KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Публикации и выставки

Ата Заң алтын тұғырымыз!

 

1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Конституция осы жылдар ішінде жас мемлекеттің, билік пен басқару жүйесін жан-жақты нығайтып қана қоймай, ел экономикасын түбегейлі реформалауға, сыртқы және ішкі саясаттың оң нәтижелі жүзеге асуына ықпал жасады. Қоғамда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын орнатты, елімізде ең үздік экономика құрылды. Ата Заңымыз қабылданғаннан бері Іле ауданының тарихында да атаулы өзгерістер мен мол табыстарға жетті. Осы жылдар аралығында халқымыздың әлеуметтік жағдайы және, ауыл шаруашылығы жақсарып, экономикамыз алға ұмтылуда. Ауданымыздың алға өрлеуіне өнуіне біз мұрағатшылар өз үлесімізді қосып келеміз. Іле ауданының мұрағаты 1998 жылы 22 желтоқсанда қабылданған «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңға сәйкес қызмет атқаруда. Аудандық мұрағат Алматы облысы әкімінің 2004 жылы шілде айында № 7-79 шешімімен филиал құрылған. Бүгінгі таңда мұрағат Іле ауданы бойынша 147 қор, 41794 – сақтау бірлігімен толықтырып отыр. Сол құрылған уақыттан бастап Іле ауданының халқына қызмет көрсетіп. 2013 жылы 1590, 2014 жылы 1750 әлеуметтік құқықтық сұраныстар орындалса, 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында 1040 әлеуметтік –құқықтық сұраныстар орындалып аудан тұрғындарына қызмет істеуде.

Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаңғырту – мұның бәрі берік конституцияның негізде жүзеге асырылуда және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағытталған

Ата заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті.
Конституция күні қарсаңында жас ұрпаққа отаншылдыққа тәрбиелейтін осындай жетістіктерімізді еске алу және жоспарларға қол жеткізу - әр азаматтың парызы деп санаймын.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, дами берсін дегім келеді.

 

Іле филиалы директоры Э. Умбетова