KZ | RU
RSS

Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Открытое правительство

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

XIV облыстық «ЖЕТІСУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ - 2016» балалар шығармашылығы байқауының қорытындысы

Категория: Новости
Дата: 08.11.2016
Просмотры: 667 Печать страницы
XIV облыстық «ЖЕТІСУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ - 2016» балалар шығармашылығы байқауының қорытындысы

2016 жылдың 4 қараша күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізілетін облыстық «Жетісу жұлдыздары – 2016» балалар шығармашылығы байқауы биылғы жылы 14–ші рет өтті. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында өткізілген аймақтық іріктеу турына әр аудан, қалалардан 150 үміткер қатысып, облыстық байқауға 61 үміткер жолдама алды. Байқау 2 топ бойынша, яғни кіші топ 5–10 жас аралығында, үлкен топ  11–15 жас аралығында                     2 номинация бойынша (ән,би) өткізілді. Байқаудың мақсаты: балалар шығармашылығын дамыту, музыкалық–эстетикалық тәрбие беру, жас таланттарды насихаттау, үлкен сахнаға жол ашу.

Байқауға қатысушылардың өнерлерін саралаған қазылар алқасы:

  1. Шыныбаев Серікбол Төлеутайұлы – Республикалық облыстық байқаулардың лауреаты, Жетісу Мемлекеттік Университетінің қоғамдық мамандықтар бөлімінің  бастығы,  алқа төрағасы.
  2. Әбенова Бақытгүл Нұрқожақызы – ҚР Мәдениет саласының үздігі, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының жеке дауыстағы әншісі.
  3. Тұзбаев Медет Таңатарұлы – «Талдықорған әуендері» халықтық ФЭА көркемдік жетекшісі.
  4. Жабықбаева Анар Шаймұратқызы – Облыстық Сүйінбай атындағы филармониясының «Алтынай» МБА бас балетмейстері.
  5. Нұрмыхаметов Асқар Қалиұлы – Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі.

Байқаудың қорытындысы бойынша  жеңімпаздар жүлделі орындарға ие болып, сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

Жүлделі орындарға ие болған өнерпаздар:

Бас жүлде:

  1. Сыдық Шәрбәт–Текелі қаласы;
  2. «Ясмин» би тобы–Еңбекшіқазақ ауданы.

І орын:

  1. Қанатқызы Жансая–Еңбекшіқазақ ауданы;
  2. «Алтынай» би ансамблі–Қаратал ауданы;
  3. Меңіс Жұлдыз–Талдықорған қаласы;
  4. «Наз» би тобы–Ескелді ауданы.

ІІ орын:

  1. Жұмабай Әбілқайыр–Қарасай ауданы;
  2. «Қызғалдақтар» би тобы–Талғар ауданы;
  3. Ақниет Мүбәрәкжан–Қаратал ауданы;
  4. «Балдәурен» би ансамблі–Жамбыл ауданы.

 

ІІІ орын:

  1. Аман Ерасыл – Қаратал ауданы;
  2. «Жалын» би тобы–Қарасай ауданы;
  3. Қайыркенов Досжан–Іле ауданы;
  4. Нұрмұхамет Арыстанбек–Панфилов ауданы;
  5. Наил Айым–Сарқан ауданы;
  6. «Балдәурен» би тобы–Алакөл ауданы;
  7. «Абра» би  тобы–Іле ауданы;
  8. «Ай тұмар» би ансамблі–Қаратал ауданы.