KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Видеотека









Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Публикации и выставки

Ата Заңым - айбыным!

 

1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Өтпелі кезеңнің түрлі қиындықтарында Ата Заңымыз алтын діңгек бола білді.Биыл Ата Заңымызға 20 жыл толғалы отыр - бұл аз уақыт емес. Бүгінгі күні Қазақстан ішкі тұрақтылыққа жетті, елімізде ең үздік экономика құрылды. Елі мен жерін кие тұтқан қазақтың қай өлкесі де қасиетті.Ынтымақ пен бірлік жүрген жерден дәулет те табылған. Ата Заңымыз қабылданғаннан бері Кербұлақ ауданының тарихында да айтуы өзгерістер, ілгері өрлеу, мол табыстарға жету байқалады. Ауданымызда аудан әкімі Б.Б.Алиевтің қолдауымен «Ұлы даланың ұлы даралары» атты үлкен мемориалдық кешен ашылып, өскелең ұрпаққа мұра ретінде тарту етілді. Бұл жерде 18-19 ғасырларда ерлігімен көзге түскен батыр бабаларымызбен қатар, Ұлы Отан соғысы және бейбіт өмірде Батыр атанған әке-аналарымызға арналған ескерткіш тақталар бой көтеріп, ауданымыздың тарихында орын алған кезеңдерден сыр шертеді.

2014 жылы Кербұлақ ауданының 40 жылдығы атап өтілді.Осы шараның қарсаңында «Құт дарыған Күреңбел» атты кітап жарық көрді.Бұл кітапта ауданымыздың сонау 1974 жылы құрылған күнінен бастап бүгінгі күнгі тыныс тіршілігінен сыр шертеді.

Ауданымызда осы жылдар арасында туризм саласыда жақсы дамып келеді.Оған мысал ретінде Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғат бағын алуға болады,аумағы 42,6 мың га .Онда барсакелмес аралынан көшіріліп әкелінген құландар мекендейді.Оған келушілердің саны жыл сайын артып келеді.

Шоқан ауылында орналасқан Шоқан Уалиханов атындағы мемориалдық мұражайына келушілер нөпірі өте көп.Саяхатшы Ш.Уалихановтың өмірінің соңғы жылдары өткен Шанханай ауылы жанындағы Көшентоған қонысында ғалымға орнатылған ескерткіш-бейіт орналасқан.

Осы жылдар аралығында халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсарып, ауыл шаруашылығы, экономикамыз алға ілгерілеуде. Осы мереке қарсаңында тәуелсіздігіміздің тұғырына айналған Ата заңымыздың өміршеңдігі ұзақ болып, Қазақ елі үшін игілікті қызмет ете берсін демекпін.

 

Филиал директоры Г. Мамиева

 

* * *

 

АРХИВ  ТАРИХ АЙНАСЫ

Кербұлақ филиалының құрылғанына 25 жыл

 

«Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Кербұлақ филиалы құрылғанына ширек ғасыр толды.

Қазақстан халқы  тәуелсіздігін алғалы бері ел тарихында елеулі өзгерістермен жаңарулардың куәсі болып келе жатқанымыз анық. Қай заманда, қандай қоғамда болмасын, отаншылдықтың бастауында ұлттық мақтаныш сезімі тұратындығы, ал оның қайнар көзі- тарих пен мәдениет екендігі анық. Жас қадамын басқан ел үшін салт дәстүрінің атадан қалған асыл мұраларын келер ұрпаққа аманат ету, жалпы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, сақтау және барша халық игілігіне пайдалану басты мақсатымызға айналғанына еш күмән жоқ. Сан ғасырлық тарихы бар еліміздің басынан өткен небір аласапыранның өзі құнды жәдігерлеріміздің бүгінгі күнге жетуіне кедергі бола алмағаны анық.. Сол құндылықтарымызды сақтап, халық мүддесіне пайдалануды жүзеге асыру бүгінгі күні мемлекеттік архивтердің несібесінде. 1998 жылы 22 желтоқсанда «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңы жарық көрді. Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық архив  қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы архив ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге негізделген. Ал, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды. Еліміздегі архивтер төл заң аясында атқарылатын барлық қызметтерін айқындаған және мемлекет пен азаматтар мүддесін абыроймен атқарып келеді. Ұлттық архив ұлт мұрасының алтын ордасы, төл тарихымыздың алып діңгегі екені баршаға аян. Кең байтақ еліміздің әр даласының, әр бір тасының өшпес тарихы бар. Соны жинақтау, сақтау және қорғау әр бір архивистің борышына айналғаны сөзсіз. 
Ал, «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ Кербұлақ филиалының  тарихына тоқталсақ, 1992 жылы 31тамызда  Кербұлақ ауданы әкімінің №214 а шешімімен  жеке құрам бойынша  архив құрылды. Архив директоры болып Удербаева Жарылқасын Мәуленбайқызы  тағайындалып,  архивті 2013 жылдың қаңтар айына дейін басқарды. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін архивті Мамиева Гулбану Түркістанқызы басқарып келеді.

Архив атауында құрылған күнінен бастап біраз өзгерістер болды 1999 жылдың 01 қаңтарынан бастап Алматы облысы мемлекеттік мұрағатының Кербұлақ филиалы болып өзгерсе, 2005 жылдың 21 маусымынан  бастап «Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ-нің Кербұлақ филиалы, 2016 жылдың 22 маусымынан бастап «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Кербұлақ филиалы болып  ауысты.

Сонау 1992 жылдан бері архивіміз елеулі белестерді артқа тастап сан алуан жетістіктерге қол жеткізді. Сол жылдары архивіміздің  еншісінде не бары 24 қор, 1032 бірлік іс болса, қазіргі таңда бізде 190 архивтік  қор қалыптасқан, мемлекеттік сақтауда 1866-2010 жж. қамтитын 46714 бірлік іс бар. Оның ішінде басқару құжаттама – 33576 іс, жеке құрам бойынша – 13138  іс  және жеке текті құжаттар 37 іс сақталуда. Құжаттар әлеуметтік-құқықтық сипаттағы азаматтардың өтінішін қанағаттандыру үшін кеңінен пайдаланылады. Адамдарға еңбек өтілі, еңбек ақысы, марапаттау жөнінде, аудан, ауыл  мен көше атауларының өзгеруіне байланысты, аудан әкімінің қаулылары мен шешімдерінің көшірмелері беріледі. Сонымен бірге архивистер  айшықты оқиғаларға байланысты фотоқұжаттық қөрмелер дайындайды, экскурсиялар ұйымдастырады, архивтік  материалдар негізінде мақалалар жариялайды. Осының бәрі халықтың мәдени деңгейінің өсуіне, өткен шақтың тарихына қызығушылық пен құрметті арттыруына ықпал етеді. Біздің басты мақсатымыз  тарихи құнды деректерді сақтап қана қоймай, жас ұрпаққа өлке тарихы мен мәдени мұраларымызды таныта отырып, ұлттық тәрбие беруге үлес қосу.

Міне осы мақсатта, үстіміздегі жылы мектеп оқушыларымен «Мамандығым мақтанышым», «Алаш қозғалысына 100 жыл » атты сурет көрмелері ұйымдастырылып,шағын саяхат сабақтары өткізілді. 

Енді архив  қорларының жиналуына, сақталуына күш салысып жүрген архив қызметкерлерін де атап өткім келеді. Алып қарасақ жаста болса  ерінбей еңбек етіп, архив саласындағы қиындығы мен қызығы мол қызметте еңбек етіп жатқан Тұяқбаева Ақжамал Нүкенқызы, Оспанғазиева Мадина Назарқызын атап өтуге болады. Архив  қызметінде құжаттардың жаңа түрлерінің пайда болуы, қызмет көрсету түрлерін автоматтандыру архивистерге  үлкен міндет жүктеп отыр

Архив саласында істеген еңбектеріміз ескерусіз қалмады  2013 жылы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 жылдығына орай және мұрағат ісі саласындаға жемісті еңбегі үшін  «Құрмет грамотасы» , Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай архив ісінің саласын дамытуда жемісті еңбек атқарғаны үшін «Мадақтама грамотасымен» марапатталдық.

2014 жылы бұрынғы Гвардия ауданының құжаттары  Кербұлақ филиалына қайтарылып берілуіне байланысты Сарыөзек ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратынан 93 ш.м. аумақты алатын қойма,  жеке кабинет берілді.

2015 жылдан бері филиалда "Ақпаратты Қазақстан-2020" Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес "Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві" ақпараттық жүйесі құрылған. Осы бағдарламаға сәйкес филиалға мемлекеттік сақтауға өткізілген құжаттардың тізімдері, тізімдемелері мен сақтау бірліктері, қор парақтары, қор карточкалары электрондық жүйеде жасалынған.

 Архивтің материалдық базасы жылдан жылға нығаюда:  принтер, сканерлер,  жиһаз, қоймада ылғалдылық пен температураны өлшейтін құралдармен жабдықталған.
Тағы бір айта кететін жай, біз үшін өте маңызды жағдай – мекемелер мен кәсіпорындарда іс қағаздарды жүргізу мен құжаттардың ведомстволық сақтауды ұйымдастыру, оларды белгілі мерзімде мемлекттік сақтауға тапсыру мәселелерін шешу барысында жергілікті орындаушы биліктің қолдауы. «Алматы облысының  мемлекеттік архиві» КММ Кербұлақ филиалында  толықтыру көздері болып табылатын 39 мекеме бар.Қазіргі уақытта осы мекемелермен  жұмыс жасалуда.Бір сөзбен айтқанда жұмыс істеу үшін барлық жағдай бар. Қай мемлекеттің болмасын, оның қоғамдық-саяси, экономикалық, рухани өмірі, жалпы бар бомыс-тіршілігі құжаттарынан көрініс тауып, уақыт өте келе тарихына айналатынына белгілі. Біздің архивімізде Кербұлақ  ауданының экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуы бойынша бай ақпараттар бар. Осы байлықты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу,оны тиісінше сақтау және  қоғам мүддесі үшін пайдалану-  архивистің  мақсаты. Ал, сол мақсатты біздің архивистер  абыроймен атқарып келе жатқанына кәміл сенемін!

 

 

«Алматы облысының мемлекеттік архиві»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Кербұлақ филиалының директоры
Г. Мамиева

                                                   

Аудандық  газеті «Кербұлақ жұлдызы»
№32 «3885»  11.08.2017 ж.