KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Видеотека









Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Публикации и выставки

Конституция туралы

 

Конституция кү­­­­ні – біздің мемле­ке­тіміздің, халқы­мыз­­­дың ең ұлық мерекелерінің бірі. Ата Заңымыз – мызғы­мас мем­ле­кет­тігі­міз­дің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елді­­гіміздің бұл­жы­мас бағдары, кемел келеше­гі­міздің кепілі! Конституциямыз адам құ­қық­­­тарының жал­пыға бірдей 1991 жылдың 16 желтоқ­са­нын­да қа­был­данған Декларациясы ру­хын­да жазылып, қабылдан­ды. Сондықтан да Ата Заңы­мыздың басты да артықшы­лық­қа ие қа­ғидаты – біздің рес­публикамыз­д­ың ең қым­бат қазынасы – адам, оның өмірі, бос­тан­дығы және қол сұғуға бол­майтын құ­қық­тары деп мо­й­ындалуы. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­касында бірінші кезектегі іс-әрекет, мемле­кеттің сая­саты азаматтардың және қоғамның мүд­десіне бағышталады, сон­дық­тан да біз­дің мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық деп жарияланды.Ата Заңымыздың беріктігі арқасында еліміз әлемдік саясаттың сахнасына шы­ғып, өзін мойындата білді. Заңына қарап елін та­ни­тын заманда Қазақ мемлекеті дүниежүзін­дегі ең ірі және беделді ұйым­дардың бірі Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті. Араға айлар салып ресми Астана Ислам ынтымақтастығы ұйы­мына басшылық жаса­ды. Конституцияны басшылыққа ала отырып біз тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді нығайту жолында ғасырлық мәні бар ауқымды істер атқардық.

 

 

Мұрағатшы З.Жылгелдиева