KZ | RU
RSS

Навигация

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Тәуелсіздік-тәу етер жалғыз кием

Категория: Новости
Дата: 02.12.2016
Просмотры: 319 Печать страницы
Тәуелсіздік-тәу етер жалғыз кием

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қалжат ауылдық округінде   « Тәуелсіздік-тәу етер жалғыз кием» атты салтанатты мәдени іс-шара аталып өтті.

     25 жыл аз да, көп те уақыт емес. Осы уақыттың төл құрдастары «Мен –Тәуелсіздік құрдасымын» шағын композициялық қойылыммен бүгінгі мерекені ашты.

      Желбіреген көк тудың,ырысы мен ынтымағы жарасқан кең байтақ жердің бақытты ұрпақтарымыз. Қалжат ауылының әкімі Мамиров Марипжан Шарипұлы ауыл тұрғындарын,келген қонақтарды мерекемен құттықтады.

    Тәуелсіздік ұғымы қай елге болсын ерекше мәртебе.Бүгінгі той,шырқалған ән-жыр,ақындардың арнаулары бәрі-бәрі тек осы мерекеге арналған.

      Елінің өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген азаматтар аз емес.  Елдің бірлігі мен ұлттар арасындағы ауызбіршілікті бір ымыраға

    «Жасұлан» хорының орындауында Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні көпшіліктің көз алдына желтоқсан оқиғасын елестетіп,жүректерін тебірентті.

     Балалардың болашағы үшін тынбай еңбек етіп,шәкірт тәрбисіне жауапкершілікпен қарайтын,мектебіміздің директоры Ильяс Жұмақанұлы өз жүрек  жарды құттықтауын жеткізді. Мың бұралған биімен «Еркеназ» бишілер тобы көпшіліктің ыстық ықыласына бөлсе,өнерлі отбасы Беренбаевтардың орындауындағы «Туған жер» әні әсем дауыстарымен тәнтті етті.

     Жер болса, ел болады,  ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақтан» егеменді ел болып,дүние жүзіне танылды.Ауыл ақсақалымен қадірлі демекші сөз кезегін ауылдық ақсақалдар ұжымының төрағасы Смадиев Жәнәбіл ата салтанатты кешті  құттықтап,батасын берді.Мерекелік іс-шара  әсем әнмен,көркем бимен  жалғасын тапты.Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған кеш өз мәресіне жетті.