстан халқы Ассамблея жылы аясында Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауымен ұштастырылып, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналып 8 аудан 1 қаланың қатысуымен дәстүрлі Алматы облысының аудан, қала мәдениет күндері ұйымдастырылды. Сүйінбайдың 200 жылдығына арналған «Сөздің пірі - Сүйінбай» атты Халықаралық ақындар айтысы, Жамбыл аудандық мәдениет үйінде «Текті сөздің төресі - терме» атты Республикалық жыршы-термешілер байқауы, Халықаралық «Жыр сүлейі- Сүйінбай» атты ғылыми-тәжірибелік конференция, туған жері Қарақастек ауылында Саябақтың ашылуы, ескерткіштің ашылуы өтіп, ас берілді.

Облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізілген дәстүрлі ХІІІ «Жетісу жұлдыздары - 2015» байқауы, Қазақстанның халық артисі Қанабек Байсейітовтың 110 жылдығына, Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының 40 жылдығына арналған облыстық халықтық театрлар фестивалі, Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы аясында «Өрісің өркендесін, Қазақстан!» атты Алматы облысының аудандары мен қалаларының мәдениет күндері өткізілді.

2016 жыл ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл, Ұлт Азаттық көтерілісіне 100 жыл, халық ақындары Жамбыл Жабаев 170 жыл, Қалқа Жапсарбаев 130 жыл, Қуат Терібаев 125 жыл, Әсімхан Қосбасаров 100 жыл, Әбікен Сарыбаев 90 жыл, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновке 110 жыл, Дәнеш Рақышевқа 90 жыл, Зылиха Тамшыбаеваға 75 жыл, Марфуға Айтқожина, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Арынов, Сайын Мұратбековке 80 жыл. Мәдениет үйлерінің саны – 246. 33000 мәдени шара өткізілді. М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналаған ІХ «Жырлайды жүрек» облыстық әншілер байқауы, Қазақстанның халық артисі, әнші Зейнеп Қойшыбаева атындағы «Жауқазындай жайдарлы үн» облыстық жеке әншілер байқауы, мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты мәдени шара, ҚР Еңбек сіңірген артисі, күйші Рахым Тәжібаевтың 70 жылдығына «Күй құдіреті – ұрпаққа мұра» облыстық күйшілер байқауы, Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған Республикалық жас ақындар айтысы, «Тарихқа тағзым» атты Республикалық жыршылар байқауы, «Ғасырлар үні» облыстық фольклорлы-этнографиялық ансамбльдер байқау-фестивалі, Кеген ауданы, Қарқара жайлауында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерістің 100 жылдығына арналған «Тарихқа тағзым» атты мәдени шаралар, ғылымы-тәжірибелік конференция, театрландырылған қойылым, аудан орталығында монументалды ескерткіш кешенінің ашылу салтанаты және «Ереуілтөбе» басына гүл шоқтары қойылып, бабалар рухына құран бағышталды. Салтанатты жиынның соңы асқа ұласып, дүбірлі бәйгемен тәмамдалды. Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, ақын Марфуға Айтхожинаның 80 жылдығына арналған «Бауырлар! Қалайсыңдар, қалайсыңдар?» шығармашылық кеші, Республикамызға белгілі айтыскер ақын Қаныша Раисованың 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші, халық ақыны Қуат Терібаевтың 125 жылдығына арналған облыстық «Өмір жырым» атты ақындар айтысы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Егемендік – елдігім, Тәуелсіздік - теңдігім» атты Алматы облысының аудандары мен қалаларының мәдениет күндері, облыс әкімінің жүлдесі үшін өтетін облыстық «Жетісу жұлдыздары - 2016» балалар шығармашылығы байқауы, белгілі қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваның туғанына 80 жыл толуына байланысты республикалық жыр мүшәйрасы, Қазақстанның Халық артисі, әнші, композитор Дәнеш Рақышевтің 90 жылдығына арналған «Рухы Дәнеш жаңғырады, ұрпағы арнап ән салады» облыстық дәстүрлі әншілер байқауы, ғылыми-тәжірибелік конференция, ақын, қоғам қайраткері, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы Олжас Сүлейменовтың 80 жылдығына арналған мәдени шара, «Тәуелсіздіктің асулары» ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылды.