KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Публикации и выставки

Стенд посвященный к 550-и летию Казахского ханства

В читальном зале Государственного архива Алматинской области был размещен стенд, посвященный 550-летию Казахского ханства. Передвижной стенд выполнен в этническом стиле, где на каждый период в истории правления ханства составлена краткая аннотация. Он, также был представлен на конференции «Өрісің өркендесін - Қазақстан!», в Областной универсальной библиотеке имени Сейфуллина в город Талдыкорган, посвященной юбилейным датам Республики Казахстан- 70-летию Великой Победы, 20 лет Конституции, 550-летию Казахского ханства, 200-летию Суюнбая. В конференции принимали участие писатели и акыны области, работники районных и городских учреждений культуры.

Казахское ханство сформировалось в XV веке. Свое формирование начало с реки Шу и Талас, во главе с ханами Кереем и Жанибеком. Это важное событие в истории казахского ханства сыграло решающую роль в объединении казахских племен, заселенных на обширных регионах. С годами Казахское ханство укреплялось, становилось сильным и стойким. Политический и общественный смысл этого события в том, что построенное в 1465-66 годах Казахское ханство являлось первым национальным государством в Средней Азии и главный смысл в том, что нация создавшая ханство – казахский народ и сегодня показывает себя жизнеспособной. Казахский народ не только создал ханство, но и по пришествие веков трудится для признания народами мира своего государства и присоединения к сильным государствам.

Как сказал Лидер Нации, «Мы обязаны знать свою историю, так как народ, не знающий своей истории, и себя не уважает».

 


 

«Конституция – ерікті елдің құқығы»

Халық деген мыңдаған, миллиондаған адамдардан құралатын этникалық ұғым. Әр халықтың өзінің даму жолында бастарынан өткен этникалық тарихы, заттай және рухани мәдениеті бар. Олар өздерінің ғасырлар бойы жасаған жемісті еңбектері арқылы дүниежүзілік мәдениетті дамытуға үлестерін қосып келеді. Сондай халықтардың бірі- қазақ халқы.

1Қазақ совет археологы және этнограф, тарих ғылымының докторы, профессор, Ұлы отан соғысының ардагері Уахит Хамзаұлы Шәлекеновтің Алматы облысының мемлекеттік мұрағатында сақтауда тұрған құжаттарына үңілетін болсақ, Конституцияның 1-ші бапбында келтірілген Қазақстан Республикасында тұрушы сан жағын көпті-азды халықтардың баршасына тең права беріп, бәріңіз осы Конституцияның нұрына болып, «бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып» тұрмыс құрайық, жемісті қызмет істеп, оның игілігіне ортақтасайық және рухани байлығымызды да дамытайық деп жариялап отыр. Бұндай әлеуметтік заң әрбір азаматты жан-жақты қорғауға арналған. Қазақ Республикасының Конституциясының жобасы дербес мемлекетіміздің алдына қойған мақсатын орындауға арналған тарихи құжат,оны тезірек қабылдаса болар еді,- деп жазады өзінің қолтаңбасында, міне осындай ұлы тұлғалар арман еткен, көптен күткен Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

«Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі».

Қазіргі дүниедегі кез келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын тәуелсіздігімен қатар, Конституциясын қабылдаудан бастайды. Кез-келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтының құндылығын айқындайтын Негізгі Құжат-Конституция.

Қазақстан тәуелсіздігінің тарихна жүгінсек, 1995 жылы атқарылған жұмыстар елдің үлкен белестен бір аттағанын, басты асуды асқанын айғақтар еді.Соның ішінде 1995 жылдың 30 тамызындағы Конституцияны қабылдаудың маңызы айтарлықтай ерекше болды. Елдегі саяси өзгерістерге орай,сол жылы Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен сарапшылар тобы құрылып, олар әлемнің көптеген елдерінің Конституцияларын, әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысында қабылданған Негізгі Құжаттарды мұқият сараптаудан өткізді.

Бұл жөнінде Елбасы: «1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ, ол егемен Қазақстанда конституциялық құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, сондай –ақ біздің жағдайымызға сәйкес келетін ең прогресшіл шетелдік тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан да, кімде-кім еліміздің негізгі заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек »- деген болатын.

____________________

12268-қор,1-тізімдеме,65-іс.

 

Осылайша, дүниеге келген Конституция тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл болып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтып отыр десе де болады. Алайда, заман ағымына қарай негізгі заңымыздың өзгеріске ұшырауын да ешкім жоққа шығара алмасы анық. Дегенмен, қазіргі өмір бойғы басты міндетіміз-Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс.

Биыл ел болып жиырма жылдығын атап өтіп отырған біздің Ата Заңымыз өз өміршеңдігін көрсетті. Конституция қағидаттарына сәйкес, еліміздің демократиялық жолмен даму бағыты айқындалды. Құқықтық мемлекет қалыптастыру қағидалары қоғамда және азаматтардың санасында түпкілікті бекітіліп,өз жемісін беруде. Осының бәрі қолданыстағы Ата заңды арқау ете отырып, оның ережелерінен еш ауытқымай, елге, халыққа қызмет етіп отырған Тұңғыш Президент- Елбасының сабырлы конституциялық саясатының арқасы. Ең бастысы, қазақстан мемлекеттігінің нығаюына, еліміздің дамуына, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берген Конституция тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге де әлеуетті екенін танытып отыр. Ендеше, әрбір қазақстандық Ата заңымызды сыйлап, құрметтей білсе, сол игі.

Барлық құжаттарымызды заңмен рәсімдеп, заңның құзіреттілігімен еңбек етіп, заңды еңбек демалысын алып жүрген, заң бекіткен құқығын пайдаланып, мұрағат ел игілігі үшін деп қызмет етіп жүрген Алматы облысының мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері қазақ халқын, барлық заңның атасы Конституция күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, заң бұзушылық әрекеттер азайсын деп тілек білдіргіміз келеді.
Бұл күн – барша қазақстандықтар үшін ұлы күн.

 

Ұлттық мұрағат қорын толықтыру
және ведомстволық мұрағаттар мен жұмыс
бөлімінің басшысы А.Каримжанова