KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Публикации и выставки

Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң!
 
Конституция-қазақ елінің өркені мен өрлеуінің негізі
Н.Ә. Назарбаев

 

 

Ел дамуының басты бағдаршамына айналған Конституцияның қабылданғанына биыл 20-жыл толып отыр. Біз аз уақытта айбары асқан-қуатты ұлтқа, дәулеті тасқан –әлеуетті елге айналдық. Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, 30 тамыз күнін- еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан өз мемлекетіміздің ең басты мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасы Конституция (Ата Заң) күні деп атады.

Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. «Конституцияны қатаң ұстану –бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау»- бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деген еді. Шындығында кез келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтының құндылығын айқындайтын негізгі құжат-Конституция.

Конституция – кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.

Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразия жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды. Ынтымағы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды.

Қазақстан тәуелсіздігі бейбіт жолмен алға басып келеді. Жиырма жылдық еңбегіміздің қорытындысы – ел болғанымыз. Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі.

Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң- экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Қазақстан халқы еліміздің жаңа негізгі Ата Заңын мақұлдап, дауыс беріп, қуатты құқықтық демократиялық және әлеуметтік мемлекет құруды қолдаған тарихи таңдауын жасаған болатын.

Талғар ауданы құт дарып, береке – бірліктің бастауы болған киелі өңір десек асыра айтқандық емес. Қай кезде де жақсы жағынан атақ даңққа ие, елі елдігін жоймаған татулық мекені. Табиғатына сай халқы да көркем мінезді, еңбекқор. Бұл

күндері ауданымызда 30-дан аса ұлт өкілдері мекен етеді. Олардың барлығы дерлік тату-тәтті, ауызбірлікте өмір кешуде.

Ауданымыз жылдан-жылға өсіп, өркендеп келеді. Қай саланы алып қарасақ та, Елбасымыз Н.Назарбаевтың бағамды бағдарламаларының, жалынды жолдаула-рының, саралы саясатының арқасында тек өрлеу үстінде.

Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, өзге елдермен терезесін тең ұстауына, ел тарихындағы елеулі оқиғалардың абыроймен атқарылуына өз үлесін қосып, куәсі болып жатқан Талғар ауданының болашағы жарқын болары сөзсіз. Талғар ауданы Алматы облысындағы ең бір ірі ауданның бірі болып танылады. Ондағы табиғи байлықтар, дамыған инфракқұрылымдар, Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы – Алматы қаласының жарқын орналасуы, аудан экономикасының барлық саласына инвестиция тартуға зор мүмкіндіктерін ашады.

Бүгінде аудан орталағы-Талғар қаласы мен елді мекендерде халықтың тұрмыс-тіршілігі біршама жақсарған. Осы күнге дейін өзекті мәселелер қатарында болып келген ауыз сумен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын жөндеу,елді мекендерді көріктендіру, тұрғын үй салу, көшелерді жарықтандыру мәселелері біртіндеп шешімін тауып келеді. Кезінде мектеп, аурухананың жетіспеушілігі халықты көп толғандырған еді.

Ата Заңымыз қабылданған 20 жыл ішінде ауданымызда бірнеше жаңа білім ошақтары Д.Қонаев атындағы Университеттің «Заң колледжі», Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Экономикалық колледжі, Политехни-калық колледж, Педагогигалық колледж, мамандандырылған «Арыстан» лицейі, « Қазақ-түрік» лицейі, Дарынды балаларға арналған 3 тілде оқытатын Ю.Гагарин атындағы № 8 арнаулы гимназиясы бой көтеріп, жаңа заман талабына сай техникамен жабдықталған 150 орындық аурухана ашылды. Мәдениет үйлері жөндеуден өтіп, балабақшалар ел иігілігіне қайтарыла бастады.

Елбасының «Жол картасы» бағдарламасы аясында бірталай мәселе оңтайлы шешілді. Атап айтсақ, Талғар қаласындағы жолдар ретке келтіріліп, орталық көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, Орталық стадион жұмыстары жандандырылып, қаламыздың бірнеше көшелерінде бағдаршамдар орнатылды, көшелер жарықтандырылып, қалада екі бірдей Діни мұсылмандар мешіті ашылды. Соңғы жылдарда ауданымызда жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы ашылып, аудан жұртшылығына адал қызмет етуде. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша ауданымызда 240 пәтерлі ипотекалық, 20 пәтерлі жалдамалы үй кезекте тұрғын Талғарлықтарға берілді. Бұл дегеніміз еліміздің экономикасының артып, тәуелсіздігіміздің тұғырына қона бастағанының айғағы.

Ауданымыз негізінен ауылшаруашылық ауданы болғандықтан, ауданда ауылшаруашылық құрылымдары жақсы дамыған. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы мықтап қолға алынған. Атап айтар болсақ, «Алматы» асыл тұқымды мал өсіретін өндірістік кооперативінің өзі республикаға танымал ісі алға басқан шаруашылықтың бірі. 1929 жылдан бергі тарихы бар өндірістік кооператив бүгінде

жемісті еңбек етіп келеді. Негізгі өнімі астық, соя, көкөніс, картоп, ет, сүт өнімдері. Ауданымызда бой көтерген кішігірім шаруашылықтар мен өндіріс орындары да жетерлік - «Тас-құм» ААҚ, «Талғарспирт» АҚ, «Барон» ЖШС, «Интелсервис» ЖШС, «Амиран» Қазақ тағамтану академиясының зауыты ЖШС-тері жемісті жұмыс жасап, көптеген Талғарлықтарды жұмыспен қамтуда. Бұл да қосымша жұмыс орны мен аудан бюджетінің кіріс көзі. Аудан бюджеті жыл сайын артып, халықтың әл-ауқаты да жақсарып келеді.

Ата заңымыздың 20 жылдық мерекесі қарсаңында Талғар ауданында 2 жаңа мектеп,1 дәрігерлік амбулаторияның ашылуы аудан тұрғындарын қуантады.Сондай-

ақ, 4 тоқсанда Талғар қаласында 150 пәтерлік жаңа үй құрылысы ел игілігіне берілуі жоспарлануда.

Бүгінде ауданымызды білікті басшы Нұрмұрзақызы Райхан Садыкова басқарады. Басшылық тізгінін қолға алған жылдар ішінде ол елмен етене араласып, Елбасы белгілеген стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асырып, талай-талай ауқымды істер атқарды. Өзі Талғар қаласының тумасы болғандықтан туған жеріне деген сүйіспеншілігін, елге деген ыстық ықыласын ісімен дәлелдеп, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеріп, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін бар күш-жігерін салып жүрген азаматша.

Биылғы Ата Заңға 20 жыл толу мерекесімен қатар біздің « Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Талғар филиалының құрылғанына да 20 жыл толып отыр.

17 қазан 1995 жылы Талғар аудандық әкімінің шешімімен Талғар ауданында аудандық мұрағат ашылған.

1995 жылы директор және бір мұрағатшымен аудандық мұрағат жұмысы басталған.

Мұрағат мұрағаттық анықтамаларды беруде мемлекеттік қызмет атқарады.

25 тамыз 1997 жылдан Алматы облысының мемлекеттік архивінің Талғар филиалы, 12 қараша 1997 жылдан «Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің Талғар филиалы, 2008 жылдан «Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің Талғар филиалы, 03 қыркүйек 2013 жылдан «Алматы облысының мәдениет,мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» комму-налдық мемлекеттік мекемесінің Талғар филиалы болып атаулары өзгертілді.

Филиал қызметкерлері құрылған 20-жыл ішінде аудандық «Талғар үнқағазы» атты газетіне 8 мамыр 1996 жылы Жамбыл атамыздың 150 жылдығы қарсаңында «Дүбірлі жыр-дүлділінің тойы», 1 маусым 1996 жылы архивистер күніне «Архив – это наша история», 29 мамыр 1999 жылы аудандық «Талғар» газетінде мұрағат күніне «Окна в историю», 21 қыркүйек 2002 жылы Алматы облысының 70 – жылдығына «Архивная пыль или элик-сир молодости ?» Талғар филиалының мұрағатшыларының ерен еңбектері туралы мақала, 17 қараша 2002 жылы «Архив – это прошлое, настоящее и будущее человечества» , 25 қыркүйек 2010 жылы «Мұрағат – құжаттар қоймасы», 21 мамыр 2011 жылы «Тәуелсіздік – тірегім» атты мақалалар жарық көрді және Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі қарсаңында «Туған өлке» тарихи-өлкетану және мұрағат журналына ел тарихы-жер тарихы жайында «Талғар – киелі мекен» атты мақала жарық көрді және аудандық тілдер мерекесіне орай өткізілген «Абай оқулары», «Үздік аудармашы», «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» атты байқауларға қатысып, М.Мақатаевтың туған күніне қарсы «Жыр сандықтан» атты тақырыптық кеш өткіздік, 6 қазан 2010 жылы Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 23, облыс әкімдігінің 2007 жылғы 27 жел-тоқсандағы № 245 «Алматы облысындағы мұрағаттардың жұмысы және іс жүргізу

жағдайы туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, «Талғар ауданы мекемелерінің іс жүргізу жұмыстарының жағдайы мен құжаттардың дұрыс сақталуы туралы», «Ведомствалық мұрағаттарда құжаттардың сақталуы және құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуден өткізу туралы» аудан, қала, ауыл әкімі аппараттарының әкімдері , мекеме басшылары және бас мамандары қатысқан семи-нар – кеңес өткіздік. Мұрағатта «Қазақ тілі- ұлттық мәдени,рухани асыл мұра», «Отты жылдар шежіресі, Летопись огненных лет» / 2тілде/, «Тәуелсіздікке – 20 жыл», «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына – 15 жыл, «Сол жылдарды ұмытуға болмайды» /Ұлы Жеңіске-70 жыл/, «Талғар ауданы- тәуелсіздік жылдарында» атты стендтер жасалынған.

Қор және құжаттар саны :

1995 ж. – 40 қор,12945 сақтау бірлік;

2005 жылы - 40 қор, 12945 сақтау бірлік;

2010 жылы - 86 қор, 25903 сақтау бірлік;

2015 ж. 1 жарты жылдық - 105 қор, 39642 сақтау бірлік.

 

Жинақтау көздерінің саны :

1995ж. - 11; 2005ж. – 11; 2010ж. – 17; 2015ж. – 27.

 

Сұранымдар саны :

1995ж. – 35; 2005ж. - 2770; 2010ж. – 4146; 2015ж. 1жарты ж.-1022.

 

Штат саны:

1995 ж. – 2; 2005ж. – 3; 2010 ж.- 5; 2015ж. - 7;

 

Қазіргі танда жұмыс ауқымының өсуіне байланысты ұжым құрамында- 6/алты/ мұрағатшы, 1 еден жуушы. Өз істерін жетік білетін мұрағатшылар қандай құжаттар қай сөреде сақталғаннан бастап, қай күні түскенін, сала-сала бойынша жазбай тауып, құжаттар мен қорларды есепке алып, тізімдеп, істерді түптеп тігіп, нөмірлеп, мұрағат қоймасына орналастырып отырады. Мұрағат жұмыс істеген кезеңінен бастап аудандық,қалалық, ауылдық әкімшіліктерден, аудан мен қаланың

 

мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарынан құжаттар мемлекеттік сақтауға жиналған.

Ал енді қазір біздің тәуелсіздік алған тұсымызда мұрағат ісі сол бұрынғыдай мемлекеттің қамқорлық аясында. Тарих қойнауының тереңінен табылатын, халқымыз үшін өткен күндерден ата-баба мұрасындай сақталып қалған, бұл ой қазынасына көзінің қарашығындай қарайтын, еліміздің болашағына қызмет ететін біздің мұрағатымыз да Ата Заңымыздың 20 жылдығымен 20 жылдыққа аяқ басып отыр.Сондықтан Ата Заң аясында қызмет етіп, оны құрметтеу, принциптерін сақтау-әрқайсымыздың азаматтық парызымыз, келер ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік.

Еліміздегі ынтымақ пен бірлігіміз нығая берсін дей отырып, барша халықты Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өңіріміздегі әрбір азаматтың отбасыларына амандық, ырыс пен береке тілейміз! Еліміздің мәртебелі мерекесі – Ата заң күні құтты болсын!

 

Талғар филиалының директоры К.Отарбаева