KZ | RU
RSS

Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Открытое правительство

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Архив – өткен өмірдің деректі ескерткіші, құндылықтар қазынасы

Категория: Новости
Дата: 23.11.2016
Просмотры: 420 Печать страницы
Архив – өткен өмірдің деректі ескерткіші, құндылықтар қазынасы

 

Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің   25 жылдығына  орай  филиал  «Архив – өткен өмірдің деректі ескерткіші, құндылықтар қазынасы» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өткізді.

Шелек  аудандық шаруашылық есептегі жеке құрам бойынша архив                    06 ақпан 1991 жылы Шелек аудандық депутаттар кеңесінің атқару комитетінің                    №1-33 шешімімен Шелек селосында ашылып,  1997 жылғы  23 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес Шелек ауданы қысқартылған кезде Еңбекшіқазақ аудандық архивтің филиалы болды.

Біз халқымыздың тарихтағы өз бағыт-бағдарын табу жолындағы күрделі ізденістерін айқын көзге елестете алуымыз үшін өткенімізді білуге тиіспіз.

Уақыт талабында  тек өткенді біліп, тарихқа қанығып барып, дұрыс жауап таба аламыз. Цицерон айтқандай: «Тарих – тағдыр тәрбиешісі», «Архив – өткеннің ескерткіші». Дөңгелек үстелге Шелек селолық округі әкімі Есенғали Есенханов, Шелек ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Айтақынов Әбілбек, облыстық архивтен  филиалының кураторы  Нургалиева Анар Сериковна,  архив ардагерлері Баядилова Светлана Даньяловна, Игисинова Мария Бимаханована, Турганбаева Зауреш Канжановна,    Трубчанинова Людмила Алексеевна және архивте қызмет істеген Алимжанова Салтанат Султановна, Зикрина Укитай Нурмаганбетовна,  Макаревич Алена Александровна, Казарина Анна Игнатьевна, Конакбаева Зухра Газизболовна, Қызырбек Роза, Балкияева Самал Ержановналар қатысты.

Келген қонақтар филиалдың  архив қоймалары мен жұмыс бөлмелерімен  және істеп жатқан архивистермен танысып, дастархан басында шәй ішілді, сосын қонақтар Шелек өлкетану мұражайын көрді, артынан Шелек селолық  кітапханаға барды.  Іс шараның негізі бөлімі  кітапханада   өтті.     Айтақынов Әбілбек, БаядиловаСветлана Даньяловна,  Игисинова Мария Бимаханована, Трубчанинова Людмила Алексеевна, Нургалиева Анар Сериковна, Конакбаева Зухра Газизболовна  сөз сөйлеп, өткен уақытты еске алып, естеліктерімен бөлісіп, қазіргі жас архивистерге ақыл-кеңестерін айтып,архив ұжымына алғыстарын айтып, ізгі тілектерін білдірді. 

Қонақтарға  сыйлықтар табыс етіліп, түскі асқа шақырылды.