KZ | RU
RSS

Навигация

Информация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Ер есімі ел есінде!

Категория: Новости
Дата: 13.02.2018
Просмотры: 186 Печать страницы
Ер есімі ел есінде!

Ойы тұнық, қимылы қылыш бабаларымыздың ерлігі жадымызда мәңгі сақталып, өнегесі болашаққа күш – қайрат, рух береді. «Ер есімі – ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған ата- апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге күн нұрындай шуағын шашпақ. Осындай өмірі үлгі ағаларымыздың бірі – Бейсебек Қорғанбаев (09.05.1923-10.10.2011). Ол Алматы облысы, Ақсу ауданына қарасты «Кеңжыра» аулында дүниеге келген.

Ата -анасы қатардағы колхозшылар болған. Бейсебек Мұқанұлы 1931 жылдан 1941 жылға дейін Ақсу ауылындағы мектепте білім алған. 1941 жылдың тамыз айынан 1947 жылдың сәуір айына дейін Кеңес

 Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан 2- ші топ мүгедегі болып оралады.   Қапал педагогикалық училищесін, Абай атындағы Алматы педагогикалық институтының оқу бөлімін сырттай бітіріп, қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алады. 1947 жылдың тамыз айынан бастап, Алғабас бастауыш, Чапаев атындағы орта мектептерінде мұғалім, Пушкин, Гоголь, Алтынсарин, Сатбаев атындағы мектептерінде директор  болып жұмыс атқарды, Ақсу аудандық коммунистік партияның үгіт – насихат бөлімінің меңгерушісі, Басқан совхозының партия комитетінің хатшысы, Ақсу райком партиясының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Ақсу райсовпрофтың төрағасы, Ақсу аудандық білім бөлімін басқарған.

     Бейсебек Мұқанұлы 1958 жылы Коммунистік партия Одағының  мүшесі боп қабылданды. Ақсу аудандық  халық депутаттары кеңесінің жауапты хатшысы, 1992 жылдан 2001 жылға дейін Ақсу аудандық ардагерлер қауымы кеңесінің төрағасы болып қызмет еткен.

     Ол  Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ ССР-нің, СССР- дің үздік ағартушысы төсбелгісімен, . ҰОС – ның 40 жылдығына, Ұлы Отан соғысының  2 дәрежелі орденімен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

   Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңілсек, қазақ азаматтарының қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың  Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.

     Бейсебек Мұқанұлының өмірі көпке үлгі.Жастайынан зерделігімен танылған ол өнегелі ісімен елдің есінде қалды. Топырағы алтын, суы бал қасиетті даламыздың гүлденуіне өзіндік үлесін қосты. Қорғанбаев Бейсебек Мұқанұлының жеке құжаттары «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ Ақсу филиалында мемлекеттік сақтауда.

Негізі: Қор № 554 Қорғанбаев Б.М. жек қор

(қосымша Қорғанбаев Бейсебек Мұқановичтың фотосы )

 

Мақаланы дайындаған: «Алматы облысының мемлекеттік архиві»

КММ  Ақсу филиалының директоры Мейрамбекова Гулжан Мейрамбекқызы