KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Видеотека









Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Публикации и выставки

Ата Заң – алтын тұғырым

 

- Әрбір мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция. Мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері және құқықтары көрсетіледі. Осыдан жиырма жыл бұрын , 30- тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен 20 жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі - Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып отыр.

Әрине, тарих ауқымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау». Бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деген еді. Шындығында кез келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтының құндылығын айқындайтын Негізгі Құжат – Конституция. Олай болса, Ата заңды киелідей аялап, қастерлеу – ұлттың ұлы парызы.

Тарихқа кері шегінетін болсақ, тәуелсіздікке ие болған Қазақстанның ең басты қадамы Конституцияны қабылдаумен тұтастай байланысты. Бұл туралы: «Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды.

Қазіргі таңда мұрағаттар құжаттарды сақтайтын қоймалар мен сақтау орындары ғана емес, оларды халыққа патриоттық, рухани тәрбие беретін, тарихи білімді зерделеу мен насихаттауға кең мүмкіндік беретін ғылыми мекеме деп айтуға болады.

Осы орайда Алматы облысының мемлекеттік мұрағатының Қаратал филиалы 1988 жылдан бері, мұрағат қызметінің Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу, мемлекеттік сақтауға қабылдау және олардың сақталуын қамтамасыз ету, құжаттарға ғылыми- анықтамалық аппарат жасау, әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық сұранымдарды орындау және жетілдіру,жариялау сияқты негізгі бағыттарында қызмет атарады.

Халқымызда «Кешегісін білмеген ұрпақтың болшағы бұлынғыр» деген нақыл сөз бар. Осы орайда еліміздің мұрағат ісі қызметіне артылар жүктің салмағы ерекше. Өйткені осы сала қызметкерлері еліміздің кешегісі мен бүгінгісі арасындағы алтын көпір іспетті. Өйткені мұрағаттарда еліміздің, облысымыздың, ауданымыздың тарихы сақталуда. Бұл құжаттар тарихымызды растайтын куәгерлер.

Сонымен қатар ҚР Конституциясының талаптарына сәйкес әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды уақытылы орындап, мұрағаттық қызмет азаматтарға өздері сұрау салған мәселелер бойынша тиісті мұрағаттық анықтамалар беріледі. Олар кейде сот ісіне, нотариалдық қызметке, жылжымалы мүлік туралы, азаматтардың еңбек өтіліне байланысты болады. Мұрағаттық сұранымдар тек Қазақстан азаматтары ғана емес, сондай-ақ шет елдерге қоныс аударған отандастарымызда жолдап жатады. Келіп түскен сұранымдар бойынша мұрағат қызметкерлері мұрағаттағы құжаттарды көтеріп, тиісті жауаптарды өз уақытында дайындап, сұраныс иелеріне дер кезінде ұсынады. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, Конституцияны да солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ». Бүгінгі Ата Заңымыздың - 20 жыл қарсаңында барлық мұрағатшыларды құттықтап, еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шындарға жете берулерінізді, бойларыңызға мұқылмас жігер, қайтпас қажыр, тілеймін!

 

Алматы облысы мемлекеттік мұрағатының Қаратал филиалының директоры Ж. Кутушева