KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Видеотека









Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Публикации и выставки

Тәуелсіздік тірегі

 

Қазақ халқы өз мемлекеттілігін құру жолында ұзақ саяси процесстерді бастан кешірді. Мемлекеттілікпен құқықтық жүйенің ежелгі қазақ даласында өзіндік ерекшеліктері болған. «Есімханның ескі жолы», «Қасымханның қасқа жолы», Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы», үш жүздің басын қосып, мемлекеттіліктің саяси, әлеуметтік-экономикалық,идеологиялық негіздерін қалыптастырған алғашқы құқықтық негіздер болды.

Тәуелсіздігіміздің тірегі болып табылатын Ата Заңымыздың әлемдегі прогрессивті тәжірибелерге негізделе жасалынған ең озық Конститутциялардың бірі екендігін уақыт дәлелдеп отыр.

Халықаралық қатынастардағы, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-спорт, ғылым мен білім саласындағы әлемге әйгіленген жеңістерімізбен жетістіктеріміз –Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұстанған көреген саясаттың, мемлекетіміздің басты белгісі Ата Заңымыздың сара да дана жолды айқындаған күш-қуатының көрсеткіші екендігі бүгінде баршаға аян.

Мемлекетіміздің демократиялық дамуының негізі болып табылатын Ата Заңымыз-Қазақстан Республикасының Контитуциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдум арқылы егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты кепілі болып табылатын негізгі заң ретінде қабылданды. Елбасымыз Ұлт Көшбасшысымыздың «Егемен еліміздің мемлекеттің, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын, айғақтайтын бірден-бір құжат –Бұл Контитуция. Ата Заңның алдында бәріміз де бірдей жауапты, бәрімізде бірдей міндеттіміз»,- деген сөздері әрбір азаматтың бірдей жауаптылығын айқындап берді. Конституциямыздың 1-бабында елдің ең басты байлығы, қымбат қазынасы –Адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары екендігі көрсетілген. Ата Заң халқымызға теңдік әперген, елдің сөзін сөйлейтін басты құжат, халқымыздың дербес ел болуға қатысты арманын мүддесін заң тілінде айшықттаған, жердегі бүкіл адамзатқа Қазақстан деген ұлы мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құндылық. Конституциямыздың ерекшелігі- Қазақстан Республикасының тәуелсіз дамуының мемлекеттік тұғырын, басқару тәсілін, билік тармақтарын бекітіп, «Байырғы қазақ жеренде мемлекеттілік құрылғанын» жария етуінде.

Ата Заңымыздың арқасында 140 этнос, 46 діни қауымдастық өзара достықта, саяси келсімде өмір сүріп экономикамыз тұрақты дамуда, ішкі тұрақтылық орнығуда. Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, мемлекеттегі биліктің жалғыз қайнар көзі болып есептеледі.

Егемендіктің көк туын биікке асқақтатқан Қазақстан Республикасы,демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет.

Конституция адамның құқығы мен бостандығын іске асырудың,халықтың әл-ауқатын жақсартудың,саяси тұрақтылықпен қоғамдық келісімді нығайтудың кепілі болып келеді. Негізгі заңымыз біздің өткенімізді зерделей отырып,бүгініміздің негізін қалады, нұрлы болашағымызды айқындады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының нәтижесінде аудан тұрғындары Ата Заң талаптарын бұлжытпай орындау арқылы өз бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз етіп,мемлекеттік бағдарламалардың өз дәрежесінде жүзеге асырылуына,елді мекендердің көркейіп өмір сүру сапасының артуына,ұлтаралық татулықтың нығаюына,берекелі тірлікке қол жеткізуде.Бүгінге дейін жеткен толайым жетістіктеріміздің,әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуге бағытталған сындарлы қадамымыздың бастауында-Ата Заңымыз –Коститиция тұрғанын мақтаныш етеміз.

Ата Заңымыз барлық саланы қорғау мен дамытуды көздейді. Еліміздің егемен мемлекет ретінде дүниеге танылуы мен өркениетке,экономиканы дамытуға бағытталған әр қадамы Ата Заңнан қолдау тауып соған сәйкес жүзеге асырылады.Сол себепті де Халық сайлаған ел басымыз Ата Заңның мүлтіксіз орындалуының кепілі болып саналады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабына және филиал туралы ережеге сәйкес жыл сайын Қазақстан Республикасының және өзге де мемлекеттердің азаматтары,мекемелер,қоғамдық ұйымдар т.б.Біздің аудандық филиалда да өзіне қажетті еңбек өтілі,еңбек ақысы туралы мәлеметтерді,құқықтық маңызы бар деректерді алу құқығын қамтамасыз етуде.Тек 2014 жылдың өзінде филиал мұрағатшылары тарапынан азаматтар мен мекемелердің әр түрлі мазмұндағы 1062 өтініш-сұраныстарына қажетті жауаптар дер кезінде,сапалы берілді.Зерделеу нәтижесі көрсеткендей өтініштердің 80%-на қанағаттанарлық жауаптар берілді.2015 жылдың бірінші жарты жылдыңында 706 тапсырыс орындалып отыр.Панфилов аудандық филиалында 56 598 сақтау бірлігі сақталуда.Бұлар 1920-2009 жылдар аралығындағы ұжымдық,кеңестік шаруашылықтар мен мекемелердің қызметтерін қамтитын құжаттар болып табылады.

Негізгі сұраныстардың басым бөлігі зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтардың еңбек өтілін анықтату,жылжымайтын мүліктерге меншік құқықтарын бекітетін,ауданның елді мекендердің аумақтарына тұрғаны жайлы деректерді сұрату,жергілікті атқарушы органдардың және соттың шешімдері мен қаулыларының мұрағаттық көшірмелерінің сұратуға қатысты берілуде.Туған өлкенің тарихы,еңбегі сіңген тұлғалардың өмірбаяны туралы мәліметтерді сұрату жиі орын алуда.

Мұрағаттық материалдар мемлекетке еңбегі сіңген көрнекті тұлғалар жайлы бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жазуға пайдаланылуда.Мысалы,білім саласының майталманы Шин Борис Николаевичтің 75 жылдығына орай «Азамат,ұстаз,тұлға» атты мақала Алматы облыстық «Жетісу» газетінде жарияланды.

Мұрағат қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес адал атқарғаны,еңбектегі ерекше жетістіктері үшін аудандық филиал директоры А.Ә.Ишпекбаева 2014 жылы «Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.Мұрағатшы Э.Джакубаева «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған болатын,және мұрағатшы Е.Зырянова Панфилов ауданы әкімінің «құрмет грамотасымен» 2013 жылы марапатталды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7- бабында мемлекеттік органдармен жергілікті өзін өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тіліде тең дәрежеде қолданылуға жататыны туралы заң қағидасы Панфилов филиалына келушілерге қатысты толық жүзеге асырылуы күнделікті қадағаланып отырады.Құжаттарды толтыру үлгілері,сұраныстар мемлекеттік және орыс тілінде өтініш берушінің таңдаған тілінде толтырылады.

Өз кезегінде «Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Панфилов филиалының еңбек ұжымы да азаматтардың мемлекеттік қызметті пайдалануды қол жетімділігін және заңды құқыларының сақталуын қамтамасыз ету жұмысын Заң және Заман талаптарына сәйкес жетілдіріп, жұмыстарын ілгерілете бермек.Аудандық филиал қызметкерлері өз қызметінде қажетті ақпарат алуға жүгінген кез келген азаматтардың Конституциялық құқыларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді өздерінің бірінші кезектегі міндеті деп санайды.

Ең үлкен мерекеміз-Мемлекеттің дүниеге келген және Ата Заңды қабылдаған күн болып табылады. Сондықтан да Ата Заңымыз жан-жақты өркендеуге,нұрлы болашағымызға бағдар сілтейтін құбыланамадай қасиетті де ұлы мереке елемізге алдағы күндер ынтымақпен бірліктің берекесін әкеліп, мерекелеріңіз құтты болсын деп тілеймін!

Ата-Заңымызға деген сый-құрмет арта берсін!

 

 

Панфилов филиалының директоры
Кожаханова Жамиля Насветовна