KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Видеотека









Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Публикации и выставки

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы Ақсу филиалының
қол жеткізген жетістіктері

 

1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Өтпелі кезеңнің түрлі қиындықтарында Ата Заңымыз алтын діңгек бола білді.Бүгінгі күні Қазақстан ішкі тұрақтылыққа жетті, елімізде ең үздік экономика құрылды. Конституция күні мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілген. Негізгі заңда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, оның ең қымбат қазынасы ретінде – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары белгіленді.

Биыл Ата Заңымызға 20 жыл толғалы отыр - бұл аз уақыт емес, осы кезеңде мұрағат саласы да біраз жетістіктерге жетті. Соның ішінде Ақсу филиалы да өз үлесін қосты.

Кез келген халық тарихы фактілерге, құжаттарға сүйенуге тиісті. Оларда көрсетілген түрлі фактілерді, құжаттарды нақты, толық айта алатындар – әрбір фактіні жан-жақтан бұршақ тергендей жинап, бүкіл өлке, аймақ, мемлекет тарихын орнына келтірушілер – мұрағатшылар екендігі анық.

Филиал өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР «Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы» Заңын, байланыс және ақпарат министірлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің, Мұрағаттар және құжаттама басқармасының, Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының бұйрықтарын, нұсқауларын және филиал ережесін басшылыққа алады.

Ақсу филиалының негізгі қызметі құжаттарды сақтау, жинақтау және есепке алу,ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану,ведомостволық мұрағаттарды бақылау.

Сонымен қатар ҚР Конституциясының талаптарына сәйкес әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындап,мемлекеттік қызмет көрсету уақытылы жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғаларға сұрау салған мәселелері бойынша тиісті мұрағаттық анықтамалар беріледі. Олар әр түрлі тақырыптық сипатта болады. Мәселен: еңбек өтілін растау, жылжымалы мүлік туралы т.б. мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық көшірме және мұрағаттық үзіндітүрінде болады.

Яғни осы аралықта мұрағатшылар Гордымова В.С., Мейрембекова Р.М. Ақсу филиалында 20 жыл ерен еңбектері үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», директор Шарипова К.И. Ақсу филиалында 20 жыл ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальмен марапатталғандарын мақтанышпен айтамыз.

Ата Заңымыздың 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін!

 

Ақсу филиалының мұрағатшысы Г. Мейрамбекова