KZ | RU
RSS

Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Открытое правительство

Противодействие коррупции

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

«Сақ мәдениеті» көрмесінің тұсаукесері

Категория: Новости
Дата: 04.10.2017
Просмотры: 379 Печать страницы
«Сақ мәдениеті» көрмесінің тұсаукесері

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, облыстық Мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен, 
«Сақ мәдениеті» көрмесінің тұсаукесері өтті. Көрмені «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Талдықорған қаласындағы М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейіне алып келді. 
Көрме «Жетісу жартас суреттері», «Алтын адамның құпиясы», «Пазырық кілемі», «Өрнек олжалары» және «Ақсудың ақиығы – Бекен Нұрмұханбетов» сынды бес бөлімнен тұрады. 
Мақсаты – тарихи мұраларға бай Жетісу өңірінің қазынасын көпшілікке таныстыру, насихаттау, ата мұраларымызға жанашырлық танытытып, оны қорғауға үндеу. 
Көрмеде Алматы облысы тұрғындарының назарына тұңғыш рет Алтайдан табылған, дүниедегі ең көне кілем болып табылатын «Пазырық кілемінің» көшірмесі, «Есік» қорық-музейі археологтарының зерттеу жұмыстары нәтижесінде табылған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Өрнек ауылы маңындағы «Өрнек қорымдары» жерлеу кешенінің қазыналары, Жетісу жартас суреттерінің соңғы жаңалықтары, «Алтын адамның» көпшілікке беймәлім құпиялары, Жетісудың перзенті, Ақсу ауданының тумасы, «Алтын адамды» алғаш ашушылардың бірі – Б. Нұрмұханбетовтың өмірінің әр сәтінен алынған фотосуреттер сынды қызықты материалдар орын алады.
"Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған көрме қала тұрғындары назарына 1 ай көлемінде ұсынылады. Келем деушілерге есік ашық!