KZ | RU
RSS

Навигация

Информация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Карасайский филиал

Карасайский филиал КГУ «Государственный архив Алматинской области»
 

040909, Алматинская область, Карасайский район, село Алмалыбак, улица Шегебаева 21/1,
тел: 8 /72771) 53-1-77
 
Прием граждан:
Ежедневно (кроме субботы, воскресенья)
с 9-00 до 18-00 ч.

 

Директор - Молдабекова Маржан Жанболатовна

родилась 26 июня 1976 года в поселке Политотдел (ныне Жалпаксай) Каскеленского района (в данное время Карасайский район) Алматинской области.

1982-1993гг. средняя школа п. Алмалыбак.

1993-1997гг. университет «Кайнар» факультет международного права.

1998-2004гг. – «Казахская академия транспорта и коммуникаций им. М.Тынышпаева» лаборант, старший лаборант, ассистент, старший преподаватель.

2010-2011гг. – Руководитель отдела кадров в ТОО «Ден-СтройСервис».

04.05.2014г. КГУ «Государственный архив Алматинской области» - принята архивистом в отдел «Научно-справочного аппарата и использования документов». 01.10.2014г. Переведена начальником отдела «Научно-справочного аппарата и использования документов». 12.01.2015г. переведена директором в Карасайский филиал.

Замужем.



Характеристика фондов

На 01.04.2018 год в филиале хранится 30875 единиц хранения, из них 20089 единиц хранения управленческой документации, 10786 единиц хранения по личному составу. Всего 126 фондов.

В 2017 году на государственное хранение приняты 503 единиц хранения. Из них 58 единиц хранения управленческой документации, 445 единиц хранения по личному составу. Открыто 5 новых фондов и произведен дополнительный прием в существующие 2 фонда.

По приему документов личного происхождения ведется работа.

Фондовый каталог Карасайского филиала госархива Алматинской области на 01.01.2017г.



История архива

По приказу генерального директоракоммунального государственного учреждения «Государственный архив Алматинской области» 06января 2014 года был образован Карасайский филиал КГУ «Государственный архив Алматинской области в с.Алмалыбак.

Филиал осуществляет следующие виды деятельности:

  • отбор и прием документов Национального архивного фонда Республики Казахстан и других архивных документов на хранение в установленном порядке;
  • комплектование филиала архивными документами;
  • государственный учет хранящихся в филиале документов;
  • обеспечение сохранности принятых на хранение документов;
  • организация практического использования имеющихся на хранении документов;
  • исполнение социально-правовых, тематических запросов, поступивших от физических и юридических лиц;
  • окозание методической помощи делопроизводственным, архивным и экспертным службам организаций – источников комплектования филиала;
  • выявление и использование информации, содержащейся в документах архива, через возможности печати, телевидение, выставки документов.


Публикации и выставки

Қаскелең  ауданы-латын графикасы

Болашаққа батыл қадам

Еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бері елдің даму тарихында көптеген жаңа үрдістермен өзгерістер болуда. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда кеңес дәуіріндегідей бұрынғы көзқараспен емес, жан-жақты тың деректермен жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мемлекет үнемі даму үстінде болғандықтан, Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. Енді еліміз мықты, әрі жаупкершілігі жоғары «Біртұтас ұлт» болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы» өз көзқарасын білдірді. Сонымен қатар рухани жаңғыру негізінде таяу жылдардағы нақты міндеттерді атап өткен болатын. Оның ішіндегі маңызды бір міндет: қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау.

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай филиалы сақталуындағы Р-8 «Каскелең ауданының халыққа білім беру» және Р-10 «Каскелең ауданының жер бөлімі» қорлары бойынша 1935-1937 жылдар аралығындағы латын графикасында сақталып жатқан құжаттарын анықтап, аудан тұрғындарына, оқу орындарына латын әліпбиіндегі құжаттармен таныстыру және оған көшуді насихаттау мақсатында 1935-1937 жж. «Каскелең ауданы - латын графикасы» атты фотоқұжатты көрмесін ұйымдастырып, таныстыруда.

Елбасының рухани бағдарындағы таяу жылдардағы міндеттері тарауының алтыншы тармағындағы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша «Ауылына қарап азаматын таны» дегендей Қарасай ауданының аты елге, дүниежүзіне танылған, елге еңбегін сіңірген ардақты азаматтардан кенде емесі белгілі.

Осы тарауға сәйкес және Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мәдени даму» негіздік жобасы аясындағы «Тарихи тұлғалар» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай филиалы аудандық әкімі аппаратының қолдауымен «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында Қарасай ауданының «Құрметті азаматтары» мен ақсақалдары бас қосқан дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

Дөңгелек үстел өткізудің мақсаты аудандық архив жұмысын жандандыру жеке текті құжаттарды жинақтау бойынша тұрғындардың туған жеріне деген қызығушылығын арттыру, архивтегі құжаттардың көмегімен облыстың дамуына өз үлесін қосқан ауданның мемлекет және мәдениет қайраткерлері, ақын, жазушы, суретші және т.б. тұлғалармен танысу.

 
Қарасай филиалының
архивисті Е. Бейсекбаева
 
«Болашаққа батыл қадам» атты мақаласы, Заман жаршысы № 42,
20 қазан 2017 жыл

 

Халық жүрегінен шығып, сынынан өткен – Ата Заң!

«Конституция» - күні елімізде айрықша аталып өтілетін мерекелердің бірі. Ата заңды ардақтайтын асыл ойларымды, Елбасыға деген зор құрметім асқан сүйіспеншілігімді жеткізуді мақсат тұтқан жанмын.

Өйткені, елге етене жақын Елбасының алыстан ойлайтын алғырлығына, күрделі істердің күрмеуін тез шеше білетін кемеңгерлігіне, кемел ойлылығына қайран қаласыз. Қасиетті Қарасай жерінде туып, күллі әлемді аз уақыт ішінде тамсандырған. Елбасының арқасында елеулі істер атқарылып келеді .

Конституция - егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден – бір құжат.

Қазақстан Республикасының Конституциялық дамуының екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған, биыл қабылданғанына 20 жыл толған Конституция әлемдік стандартқа сәйкес келетін саяси-экономикалық және әлеуметтік мәнге ие.

1995 жылы тәуелсіз Қазақстанның Конституция қабылдауы елдің әлеуметтік, құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде тез дамуының жаңа мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік ашылды.

Конституция әртүрлі қоғамдық – саяси субъектілерге қарама – қайшы мүдделерінің тепе – теңдігіне қол жеткізу тетігін анықтаудағы және жүзеге асырудағы рөлі мен жауапкершілігін, олардың жалпыға ортақ игілікке жетудегі жалпы мүдделермен үйлесуін белгілейді.

Ата Заңымыз қабылданған 20 жыл ішінде ауданымызда«Үдемелі индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде 3 ірі жоба іске қосылады. Олар «Медеу-Коммерц» серіктестігінің 750 басқа арналған сүт фермасы, «Terra Nova» компаниясының минералды сусын шығаратын зауыты және «keiun-kazpharm» серіктестігінің дәрі дәрмек шығаратын кәсіпорны. Өндірістік орындар таза отандық өнім өндіріп, көп адамға жұмыс ұсынады.

«Қол жетімді баспана 2020» бағдарламасы бірнеше қоныс тойын тойлауға себеп болды. Қаскелеңдегі «Алтын ауыл» шағын ауданында 64 пәтерлі 8 қабатты үй қолданысқа берілді және Исаев ауылымен Шамалған бекетінде 10 тұрғын үйдің кілті иелеріне табысталды, сонымен қатар емдеу саласындағы елеулі оқиға- аудандық ауруханаға қосымша 60 төсектік перзентхана ашылды, Қырғауыл ауылының тұрғындары жаңа амбулаториға қолдары жетті. Білім саласында жаңалықтар баршылық. Қарасайда 21 мектептің оқушылары 3 аусымда оқып жатыр, мәселені бірте-бірте шешу мақсатымен 4 мектептің құрылсы басталды. Олар Қаратөбе, Үшқоңыр, Қошмамбет және Шамалған бекетінде бойы көтереді.

2014 жылдың сәуір айынын бастап, «Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай филиалы өз жұмысын бастады.

Ата заңымызда көрсетілгендей«Мұрағаттық анықтамалар беру» регламентін бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылдың 16 шілдедегі № 255 қаулысның негізінде «Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай филиалы даәлеуметтік-құқықтық сұраныстарды мемлекеттік және орыс тілдерінде заңды күші бар мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық үзінділер, мұрағаттық көшірмелер береді. Сұраныстардың басым көшілігі тақырыптық сұранымдар, еңбек өтілімен еңбекақысының мөлшері және аудан әкімінің шешімдері мен қаулылары. Бұл сұранымдар мен регламентте көрсетілгендей 14 күнтізбелік күннен кешіктірілмей орындалады.

Тәуелсіздік – ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлы құндылықтарымызды: ділімізді, тілімізді, дінімізді жаңғыртуға мүмкіндік берген асыл қазына.

Бұл- менің елім, бұл менің Қазақстаным, баршамыздың – Мәңгілік еліміз! Сол еліміз жасасын!

 
Қарасай филиалының
мұрағатшысы С. Айтжан