KZ | RU
RSS

Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Открытое правительство

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Архив

Категория: Новости
Дата: 09.02.2018
Просмотры: 257 Печать страницы
Архив

        09 ақпан 2018 жылы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясында«Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай филиалы архивінің ұйымдастыруымен «Қарасай ауданының – латын графикасы» атты архив көрмесі өтті. Көрмені «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Қарасай филиалының архивисті Д. Бакилова жүргізіп, баяндамасын оқыды. Көрмеге архив және кітапхана қорларынан анықталған 1928-1941 жж. аралығында латын графикасында жазылған ерекше құжаттар қойылды. Шараға Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп оқушылары,архив қызметкерлері қатысты

 Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен Латын әліпбиіне көшу реформасын қолдау, үгіт-насихат жұмысын жүргізу мақсатында «Алматы облысының мемлекеттік архиві» мен «Алматы облысының мемлекеттік архивінің» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай филиалы аса құнды құжаттар мен сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың көрмесін өткізді.

         Көшпелі көрме 2017 жылдың қараша айында Талдықорған қаласынан бастау алып, облыстың барлық аудандарында жалғасын табуда.