KZ | RU
RSS

Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Открытое правительство

Противодействие коррупции

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

«Бояулар әлемінде» атты галереяның негізгі қорындағы туындылардан жинақталған көрменің ашылуы

Категория: Новости
Дата: 16.02.2018
Просмотры: 338 Печать страницы
«Бояулар әлемінде» атты галереяның негізгі қорындағы туындылардан жинақталған көрменің ашылуы

       2018 жылдың 16-ақпанында «Көркемөнер галереясының» негізгі қорындағы танымал суретшілердің туындыларынан жинақталған «Бояулар әлемінде» атты көрме ұйымдастырылып көрерменнің назарына ұсынылып отыр.

       Қазақ  бейнелеу өнері, ұлттық көркем мәдениеттің бір бөлігі.     

Бүгінгі көрме залында елімізге танымал суретшілердің ең үздік туындылары сурет өнері туралы сыр шертеді. Себебі сурет-өнер туындысы, әрі тарих десек, суретшілік- өміршең өнердің бірі. Суретші-сол шексіз тарихтың бір сәтін ұзақ уақытқа «тоқтата» алған шебер. Мұндайды қазақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дейді ежелден. Өйткені әрбір суретшінің, әрбір картинаның өзіндік алған бағасы, өзіндік тарихи мәні, ұрпақ қажеттілігіне жаратарлық құндылығы бар десек артық айтқандық емес.

     Жалпы әрбір суретшіні белгілі бір деңгейде композитор деуге болады. Өйткені олардың әрқайсысының әр туындысының өзіндік ішкі музыкасы болады. Демек суретті түсініп, оқи алған адамға суретшілердің әр картинасында өмір бар, сезім бар, махаббат бар.

    Бүгінгі көрмеге  галереяның негізгі қорындағы танымал суретшілер: Г.Ысмаилова, К.Муллашев, Х.Қиқымов, А.Қазғұлов, А.Шаржанов, Қ.Ақашев және т.б. әр – түрлі жанрда жазылған 30-дан астам туындылары қойылып отыр.

         Көрменің негiзгi мақсаты:  Қазақстан халқын отан сүйгіштікке, ұлттық мәдени-мұраны сақтау, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, рухани байлығымызды жоғалтпай, асқақтату, ұлттық рухта тәрбиелеу. Егемендi елiмiздiң қол жеткiзген толымды табыстарын, жеткен жетiстiктерiн, шыққан биiктерiн, қарышты қадамын, заңғар заманын әлемге паш ету. Тарих тағлымдарын кеңiнен насихаттау.