KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Видеотека









Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Публикации и выставки

ҚОҒАМНЫҢ  ЖАҢҒЫРУЫ – ЕЛІМІЗДІҢ  ӨРКЕНДЕУІ

Тәуелсіз Қазақстанның 26 жыл өркендеуіне, экономикасының дамуына баса мән берген Елбасы Н. Ә. Назарбаев еліміздің мәңгілік ел болуына, озық 30 елдің қатарынан көрінуіне бар күш-жігерін салып, басшылық етуде. Елбасыының халқына арнаған жолдауларында еліміздің өркендеп, алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көрінуге бастайтын нақты мақсаттар қойып, жүзеге асыратын тапсырмаларды белгілеп берді. Енді міне, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жария етті. Болашақ ел болу үшін қазірден бастап оған бастар жұмыстардың негізгі ірге тасын қалау керек. Ол үшін мемлекет басшысы жаңғыруға бастайтын ұлттық код, мәдениетті сақтау, ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керектігін атап өтті.

«Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық.

Біз саяси жаңғыру мен экономикалық реформаларды жүзеге асыруды қолға алып, бүгінгі күнге нақты нәтижелермен жетіп отырмыз. Президент бұл мақсатты толық орындау үшін «Санамыз ісімізден озық жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» деді.[1]

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері, еліміздің даму тарихында көптеген жаңа үрдістер мен өзгерістер болып жатыр. Тарихымызға деген көзқарас бұрынғы кеңес дәуіріндегідей бір жақты емес, жан-жақты қамтитын тың деректермен жаңарып толығуда. Осы бағытта жұмыс істеп жатқан ғылыми мекемелердің, оның ішінде архивтердың атқарып жатқан жұмыстары ауыз толтырып айтуға тұрарлық.

Архив – тарих айнасы. Архив – халықтың деректі ескерткішін, ұлттың тарихын сақтаушысы деп бекер айтпаймыз. Архивтағы құжат болған оқиғаны еш айна – қатесіз баяндайтын айғақты құрал. Қазіргі уақытта архивтер көпшілік қауымға есігін айқара аша бастады, ондағы құпия болып келген, еліміздің өткенін паш ететін кейбір құжаттарға зерттеушілер қол жеткізе алатын халге жетті. Сонымен қатар архивтер тек өз еліміздің шеңберінде ғана емес, шетелдік аренаға шығып, тарихымызға қатысты шетел архивтарындағы көптеген құжаттармен өз қорларын толықтырды. Бұл салада жұмыстарды қарқындатуға елбасы қабылдаған 2004-2006 жылдарға арналған Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының көмегі көп болды. Бұл құжаттарды осы уақытқа дейін жекелеген ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектері үшін шетелге барып, сол жерде зерттеп, өз жұмыстарына пайдаланып келді.[2]

Елбасы 2013 жылы «Халық тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең беделді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттегенін, болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығы емес, адамдардың бәсекелестік қабілеттігімен айқындалатынын, ол үшін заман талабына сай компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты алғы шарттарын атап көрсетті. Сондықтан да ұлттық бірегейлікті сақтау арқылы білімнің салтанат құруын, Қазақстанның эволюциялық дамуын, сананың ашықтығын алға қойып, таяу жылдардағы атқаратын міндеттерді нақтылап атап көрсетіп берді.

Елбасымыз қазақ халқының өркендеп, болашақта бәсекеге қабілетті, алдыңғы қатарлы мемлекеттермен терезесі тең, заманауи технологиялар мен коммуникацияны, 21 ғасырдағы ғылым мен білім беру процестерін игеріп, бәсекеге қабілетті болу үшін қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек деді.

Тіл – қоғамдық құбылыс. Тек қоғам бар жерде, ұжым бар жерде ғана тіл болады. Қоғамнан тыс жерде тіл болмайды, тіл халықпен байланысты, сол халықтың өкілдері арасындағы қатынас құралы болып табылады. Тіл бар жерде жазуда бірге жүреді. Бірақ қазақ қоғамының көшпелі жағдайында жазба куәларды сақтаудың мүмкіндігі болған жоқ. Сондықтан да біздің ата бабаларымыз өзінің есте сақтау қабілетіне сенген және ұрпақтан-ұрпаққа өзінің ауызша тарихын – шежірені жеткізіп отырған. Сонымен қоса, қазақ қоғамында осы уақытқа дейін 3 жазу түрі қолданылды. Олар: Кез – келген халық тарихи фактілерге, құжаттарға сүйенеді. Соның негізінде қазақ қоғамында

  1. Араб жазуы (1929 жылға дейін);
  2. Латын жазуы (1929 – 1940 жж. арасы);
  3. Кириллица (орыс) жазуы (1940 жылдан бастап).қолданысқа енгізілді. [3]

Құжатта көрсетілген түрлі фактілерді, құжаттарды нақты, толық айта алатындар – әрбір фактіні жан – жақтан моншақ тергендей жинап, бүкіл өлке, аймақ, мемлекет тарихын орнына келтірушілер – архивистер екендігі анық. Бүгінгі күні «Алматы облысынының мемлекеттік архиві» КММ-нің Еңбекшіқазақ филиалында 1933-1936, 1938-1941 жылдардағы латын графикасында сақталып жатқан 2 қор, 12 сақтау бірлігі анықталған.

«Президент рухани жаңғыруды жүзеге асыруда, әлемде ешкімге ұқсамайтын дербес ұлт болуымыз үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру міндетін қойып отыр. Мәдениетіміздің озық үлгілері әлемдік деңгейде кеңінен танылып, дүниежүзіндегі бәсекеге қабілеттілігі халықаралық деңгейге сай болуы қажет. Мәдениетті жасайтын халық болғандықтан, осы идеяның аясында замандастарымыздың жетістіктерін көрсетуге бағытталған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы қолға алынатын болады. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерге қол жеткізуге мол үлес қосқан тұлғаларымызды елге танытуды көздейтін жоба болмақ».

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына өзіміздің Еңбекшіқазақ ауданынан шыққан немесе ауданымызды елге танытқан, еңбегі сіңген азаматтарды ұсынсақ еді. Қазіргі кезде барымызбен марқайып, оны елге танытып, жақсының жақсылығын айтып отыруымыз қажет. Сондай азаматтарымыздың қатарына Еңбекшіқазақ ауданының атын елге, дүниежүзіне танытқан Есік қорғанынан «Алтын адамды» тапқан Кемел Ақышев пен Бекмұханбет Нұрмұханбетұлын, қазақтың тума та­лант дарыны, қол­өнер ісінің көркем ше­бері, зергер—Дәркембай Шоқ­парұлы мен оның ізбасары Дәулет Дәркембайұлы Шоқпаровты, ғалым, фармацевтика ғылымдарының докторы, Денсаулық сақтау ісінің үздігі Кеңесбай Үшбаевты, ғалым, тех. ғыл. докторы Арынов Қажымұқан Тохтиярұлын, ғалым, саясаттану ғыл. докторы Бижанов Ахан Құсайынұлын, ақын Тұманбай Молдағалиев, ақын Розахунов Жамшитжан, жазушы Нұрлан Қалқа, актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі Теменов Талғат Досымғалиұлын, ақтер, режиссер Ұзақов Болат Қасымжанұлын, спортшы, кикбоксинг бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, екі мәрте Европа, Азия чемпионы, әлем кубогінің жеңімпазы Қайыпжанов Елмұрат Мұқашұлын спорттық гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Калиева Қарлығаш Керімжанқызын т.б. ауыз толтырып айтсақ болады. [4]

Осындай азаматтарымыздың құжаттарын, жеке заттарын «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Еңбекшіқазақ филиалына қабылдау болашақта жоспарланып отыр. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болар» демекші Еңбекшіқазақ аудандық архив қызметкерлері сіздерден өз құжаттарыңызды мемлекеттік архивқа өткізуге шақырады. Себебі, сіздердің бүгінгі күнгі құжаттарыңыз, еңбектеріңіз ертеңгі күнгі тарих, тек ауыл, аймақ шеңберінде ғана емес, Қазақстанның да өткен тарихының бір бөлшегі болып табылары анық.

2015 жылдың сәуір айынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпаратты жүйесімен «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Еңбекшіқазақ филиалының сақталуына қабылданған құжаттардың қорлар тізімдемесінің құрамы мен мазмұны электронды деректер базасына толықтай енгізілді.

ҚР Президенті – Нұрсұлтан назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руханы жаңғыру» атты мақаласы бойынша архив саласында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес жаңғырулар орын алып отыр.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске қосумен халықтың мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын мекемелерге барып, табалдырығын тоздырмай үйде отырып та өз шаруаларын бітірулеріне үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Сұраныс берушілерге «Архивтік анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарынан өте ыңғайлы әрі жылдам нәтиже алуларына болады. Егер біз жылына 4 мыңға жуық архивтік анықтама беретін болсақ, енді «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының арқасында,бұл көрсеткіш еселене түседі.

Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Дана халқымыз да: «Адамның басшысы – Ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап» деп айтқандай, әр адам қоғамның жаңғыруы үшін әуелі өздерінен бастау керек. Сонда ғана еліміз өркендеп алдыңғы қатарлы, мәңгілік ел бола аламыз.

 

Еңбекшіқазақ филиалының директоры                                  Р. Тохмамбетова  

 

 

Келісілді
«Алматы облысының
мемлекеттік архиві» КММ-нің
СК-ның  «___»__________2017 ж. №_____     хаттамасымен

 

Әдебиеттер тізімі

  1. «Қазақ тілі» С. М. Исаев «Өнер» баспасы, 2007 ж. 207 б. (5-6 бб.)
  2. «Қазақстан тарихы» Шың ЖОО түсушілерге арналған оқулық, Алматы 2006 ж. 355 бет. (242-246 бб.)
  3. «Рухани жаңғыру: озығын алып, тозығын тастау» Қ. Тоқаев 13.04.2017 ж. el.kz сайтына.
  4. «Туған өлке» тарихи – өлкетану мұрағат журналы, 2007 ж. №1(8) 91 бет.
  5. «Жетісу энциклопедиясы» Алматы «Арыс баспасы» 2004 ж. 701 бет.

[1] «Рухани жаңғыру: озығын алып, тозығын тастау» 13.04.2017 ж. el.kz сайтынан

[2] «Туған өлке» тарихи – өлкетану мұрағат журналы,2007 ж. №1(8) 88 бет.

[3] «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі»  Шың ЖОО түсушілерге арналған оқулық, Алматы  2006 ж. 242-246 беттер, 2008 ж. 11-13 беттер.

[4] «Жетісу энциклопедиясы» Алматы «Арыс баспасы» 2004 ж. 701 бет



Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Елдің құқығы өз қолында. Солардың бірі- Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақты күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.

Конституция еліміздің ұлттық саяси-құқықтық, оның мемлекеттігі мен егемендігінің заңдық негізі. Республиканың сөзсіз жетістіктері мен Елбасы көрсетіп берген өршіп мақсат-Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында одан әрі үдемелі даму үдерісі арқа тірейтін іргетас болып табылады. Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, Республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Соңдықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек. Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпы ұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.

Құжатсыз тарих жоқ, тарихсыз мемлекет, ұлт жоқ демекші Алматы облысының мемлекеттік мұрағатының Еңбекшіқазақ филиалы ауданымыздың алға өрлеуіне өз үлесін қосып келеді. Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 22.12.1998 жылғы Заңының негізінде шаруашылық есептегі жеке құрам бойынша мұрағат пен оның филиалы 1999 жылдан бастап Еңбекшіқазақ филиалы болды. Филиалдың басты мақсаты аудан үшін тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени маңызы бар құжаттарды жинақтау, тұрақты сақтауға жататын мұрағаттық құжаттардың сақтауын қамтамасыз ету мен есепке алу, ведомстволық мұрағаттар қызметі мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, аудан аумағында орналасқан мемлекеттік ұйымдардың іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыруына ұйымдастырушылық - әдістемелік басшылық жасаумен қоса мекемелік сақтауда жатқан құжаттардың сақтау жағдайын тексеру мен есебін жүргізу. Филиал жылдың бірінші жарты жылдығында 1602 әлеуметтік – құқықтық сұраныстар қабылдап орындады.

20 жылдын ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің ірге тасың қалап бүкіл әлемге танытты. Конституция – біздің бірлігіміз бен татулығымыздың кепілдігі.

 

Мұрағатшы Д.Матаева