KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Публикации и выставки

Халық жүрегінен шығып, сынынан өткен – Ата Заң!

 

«Конституция» - күні елімізде айрықша аталып өтілетін мерекелердің бірі. Ата заңды ардақтайтын асыл ойларымды, Елбасыға деген зор құрметім асқан сүйіспеншілігімді жеткізуді мақсат тұтқан жанмын.

Өйткені, елге етене жақын Елбасының алыстан ойлайтын алғырлығына, күрделі істердің күрмеуін тез шеше білетін кемеңгерлігіне, кемел ойлылығына қайран қаласыз. Қасиетті Қарасай жерінде туып, күллі әлемді аз уақыт ішінде тамсандырған. Елбасының арқасында елеулі істер атқарылып келеді .

Конституция - егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден – бір құжат.

Қазақстан Республикасының Конституциялық дамуының екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған, биыл қабылданғанына 20 жыл толған Конституция әлемдік стандартқа сәйкес келетін саяси-экономикалық және әлеуметтік мәнге ие.

1995 жылы тәуелсіз Қазақстанның Конституция қабылдауы елдің әлеуметтік, құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде тез дамуының жаңа мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік ашылды.

Конституция әртүрлі қоғамдық – саяси субъектілерге қарама – қайшы мүдделерінің тепе – теңдігіне қол жеткізу тетігін анықтаудағы және жүзеге асырудағы рөлі мен жауапкершілігін, олардың жалпыға ортақ игілікке жетудегі жалпы мүдделермен үйлесуін белгілейді.

Ата Заңымыз қабылданған 20 жыл ішінде ауданымызда«Үдемелі индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде 3 ірі жоба іске қосылады. Олар «Медеу-Коммерц» серіктестігінің 750 басқа арналған сүт фермасы, «Terra Nova» компаниясының минералды сусын шығаратын зауыты және «keiun-kazpharm» серіктестігінің дәрі дәрмек шығаратын кәсіпорны. Өндірістік орындар таза отандық өнім өндіріп, көп адамға жұмыс ұсынады.

«Қол жетімді баспана 2020» бағдарламасы бірнеше қоныс тойын тойлауға себеп болды. Қаскелеңдегі «Алтын ауыл» шағын ауданында 64 пәтерлі 8 қабатты үй қолданысқа берілді және Исаев ауылымен Шамалған бекетінде 10 тұрғын үйдің кілті иелеріне табысталды, сонымен қатар емдеу саласындағы елеулі оқиға- аудандық ауруханаға қосымша 60 төсектік перзентхана ашылды, Қырғауыл ауылының тұрғындары жаңа амбулаториға қолдары жетті. Білім саласында жаңалықтар баршылық. Қарасайда 21 мектептің оқушылары 3 аусымда оқып жатыр, мәселені бірте-бірте шешу мақсатымен 4 мектептің құрылсы басталды. Олар Қаратөбе, Үшқоңыр, Қошмамбет және Шамалған бекетінде бойы көтереді.

2014 жылдың сәуір айынын бастап, «Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай филиалы өз жұмысын бастады.

Ата заңымызда көрсетілгендей«Мұрағаттық анықтамалар беру» регламентін бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылдың 16 шілдедегі № 255 қаулысның негізінде «Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай филиалы даәлеуметтік-құқықтық сұраныстарды мемлекеттік және орыс тілдерінде заңды күші бар мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық үзінділер, мұрағаттық көшірмелер береді. Сұраныстардың басым көшілігі тақырыптық сұранымдар, еңбек өтілімен еңбекақысының мөлшері және аудан әкімінің шешімдері мен қаулылары. Бұл сұранымдар мен регламентте көрсетілгендей 14 күнтізбелік күннен кешіктірілмей орындалады.

Тәуелсіздік – ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлы құндылықтарымызды: ділімізді, тілімізді, дінімізді жаңғыртуға мүмкіндік берген асыл қазына.

Бұл- менің елім, бұл менің Қазақстаным, баршамыздың – Мәңгілік еліміз! Сол еліміз жасасын!

 

 

Қарасай филиалының
мұрағатшысы С. Айтжан