KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Публикации и выставки

Ата Заң – ұлт үшін киелі ұғым!

 

Тәуелсіздік – ата-баба арманы, Алты Алаштың мақтан тұтар айбары! – демекші биыл біздің Отанымыз – егеменді, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ата Заңына 20 жыл толып отыр. Бұл жыл ерекше қастерлі жыл болып тарихтан өз орнын алады. Сан ғасырлардан бері ата-бабамыз армандаған Ата Заңымызға қол жеткізіп, өшкеніміз жанды. Абылай хан, Тәуке хан, Әбілхайыр қай ханды алсақ та бауырмал қазақ елінің көк байрағын көкте желбіртіп, Тәуелсіз ел қылуға бар күшін салды. Сол кездерде арман болған күндерге біздің қолымыз жетті . Біз бақытты ұрпақпыз. Ата Заңымызды қабылдап, Тәуелсіздікке қол жеткізген – халқымыздың қайтпас қайсарлығы деп білеміз.

1995 жылы 30 тамызда Тәуелсіз еліміздің Ата Заңы қабылданған – ұмытылмас күндердің бірі екені айдан анық. Мемлекетіміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Азат елдің ар-намысындай болған Ата Заңымыз қазақтың ұлан-байтақ даласының кеңдігін де, елінің ерлігі мен өрлігін де бойына сиғызған құдірет. Ата Заң Тәуелсіздігіміздің тірегі, егемен еліміздің жүрегі, мемлекеміздің темір қазығы» деп көрсетуінде терең мән жатыр.

20 жылдың ішінде еліміз өз Тәуелсіздігін орнықтырып қана қоймай одан әрі нығайтып, әлем таныған мемлекетке айналды. Қазақстаннның жүзеге асырған экономикалық, әлеуметтік, саяси қайта құрулары мен қол жеткен жетістіктері түгелдей Конституциямызбен тығыз байланысты екені күмәнсіз.

Текелі қаласы Моноқалалардың тізіміне іліккен қалалардың –бірі. Елбасы нұсқаған Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында қаламыздың дамуымен бірге, өніп-өркендеп, гүлдене түсті.

Өткен 20 жылдың ішінде Текелі қаласыда атап айтарлықтай бірқатар іс-шараларды өткізді. Оның ең басты атап айтарлықтай датасы- Жетісу жерінің алтын тәжі іспетті кеншілер қаласы Текелінің 60 жылдық мерейтойы тойланды. Қала әкімі айтпақшы, «Текелі – тірлігі қайнаған, тұғындары екі қолға бір күрек тауып, қарекетсіз отырмайтын еңбекқор жандардың қаласы. Мұндағы тұрғындардың әрқайсысы «Текелі – менің қалам!» деп мақтанышпен айта алады. Қаламыздың күн санап өзгеріп, көркейіп келе жатқаны баршамызға аян. Моноқалаларды дамыту бағдарламасына Алматы облысынан енген бірден-бір қала – Текелі. 60 жылдық асу – жаңа жетістіктер мен табыстарға бастайтын кемел келешегіміздің алғашқы қадамы.

Мұрағат саласындағы қайта ұйымдастырулардың жаңа кезеңі СССР-дің күйреуінің нәтижесінде Қазақстан Тәуелсіздік алған өткен жүзжылдықтың 90-жылдары болды. Соның нәтижесінде 1999 жылдың қаңтар айында жеке құрам бойынша аудандық мұрағаттар Алматы облысының филиалдары болып қайта құрылды.

«Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Текелі филиалы 1987 жылғы 1 қаңтарында құрылған.

Филиал құжаттары дәрістер, семинарлар-кеңестер және экскурсияларды өткізгенде қолданылады, олар сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік-құқықтық және басқа сұраныстарын орындау, мұрағаттық анықтамалар, куәландырылған көшірмелерді және құжаттардан үзінділерді беру үшін де құжаттық дереккөз болып табылады.

20 жылдың ішінде Текелі филиалының жеткен жетістіктері: «Үздік филиал-2011», «Үздік мұрағатшы-2011», «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағат туралы Заңының 15-жылдығы», «Қазақстан Республикасының 20 жылдығы» байқауларында марапатқа ие болды.

Бүгінгі таңда мұрағат құжаттарының жалпы көлемі 1938-2014 жылдарды қамтиды, 97 қорға біріктірілген, 18104 сақтау бірлігінен (істерден) тұрады. Филиалдың толықтыру көздеріне 23 мекеме кіреді. Қала тарихы туралы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мұрағат қызметкерлерінің басты мақсаты.

Конституция күні қарсаңында жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейтін осындай жетістіктерімізді еске алу және жоспарларды жұртшылыққа жеткізу - әр азаматтың парызы. Осының бәрі қолданыстағы Ата Заңды арқау ете отырып, оның ережелерінен еш ауытқымай, елге, халыққа қызмет етіп отырған Тұңғыш Президент – Елбасының сабырлы Конституциялық саясатының арқасы. Ең бастысы, Қазақстан мемлекеттігінің нығаюына, еліміздің дамуына, халқымыздың өсіп - өркендеуіне негіз қалап берген Конституция, Тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге де әлеуетті екенін танытып отыр.

Әрбір Қазақстандық Ата Заңымызды сыйлап, құрметтей білсе, сол игі.

 

 

«Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Текелі филиалының мұрағатшысы Жазира Джумадилова
 
 

 

 

Келісілді
«Алматы облысының мемлекеттік
мұрағаты» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
«___»_____ 2015ж. №____
СК хаттамасымен