KZ | RU
RSS

Навигация

Информация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Қонаев жолы-халық жолы

Категория: Новости
Дата: 12.01.2018
Просмотры: 120 Печать страницы
Қонаев жолы-халық жолы

Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың туған күні қарсаңында музей келушілерге Ұлы Тұлғаның ғибратты ғұмыры мен  мемлекет және қоғам алдындағы ұлағатты еңбек жолын ұлықтап, ұрпаққа таныту  мақсатында «Қонаев жолы-халық жолы» атты апталық көрме ұйымдастырылды.

Сондай-ақ,  апта ортасында музейдің «Қонаев» экспозициялық залында Бақбақты ауылы, «Жамбыл» орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Балқыбаева Венера және мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Білдебаев Нұржанның қатысуымен Димаш бабамыздың құрметіне қойылған Дінмұхамед есімді аталмыш мектептің балаларымен кездесу өткізілді. Жиынға 2 сынып оқушысы Болатұлы Дінмұхамед, 3 сынып оқушысы Есенғали Дінмұхамед, 7 сынып оқушылары Қайнар Дінмұхамед, Мұхамеди Дінмұхамед пен жоғары сынып оқушылары қатысып, музей ұжымының құттықтаулары жолданып, оқушылардың арнау, ода-жырлары оқылып, «Ұлы тұлға есімі ұлт жадында» тақырыбында шолу сағаты мен тақырыптық экскурсия жүргізіліп, естелік суреттер түсірілді.

         Сонымен қатар, 11 қаңтар күні сағат 11.00-де аудандық кітапхана ұжымымен бірлесе отырып, «Ұлтының ұлы ұстазы» тақырыбында әдеби-композициялық танымдық кеш өткізілді. Кеште «Заманның заңғар тұлғасы» атты слайд-шолу көрсетіліп, естеліктер айтылып, «Ұлы тұлға» поэзия минутында оқушылар өлеңдер оқып, Қонаевтың сүйікті әндерінен ән шашу жолданды.