KZ | RU
RSS

Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Открытое правительство

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Галерея

Категория: Новости
Дата: 16.03.2018
Просмотры: 237 Печать страницы
Галерея

    2018 жылдың 16 наурыз күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Көркемөнер галереясы» МКҚК-да. «Өнерім – өмірімнің өрнегі» атты Талдықорған қаласының Балалар көркемсурет мекебінің дипломдық жұмыстарынан жинақталған көрмесінің салтанатты ашылуын, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ардагер суретшіміз Медешев Қойлыбай ағамыздың батамызбен ашылды.

       Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт – дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан – жақты дамыған өнеге, өнерлі азамат тәрбиелейтін ұлттық мейрамымыз.

    Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні.

    Балалар көркемсурет  мектебі 1979 жылы ашылды. Бұл өнер шаңырығының мыңнан астам шәкірттері сурет өнерінің қыр – сырымен танысып, өмірде өз орындарын тауып жатыр.

    Балалар көркемсурет мектебінде 12 – і ұстаз еңбек етеді, оның ішінде жоғарғы санатты ұстаздар, Қазақстан суретшілер одағының мүшелері: мектеп директоры Мырзатаев Серік Әбдірәсілұлы, оқу ісінің орынбасары Бакирова Әлия, Шалабаева Қарлығаш Есенқызы және Әбдірәсілов Ерғали Мырзатайұлы.

  «Балалар көркемсурет мектебінің» ұжымы 2010 жылы ҚР ЮНЕСКО клубының мүшелігіне кірді.

   Қазіргі таңда «Балалар көркемсурет мектебінде» 300 – ден астам бала білім алуда.