KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Публикации и выставки

Ата Заң – берекелі бүгініміздің, жарқын болашағымыздың кепілі

 

Тәуелсіз еліміздің демократиялы, зайырлы, құқықтық ,әлеуметтік мемлекет екендігін бүкіл әлемге танытқан Конституция күнінің мерекесі - барлығымыз үщін аса қастерлі күн.

Конституция адамның құқығы мен бостандығын іске асырудын , халықтың әл – ауқатын жақсартудын, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді бекемдеудің кепілі болып келеді. Негізгі заңымыз біздің өткенімізді екшей отырып, бүгініміздің негізін қалады, болашақ бағытымызды айқындады.

Бүгінгі таңда біздің мақтанышпен айтатың басты байлығымыз – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылығымыз.

Бұл – Ата Заңымыздың бұлжымай жүзеге асырылуына кепіл болған Елбасымыздың арқасы. 140 этнос пен 46 діни қауымдастық өмір сүретін байтақ Қазақстанда халық достығын орнықтырып , саяси келісімге келтіру үлкен жетістігіміз. Кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде депортацияланып келген шешендер, жер аударылған кәрістер мен немістер, өзара араласып кеткен бауырлас ортаазиялықтар бір атаның балаларындай тізе қоса еңбек етіп, туған Қазақстанның мерейін тасытып, әлемдегі бәсекелістікке қабілетті елу елдің қатарына шығару үшін күш салуда.

Бугінге ел еңсесін көтеріп, экономикамыз жедел ілгері басуда. Соған сәйкес барша қазақстандықтың тұрмысы түзеліп, байлыққа кенелуде. Көреген Көшбасшымыздың арқасында болашағымыз айқындалып, қазір қаншама серпінді жоба жүзеге асуда. Әлемнің алпауыт елдері кеше ғана тәуелсіздік алған қазақ елін тең дәрежелі әріптес деп мойындауда . Бұл Қазақстанның келешегі кемел екендігін айғақтайды.

Қазақстанның қоғамдық қатынастардың көптеген саласында қол жеткізген жетістіктері егемен еліміздің қалыптасуы жолындағы қиындықтарды еңсеруге ғана емес, сонымен қатар, оның халықаралық құқықтық беделін айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік берді. Елдің ең басты байлығы- адам, маңызды қағидасы- әр адамның құқығы мен бостандығын қорғау екенің бекіткен және Ата Заңға сүйенген жаңа заңдар мен нормативтік құқықтық актілер жыл сайын қолданысқа еніп, қоғамдық қарым - қатынастарды реттеуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тиімді қызмет етуге. Бір сөзбен айтқанда, Ата Заң – халыққа тендік алып беретін елдің сөйлейтін басты құжат, халқымыздың дербес ел болуға қатысты арманын, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына , адамзат баласына Қазақстан деген мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құндылык.

2015 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтын «Ұлт жоспары – 100 қадам» атты Жолдауында «100 нақты қадам» елімізге «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан Мемлекеттілігін нығайтуға, жолдаң адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай тұғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың : « Күллі халықтың талқысынан өтіп, ел ігілігіне айналған Ата Заңымыз біздің мемлекетіміздің басты төлқұжаты болып саналады. Конституция- арайлы азаттығымыздың айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары. Ол елдігіміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары», - деген сөзі әр қазақстандық үшін айнымас ақиқат болуға тиіс.

Мұрағат мемлекеттің ажырамас бөлігі. Бүгін Ұйғыр ауданы бойынша мұрағаттың толықтыру көздері болып табылатын 32 мемлекеттік мекеме кіреді. Осы мекемелерде жиналып жатқан құжаттарда аудан тарихын жалғастыратын деректер мен мәліметтер жинақталуда.

Бүгінгі күні «Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ұйғыр филиалында 102 құжаттардың қоры бар, құжаттардың сақтау бірлігі – 24535,оның ішінде тұрақты сақтау бірлігі - 10946, жеке құрам бойынша – 13575, 14 сақтау бірлігінен тұратын – 1 жеке қор бар.

Негізгі мұрағат қорларында бұрынғы Ұйғыр ауданының колхоздардың, совхоздардың және ұйымдардың, мекемелердің жеке құрам бойынша құжаттар сақталады.

Ең маңызды сақталатын құжаттардың ішінде 1986-1993 жж.Ұйғыр ауданының халық депутаттары, селолық халық депутаттарының Кеңестері және олардың атқару комитеттерінің, 1994-2005 жж. Ұйғыр аудандық Мәслихаттың, 1994-1995 жж. Ұйғыр аудандық әкімшілігінің, 1996-2010 жж. Ұйғыр аудандық әкімі аппаратының құжаттары бар.

 
«Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты»
КММ Ұйғыр филиалының директоры А. Акишпаева