KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Видеотека









Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Публикации и выставки

Тұғыры биік-Ата Заң

 

1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына міне бүгін 20 жыл толды. Конституциямыздың 20 жылдық мерейтойы мемлекеттік жоғары дәрежеде атап өтіледі. Өзге елдермен терезесі тең Қазақстанымыздың бекітілген мемлекеттік рәміздері, жүректен шыққан әнұран мен желбіреген көк байрақ туымыз, алтын мөрдей басылған елтаңбамыз еліміздің дәрежесін білдіріп, жүрегімізге қуаныш ұялатады.

Конституцияда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы- халық деп көрсетілгені баршы халықтың мемлекетке деген сенімін артып, патриоттық сенімін жоғарылата түседі емеспе. Конституциямыздың әр бабы бойынша талқылау жасайтын болсақ, қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму және т.б принциптерден құралған.

Бүгінгі күні елімізде 100 ден астам ұлт өкілдерімен бір шаңырақ астына баянды, тату өмір сүріп жатқанымызды қуанышпен айтуға болады.

Қазіргі таңда бүкіл әлем мойындаған өркенді еліміз Ата Заңымыздың аясында жүзеге асып келеді. Біз тәуелсіздік жолында тұғыры биік жетістіктерге қол жеткіздік. Әлем жұртшылығы алдында дәрежеміз артып, абыройымыз асқақтады, жаңа кезеңге қадам бастық.

«Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің Қапшағай филиалы 1977 жылдан бастап халыққа қызмет көрсетіп келеді. Конституцияның 37 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті деп көрсеткен. Осы желеумен бүгінде біз қағаз бетіне түскен қаланың және оған қарасты мекемелердің, кәсіпорындардың құжаттарын көзіміздің қарашығындай қорғап, сақтап келеміз. Филиалға Қазақстанның және шет мемлекет азаматтарынан түрлі сұраныстар келіп жатады. Қаулы, еңбек өтілі, жалақы мөлшері, шешім, өкім, мүлікті жария ету, сатып алу, жекешелендіру т.б бойынша сұраныстарға заңда белгіленген тәртіп бойынша анықтамаларды беріп, халықтың көңілінен шығуға әрдайым тырысамыз.

Құрметті Қапшағайлықтар баршаңызды осы ұлық мереке – Ата Заңымыздың 20 жылдық және осыған тұспа -тұс келіп жатқан Қапшағай қаласының 45 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын ағайын!

 

Қапшағай филиалының директоры Ж.Серикбаев