KZ | RU
RSS

Навигация

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Көрме

Категория: Новости
Дата: 22.05.2017
Просмотры: 245 Печать страницы
Көрме

     2017 жылғы мамыр айының 22 күні «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Текелі филиалы және Текелі қаласының әкімдігінің қалалық кітапханасымен бірге «Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК барып колледж студентеріне "Алаш қозғалысына – 100 жыл", «Ашаршылық құрбандарын еске алу», «Репрессияға ұшырағандарды еске алу» тақырыбында көрме және саяхат өткізілді.

      Көрме және саяхатқа Текелі қаласының әкімдігінің қалалық кітапханасының қызметкерлері және «Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК студенттері қатысты.

    "Алаш қозғалысына – 100 жыл", «Ашаршылық құрбандарын еске алу», «Репрессияға ұшырағандарды еске алу» тақырыбында көрме және саяхатта «Репрессия құрбандары» презентация 1 минут. (Еске алу, үнсіздік жарияланды), Осы аталмыш тақырыптар жайлы слайд көрсетілді. «Қазақстанның  “лагерлік  өлкеге” айналуы» тарихи шолу, XX ғасырда қырылып, жаппай қуғындалып, атылған, 1937-1938 жылдардағы сталиндік репрессиясынның құрбандары халықтың қамын ойлаған зиялы азаматтарды еске алу. Оның ащы ақиқат екендігіне көз жеткізу. «Алаш» қозғалысы» – ХХ ғасырдың басында Семей қаласында оянған дәуіріміздің ұлы оқиғасы туралы. Алаш қайраткерлері туралы қысқаша мәліметтер және Алаш қайраткерлерінің тізімімен таныстырып өтті. Көрмеден алаш көшбасшылары Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев т.б. фотолар орын алған. Саяси қуғын-сүргін құрбандары, қазақ зиялыларының фото шеруі өтті.

        «Алаш» қозғалысы» – ХХ ғасырдың басында Семей қаласында оянған дәуіріміздің ұлы оқиғасы. Сонау 1920 жылдардағы күйреуге қарамастан, «Алаш» идеясы ұлттық мемлекетіміздің іргелі негіздерін қалады және жаңа тарихи жолы – Тәуелсіз Қазақстан жылдары қайта жаңғырды.

Алаш қозғалысы - 20 ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеуметтік күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.

       ХХ ғасырдың басында Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш зиялылары халқының болашағы жолында саяси күрес додасына түсті.  Осыдан 100 жыл бұрын құрылған Алашорданың бүгінгі бейнесі – Тәуелсіз Қазақстан. Ал бүгінгі Қазақстанның алып жері Алаш арыстарының аманаты. Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін», Мағжанның тілімен айтқанда «Мен жастарға сенемін» деп болашақ ұрпақ үшін тәуелсіздіктің алғышарттарын жасап кеткен еңбектері Егемен Қазақстанның қалыптасуының негізін қалауға мүмкіндік берді.