KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Жер жәннаты – Жетісу

«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ, «Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры» МКҚК

«Жер жәннаты – Жетісу» республикалық драмалық шығармалар байқауының

Е р е ж е с і

 

 

 

1. Жалпы Ереже

2017 жылдың қараша айында өтетін «Жер жәннаты – Жетісу» республикалық драмалық шығармалар байқауы, Жетісуда өткен тарихи оқиғалар мен осы өңірден шыққан ақын-жазушыларды дәріптеп, халыққа насихаттауды мұрат тұтады. Сонымен қатар бұл байқау, бүгіннің ең өзекті мәселесіне айналған дәстүрлі емес діни ағымдар мен кенде қалып отырған балалар драматургиясын дамытып, осы тақырыптар негізінде жазылған драматургиядағы жаңа шығармалар легін қалыптастырып, жаңа заман драматургиясына оқырман мен көрермен назарын аударту мақсатында өткізіледі.

 

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

• Жетісу өңірінде өткен тарихи-саяси оқиғаларды, мәдениет пен өнер қайраткерлерін халық арасында кеңінен насихаттау;

• дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға әсерін азайту;

• кенже қалған балалар драматургиясын дамыту;

• бүгіннің эстетикалық талабына сай драмалық шығармалардың жаңа формаларын табу, олардың дүниеге келуіне ықпал жасау;

• мәдениет пен әдебиет әлеміне үлесін қосып жүрген жазушылар мен драматургтердің шығармашылығын дамыту, оларға қолдау көрсету;

• тарихи-мәдени мұраларға театралдық және мәдени жұртшылықтың назарын аудару;

• жас ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу;

 

3. Драмалық шығармаларды бағалау критерийі:

Қазылар алқасы байқауға келіп түскен қаламгерлердің шығармашылық өтініштері мен пьесаларды мынадай өлшемдер бойынша бағалайды:

• тақырыптың мазмұнын толық ашу;

• шығарманың өзектілігі, жаңашылдығы;

• ойлау дербестігі, авторлық ұстаным, баяндау реттілігі;

• драматургиялық материалдың көркемдік маңызы;

• тұтастық (ойдың, форма мен мазмұнның тұтастығы);

• кішкентай бүлдіршіндердің дүниетанымы мен қиялына түсінікті образдар;

•шығарма идеясы мен стилінің безендіру құралдарымен гармониялық үйлесімдігі;

 

 

 

4. Қазылар алқасы мүшелерінің құрамы:

Қазылар алқасының құрамын ұйымдастыру алқасының ұсынысымен облыстық Мәдениет басқармасы бекітеді. Шығармаларды еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылары мен драматургтері, театр сыншылары, театртанушылары сараптайтын болады.

• Байқаудың жүлде қорын қайта бөлуге құқылы;

• Жүлде қоры бекітілген шығыстар сметасына сәйкес бөлінеді;

• Жүлде қорын тағайындау туралы қазылар алқасының шешімі ашық дауыспен қабылданады және қазылар алқасының барлық мүшелері қол қоюға тиісті хаттамамен рәсімделеді;

• Қазылар алқасының шешімі байқаудың жабылу салтанатында жарияланады, түпкілікті болып табылады және қайта қарастырылмайды;

• Заңды және жеке тұлғалар Ұйымдастыру комитетінің келісімі

бойынша арнайы сыйлықтар тағайындай алады;

 

5. Жеңімпаздардымарапаттау:

Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен, орындар бойынша жүлделер мен арнайы аталымдар бойынша және құнды сыйлықтармен марапатталады.

 

6. Қатысу шарттары:

• шығармашылық байқауға барлық тілек білдірген тұлғалар қатыса алады;

• байқуға қатысам деушілер 2017 жылдың 10 қазанына дейін туындыларын ұйымдастыру алқасына тапсыруы керек;

• шығарма лақап атпен қабылданады (псевдониммен);

• пьеса келесі жанрлар бойынша жазылуы шарт;

драма

трагедия

комедия

ертегі

• автордың толық аты-жөні және өмірбаяны арнайы бөлек конвертте жолдануы тиіс;

• жұмыстар мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады.

• талаптарда көрсетілген байқау тақырыбына сәйкес келмейтін, ұсынылатын мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен материалдар байқауға жіберілмейді;

• қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және қайта қарауға жатпайды;

7. Ұйымдастыру комитеті:

• Байқауды дайындау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрамы Алматы облысы әкімдігінің шешімімен бекітіледі;

• Ұйымдастыру комитеті байқауды дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады;

• Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады;

• Ұйымдастыру комитеті мүдделі ұйымдармен байқауды дайындау және өткізу мәселелері бойынша өзара әрекет етеді;

• Ұйымдастыру комитеті байқауды дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

• Ұйымдастыру комитеті қаламгерлердің өтінімдері және драмалық шығарманы қарау негізінде байқауға қатысушылардың құрамын анықтайды;

 

8. Байқауды ақпараттық жариялау:

• Байқау жұмысын кең көлемде насихаттау мақсатында Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына қажетті материалдарды ұсынады;

• Ұйымдастыру комитеті қазылар алқасы мен байқаудың басқа да қатысушыларының қатысуымен баспасөз конференциясын ұйымдастырады;

 

9. Өтінімдер ұсыну:

Байқайға қатысу үшін қатысушылар өтінімді 2017 жылдың 10 қазанына дейін ұсынуы қажет. Өтінім еркін түрде жолдансын.

Өтінім электрондық түрде biken2006@mail.ru мекен-жайға ұсынылуы керек немесе келесі телефондар бойынша байланысуға болады:

Анықтама телефоны: 8 (7282) 24 50 46, 24 18 62