KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Публикации и выставки

«Жеке тектік құжаттар»
 
Қазіргі уақытта қоғамда қазақ халқының тарихына, оның ертедегі және кейінгі өткен белестеріне деген терең қызығушылық, Қазақстан Республикасының демократиялық мемлекеттер қатарында өзінің орын алуына, әлемдегі дамыған елдермен қатарласуына мүмкіндік әперген қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына, ғылымның дамуына маңызды үлес қосқан жеке тұлғалардың өмірін зерттеуге деген қызығушылықты да арттырып отыр.
Қазақстан Республикасы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заңына сәйкес Ұлттық архив қорының жасақтау көзінің бірі жеке тектік құжаттар болып табылады.
Жеке тектік қорлар бір адамның өмірі мен қызметін жан-жақты бейнелейтін құжаттардан құралады. Бұл құжаттар, республика өмірінің әр кезеңінен хабарларды беріп қана қоймай, сол уақыттағы нақты оқиғалардың мәнін ашады. Қор жасаушылар өздерінің жеке қорын бірнеше жылдар бойы құрастырғанда, тек қызметтеріне қатысты құжаттарды ғана емес, сонымен бірге өз шығармашылығында пайдаланған, Қазақстанның және басқа елдердің тарихтарына қатысты басқа да қызықты құжаттарды жинақтайды. Осылардың кейбіреулері ешқашан жарияланбаған құжаттар болуы мүмкін. Бұл қорлар мемлекеттік, қоғамдық мекемелер мен ұйымдардың мұрағаттық қорларын ерекше және едәуір мазмұнды ақпаратпен толтырылады[1]. Қазақстанның қалыптасу, даму, өркендеу кезеңдерінен, соның ішінде әдебиеті мен өнерінен, мәдениетінен мағлұмат беретін жеке тектік құжаттарды – халықтың баға жетпес рухани қазынасы деп айтуымызға болады. Осындай қазыналарды болашақ ұрпақтардың игілігіне айналдыру біздің мақсатымыз.
Қор құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткізу - оның дәл есепке алынуын және ғылыми-тәжірибелік мақсатта қолданылуын қамтамасыз етеді.
Жеке тектік қор құраушылардың құжаттары негізінен биографиялық құжаттардан, қызметтік, қоғамдық және шығармашылық құжаттардан қалыптасады. Қор жасаушының съездер, симпозиумдар, конференциялар жұмыстарына қатысқаны туралы құжаттарды сипаттағанда олардың өткізілгені уақыты мен құжаттардың түрлерінен тұрады. Қор жасаушының КСРО Жоғары Кеңесіне, Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне, жергілікті Халық депутаттары кеңесіне депутат кеңесіне депутат ретінде, әр түрлі қоғамдық ұйымдар жұмысына қатысқанына аса ерекше мән беріледі.
Сонымен қатар, жеке тектік қор құраушылардың өмірін, оның қоғамдағы орнын, тарихымен оның ғылыми тұрғыдан қарағанда құндылығын, мазмұнының маңыздылығын, сирек кездесетіндігін, түпнұсқалығына және т.б.жақтарына мән беру керек.
Жеке қордың негізін мынадай құжаттар құрайды: Қор иесінің шығармашылық құжаттары (қолжазбалары), хат алмасулары, өмірбаяндық құжаттары, қолтаңбамен сыйға берілген құжаттары, жинақтаған құжаттары, мүліктік-шаруашылық және тұрмыстық сипаттағы құжаттары, фотоқұжаттары және отбасы мүшелеріне қатысты құжаттары[2].
Жеке қорды жасаушылар әр түрлі кәсіппен айналысқан адамдар. Олардың өмір жолдары кез-келген адам біле бермейтін, тарихтың бір парағы. Бұл парақтар жеке адамның өмірі мен қызметі барысында жеке тұлға болып қалыптасуы жолында жинақталған құжаттардың түпдеректері болып келеді. Ал ол құжаттар әр қоғамның дамуынан сыр шертетін тарихымыздың бір бөлігі болып табылады.
Архив қызметкерлерінің басты міндеті - жеке тектік қор иелері құжаттарын тұрақты мемлекеттік сақтауға өткізгеннен кейін құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. Болашақ ұрпаққа елімізге, республикаға, облысымызға еңбегі сіңген аға-апкелеріміздің өшпес өнегелерін таныстырып, жеткізу біздің басты міндетіміз.
Казір біздің архивте 135 қор, 25628 іс бар. Сонымен қатар Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылының тұрғыны, еңбек ардагері, Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Әбдікеримов Қанаділ ағаның жеке қор құжаттыры сақталуда. Жеке адамдардың құжаттары мемлекеттік органдардың құжаттарына қарағанда, өткен кезеңнің сырын, жай-жапсарын тереңірек, айқынырақ көрсететін сияқты.
Казір іргелі мекеменің бірі болып отырған архивтің облыс өміріндегі алатын орны айырқша десек, асыра айтқандық емес. Көкірегі ояу, көзі ашық азаматтар архив ісіне белсене араласып, оған мән бере қараса, архив мекемелермен тығыз байланыс жасап тұрса, одан пайда көрмесе, ұтылмасы мәлім.
 
«Алматы облысының мемлекеттік архиві»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Райымбек филиалының директоры
У.Солтангазиева
 
Келісілді
«Алматы облысының мемлекеттік
архиві»коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің СК «13»02 2017 жылы
№ 2 хаттамасымен
 
 
Райымбек Алматы облыстық қоғамдық газетіне 22.04. 2017 жылы
№ 14(80) жарияланды
 

[1] «Жеке қорлар». «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы. 2011

[2] Жеке қор құжаттарына жүргізілетін алғашқы  ғылыми сипаттау мен ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстары туралы әдістемелік. Алматы. 2013



Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл

Елбасы заң үстемдігін адамның меншік құқығымен,кәсіпкерлік қызметімен,түптеп келгенде мемлекеттің экономикалық дамуымен тікелей байланыстырып отыр. Өйткені адамның конституциялық құқықтарының ішінде адам үшін ең маңыздысы ол жеке меншік құқығы (Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-шы бабының 3-ші тармағы,26 баптың 1-3 тармақтары) және соған негізделген әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігі (26-шы баптың 4-ші тармағы). Бұл құқықтардың қазақстандық құқықтық жүйеге ғана емес,кез келген басқа елдердегі құқықтық жүйелерге де маңыздылығы - адамның бостандығы, оның межесі ретінде адамның құқығы, тек қана адам өндіріс құралдарына меншіктену құқығы болғанда ғана (тіпті ол меншік сол адамның жұмыс күшіне ғана болса да) орын алып жүзеге асырылады.

Конституциялық құндылықтар, Ата заңымыздың идеялары мен ережелері Республика Президентінің саяси-құқықтық шешімдерінде-мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында,бірінші кезекте, «Қазақстан -2030» статегиясында және оны іске асыру мақсатында қабылданған «Қазақстан-2050» статегиясында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында,Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасында (1996 жыл) Ел бірлігі доктринасында (2010 жыл) және басқада бірқатар тұжырымдамаларда және мемлекеттік бағдарламаларда кешенді түрде іске асырылады.Республика Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» Ұлттық патриоттық идеясы Конституциясының Кіріспесінде және «Жалпы Ережелер» деп аталатын 1 Бөлімінде бекітілген құндылықтар мен идеяларды байытып,дамыта түсетін тағдыршешті идея болып табылады. Мемлекеттік биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтары органдарының актілері қабылдануда, оларды іске асыру қоғамның және конституциялықтың және конституциялық заңдылық режимінің ұйымдастырушылық -құқықтық,экономикалық, идеологиялық, қаржылық, материалдық және басқада компоненттерін нығайту бойынша бүкіл мемлекеттік аппараттың күштерін жұмылдыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының жиырма жыл тиімді жұмыс істеуі конституциялық бақылау институтының таңдап алынған үлгісінің дұрыстығын растады. Сонымен бірге қоғамның және мемлекеттің құрылымдық өзгерістерінің маңызды реттеушісі ретінде Конституцияның рөлін күшейте отырып,кониституциялық бақылауды жүзеге асыру бойынша қызметтің мәні обьективті түрде өсе түсті. Конституциялық Кеңестің құзыреті кеңейтілді («Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-3 Заңы) , заңдарға ( Конституциялық Кеңес туралы, Кониституциялық заң,Қылмыстық,Қылмыстық процестік кодекстер,Азаматтық іс жүргізу кодексі,Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс), сондай-ақ заңнамаға және заң жобалау жұмыстарына мониторинг жүргізу рәсімдерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын және Негізгі заңның 78-бабын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Осы ережелер мен кепілдіктер аталған кодекстердің жаңа редакцияларында да көзделген. Қабылданған ұйымдастырушылық шаралармен қоса ол адамның конституциялық құқықтарының қорғалуы және Конституциялық Кеңестің шешімдері мен ұсынымдарының орындалуы дәрежесін арттыруға ықпал етеді.

Конституциялық Кеңес қабылдаған шешімдер Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарын,ережелерін және нормаларын іске асыруға бағытталған.Конституцияның 1-бабының 1-тармағы, «Қазақстан Республикасы өзін адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары оның ең қымбат қазынасы болып табылатын әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деген бөлігінде,Қазақстан мемлекеттің мүмкіншілігіне қарай отырып,өзінің азаматтарына игілікті өмір сүру үшін жағдай жасау және жеке адамның еркін дамуы арқылы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға міндеттеме алатын мемлекет ретінде дамуға ниет танытады дегенді білдіреді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тәуелсіз Қазақстан тарихында тұнғыш рет 1998 жылы 22 желтоқсанда «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңды бекітті. Заңда құжаттарды мемлекеттік есебі, сақталуын қамтамасыз ету, тұрақты сақталуға тапсырылуы басты назарға алынған.

Заң талаптарына сәйкес мұрағат құжаттарының еңселі ғимаратта, кең де, жарық бөлмелерде орналасуы қажет. Алайда , 1997 жылы бұрынғы Нарынқол, Кеген аудандарының құжаттарын біріктіріп , қайта құрылған Райымбек филиалының ғимараты болмады. Бірнеше ғимараттқа көшіп-қонуға тура келді. Құжаттарды тар бөлмелерге орналастырылған сәттерді де бастан кешірдік.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алғалы бері Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 245 «Алматы облысындағы мұрағаттардың жұмысы және іс жүргізу жағдайы туралы» қаулысы негізінде Алматы облысындағы мекемелердің мұрағаттармен құжаттама жұмысына үлкен көңіл бөлініп соның нәтижесінде біршама жетістіктерге қол жеткіздік. Атап айтқанда «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы деп жариялау туралы» № 1144 жарлығына сәйкес Алматы облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай филиал мұрағатшысы К.Нүптекеева «Үздік мұрағатшы-2011» байқауының бас жүлдегері атанды. «Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Райымбек филиалы 2014 жылы жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Бұлда болса Тәуелсіз Отанымыздың шапағаты деп білеміз. Міне, осынау жайлы да жарық, жаңа ғимарат біздің жұмысымызға бар мүмкіндік туғызып отыр. Екі қабаттан тұратын қазіргі мұрағат ғимараты барлық керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әр маманның жұмыс бөлмесі бар. Мемлекет тарапынан жасалынып отырған осындай қамқорлыққа ісімізбен жауап беру үшін еңбектеніп келеміз. Күн сайын түрлі өтініштермен келетін келетін адамдарға өз міндетімізге сай үлгілі қызмет етеміз. Олардың көңілдерінен шығуға тырысамыз. Өйткені, мемлекеттік мұрағат – халыққа мүлтіксіз қызмет көрсетуга арналған.

Қазіргі таңда филиалдың Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы» Заңы негізінде 41 Ұлттық мұрағат қорын толықтыру және әлеуетті толықтыру көздері болып табылатын мемлекеттік мекемесінде іс жүргізу,ведомостволық мұрағаттар жұмысы бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді. Жақын және алыс шет елдер мен Қазақстан,Алматы облысы аумағы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түсетін әлеуметтік-құқықтық/еңбек өтілімін,еңбек ақысын,марапатталағанын,мүліктік құқығын т.б. растайтын/ тақырыптық сұранымдарды, тақырыптық топтамаларды орындайды.

Қазақстан Республикасының таяу кезеңдегі конституциялық дамуының векторлары Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» Ұлттық патриоттық идеясының мән-мазмұнына қарай айқындалады. Оны жүзеге асырудың жолдары президенттік бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру: заманауи мемлекеттік аппарат қалыптастыру; заң үстемдігін қамтамасыз ету; индустрияландыру және әртараптандыруды негіз еткен экономикалық өсім; біртұтас болашақтың ұлты; сондай-ақ транспарентті және есеп беретін мемлекет құру арқылы айқындалған. Соған орай Елбасымыз Н.Назарбаев бес институциональдық 100 нақты қадам бағытын алға тарты. Ұжым болып бұл маңызды құжатты қолдап, қуаттап отырмыз.

Таяу күннен кейін Ата Заңымыздың 20 жылдығын атап өтетін боламыз. Бұл шын мәнінде біздің көңілімізге қуаныш ұялатып, жаңа да жақсы істерге шақырады. Тәуелсіз Отанымыз Мәңгілік Ел болудың көшінде. Елбасымыз алға қойған міндеттердің басты бағыты-дамыған 30 елдің қатарынан көріну. Еліміз аман, бейбіт те берекелі заман болса, бұл биіктерден де көрінетініміз сөзсіз.

 

Мұрағатшы К.Нүптекеева