KZ | RU
RSS

Навигация

Памятные даты

История Казахстана

Видеотека









Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Өркенімді өсірген басылым

Категория: Новости
Дата: 12.10.2017
Просмотры: 12 Печать страницы
Өркенімді өсірген басылым

                                                                            Бектемірова  Нүрила  Дәнтайқызы

                                                                              (06 ақпан 1950 жылы туылған),

                                                                              Қазақстан  Жазушылар  одағының,         

                                                                              Қазақстан  Журналисттер  одағының     

                                                                                                                                                                                   мүшесі,  аудандық кеңестің депутаты,                       

                                                                              Көксу ауданының «Құрметті азаматы».

 

                                                                                                                                              

                         

                                                  Өркенімді өсірген басылым

 

                                              

Әң – коңілдің ажары, коңілден шықпаса коңілге жетпейді. Жалпы әң деген адам жаның ақ әлемінде, ой-саңының таза биік шыңында туатың құбылыс. Жақсы әң естісек жанымыз жадырап, көңіліміз ағарып, арманымыз асқар биікке самғайды. Бала күнінде өте арманшыл еді. Қиял көлінде жүзіп, күннің шапағат-шуағына шомылып, көңілінің көгін  қызыл әсем суреттермен безендіріп, әуеде құс болып ұшып кетуге шақ жүретің. Ауылының жап-жасыл орман-көлі, көгілдір тауларының, желмен сырласып, сыр айтқан ақ қайын-теректерінің, көгінде тыныштықтың сазды әуені естілетін, ақ ұлпа бұлт жүзген ашық аспаны, әдемі сурет болып  мәнгі жадында  қалып қойыпты. Жақсылықты, қуанышты сағынып, аңсап жүретін, көңілдің кеңдігін, ойдың биіктігін, намыс оты кеудесіне жанып, жалындаған қайрат-жігерді жоғары бағалап қастерлеп жүретін Бектемірова Нұрила Дантайқызы 1950 жылдың 6 ақпанында Алматы облысы,   Көксу ауданының Быжы станциясында  дүниеге келген. Ақпан айының қақаған суығы болса керек. Соғыстан кейінгі сызды жылдары әлі де болса елдін қарны тоймаған, бүйірі шықпаған, жыртығы жамалмаған қиын уақыт болған екен. 

Көргенің, естігенің қағаз бетіне түсіру, шағын новелла, әнгімелер жазуды бесінші сыныптан бастаған еді. Барлық қолына түскен әдеби кітаптарды талғамай көп оқитын. Тек қана оқып қана қоймай, сол шығарманың шытырманды оқиғасы қөз алдында бейне бір кино көрінісі сияқты елес беріп өтіп жатады екен. Табиғаттың сұлулығына, аспанның көгілдір түсіне, ақша бұлттарға басқаша көзбен қызыға қарап, шалқар көлінде жүзе бергісі келетін.

           Нұрила Дантайқызының  шағын мақалалары бала кезінен аудандық, облыстық баспасөз бетінде жарияланып, сол шығармаларының қалтарысында  таза бір қиялға толы шынайы сезімдер болғаны анық.

Жалпы қалам ұстау үшінде адамға табиғат берген тума талант болуы керек. Ал ол талантты ұштамасаң тұтанбай жатып, сөнген шала болады. Нұриля Бектемірова шеберлікті шыңдайтын арнайы жоғарғы оқу орнында оқыған жоқ. Оған еш бір мүмкіншілдігі де болған жоқ. Бір отбасында үйелмелі-сүелмелі тоғыз бала тәрбиеленіп, тұрмыс тауқыметін көп тартты. Нұриля ес білгеннен бастап не әкесінің не шешесінің өмірлеріне кейіп, ренжіп, тағдырларын лағнеттегендерін естіген емес. Кысқа жіп қүрмеуге келмей жатса  да тәубешіл, мейірман адамдар болған екен. Еш бір мекеменің есігін қағып, балалы-шағалы едім деп алақан жайып, көмек сұрап кормеген әке-шешесі, балаларында еңбексүйгіштікке, өрлікке, қиыншылыққа моймауға тәрбиелеп өсірген.

Алақандай Быжы станциясындағы бастауыш мектеп жабылып, Үштөбе қаласындағы мектеп-интернатта тұрып оқыпты. Интернатқа төлейтін қаражат тапшылығынан  бала-шағаның ішіндегі ересектеу қатарында болғандықтан Нұриля Бозтоған ауылында тұратын нағашы шешесі Әсем апаның қолында, Мұсабек атындағы орта мектепте бесінші класстан сегізінші классқа дейін оқып, 1967 жылы Үштөбе қаласындағы  қазақ теміржол  орта мектебін бітірген екен.

Ата-анасы шала сауатты жандар еді, алайда өсірген ұл-қыздарының білімді болуын армандайтын. Әкесі Дәнтай әнді бір кісідей жаксы салып, құлаққа жағымды, жарасымды қоңыр даусымен той-жиында шырқаған әуендерін кейінде халық әні деп радиодан  беріліп жатқаның Нұриля талай естіген екен.  

          Еңбек жолын  сол кездегі Киров аудандық «Еңбек туы»   газетінде әдеби қызметкер болып бастап ұзақ жыл қызмет атқарды. Сананы тұрмыс билеген уақыт болатын. Отбасының ауыр жүгінде өзі көтеріп, қиыншылықтыда көрді. Алайда жазуға деген жігер-ынтасы еш қашанда ортайып көрген жоқ. Жалғыз байлығыда, сырласыда, досыда, қалам мен қағаз болыпты.

1973 жылы Қазақтың қыздар педагогикалық  институтының библиография және кітапхана факультетін сырттай оқып бітіріп, дипломын алып 1975 жылы Киров аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы, аудандық кеңестің депутаты  болып сайланды. 1991 жылдың қыркүйегінен Көксу аудандық әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізушісі кейін жалпы бөлім бастығы болып мемлекеттік орындарда ұзақ жыл қызмет атқарды. Сананы тұрмыс билеген уақыт болатын. Алайда жазуға деген жігер-ынтасы еш қашанда ортайып көрген жоқ. Жұмыстан шаршап келседе, немесе жалған сөзден жаладан күйініш тартсада жазу үстеліне отырғанда көңілдегі барлық кірбен өз-өзінен шайылып кететін. Өзі  құрған әппақ әлемге кетіп қалатын.

Өмірінде талай қиыншылықты бастан өткізді. Бірақ, жақының жоғалтқанында, өмірдің күрделі бұралаң жолы түкке тұрғысыз, көңіл аударуға тұрмайтын ұсақ нәрсе екенін ұғынған.

Жан жары Әбдіманап екеуі  қосылған күннен бастап, бір-бірін сөзсіз ұғып, жақсы бір жанұя қатарында саналып, өмір кешіпті. Жұптасқан кұннен бастап бетіне қарап, зекіп сөйлемей-ақ кеткен екен. Әрдайым Әбдіманаптың мәртебесі биік болса екен, абыройлы болса екен. Атына заты сай азамат болса екен деп іштей тілеуін тілеген.  Ажал алдында адамзат шарасыз ғой. Одан бері бір ғұмырлыққа жетер 24 жыл өтті. Алла берген балаларын өсіріп, қиында, қызықты талай өмір күндерін бастан кешірді. Кей бір әйелдер жалғыздығын айтып мүнын шағып жүреді. Ал, Нұриля Дәнтайқызы  берген қаламының арқасында жалғыз болып көрген жоқ. Барлық жанындағы жарасы жазған әңгіме-өленімен емделіп кететін.

Н.Д.Бектетемірова өте қарапайым адам, халықтың алдына түспейді, адасса да коппен бірге адасқысы келеді. Менмен, өзімшіл емес. Жоқты да барды да көріп өскен жан.

Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде қанша оңды өзгерістер болды. Тарихқа кеткен жылдардың қиыншылықтарында, жеңістерінде көрді. Оны шыдамдылықпен, сабырлықпен, жігерлікпен, салмақтай алтындай ақылмен жеңе білген қазақ деген халықтың кеменгерлеріне ризашылығын білдіреді.

Ойлана білудің өзі, ақыл-парасатың биік болудың өзі, әр бір ісіңе, қадамыңа сын көзбен қарап, болжам жасап отырудың өзі жаратушы берген сый-бақыт деп біледі.

Қазақстан  Жазушылар одағының, Қазақстан Журналисттер одағының мүшесі. Жас күнінен бері  повесь, әңгіме, өлең, очерк, мақалалар  жазумен шұғылданып  келеді.  «Ұялған тек тұрмас» әзіл-сықақтар жинағы, «Көңіл шамы», «Нұрлы өмір- сырлы өмір», «Бақыттың білесің бе, бағасын?», «Өмір думан-дүние жалған», «Сырлы ғұмырлар әлемі» хикаяттар мен әңгімелер    жинақтарын  қалың оқырман жылы қабылдап, шынайы өмірден алынған  қызықты шытырман оқиғаларға қанық болды.

 Қырықтан астам ән мәтіндерін жазған. Республикалық конкурстарда ән мәтіндерін жазған үшін жүлделі орындарға ие болған. Жетісу өңірінде өткізілген үш мүшәйраның жеңімпазы.

          Қазіргі кезде «Өмір  бір басқа, көңіл бір басқа» хикаяттар мен әңгімелер жинағын  дайындап, облыс әкімінің  қолдауымен  жарық көретін шығармаларды  сарапқа салатын комиссияның  қарауына ұсынды.

 Халықаралық «Қазақстан-заман» газетінің Алматы облысы бойынша тілшісі  қызметін  атқарады.  Алматы облыс әкімі  жариялаған журналистер арасындағы байқауда бір неше рет жұлделі орындарға ие болған.

Отбасында ардақты ана, асыл әже атанған  Нұрила Дантайқызы  өмірден өткен жолдасы Әбдіманап ағаның құтты шаңырағын ұстап, балалары мен немерелерін тәуелсіз еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосуға тәрбиелеуде.

Мақаланың авторы  -  Шарипова Гульнар, Талдықорған мемлекеттік архивінің кадр және қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінің басшысы