KZ | RU
RSS

Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Открытое правительство

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Алтын орда – Қазақ хандығының бабасы

Категория: Новости
Дата: 13.02.2020
Просмотры: 15 Печать страницы
Алтын орда – Қазақ хандығының бабасы

Бүгін Талдықорған қаласы, оқушылар сарайында, Алматы облыстық Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың ұйымдастыруымен Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай «Алтын орда – Қазақ хандығының бабасы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты- Ұлы дала төсінде үш ғасырдан аса салтанат құрған Жошы Ұлысының тарихын, теңдессіз мұраларын, Қазақ даласының тарихында алатын орны бөлек құндылықтарын көпшілікке насихаттау. Шара барысында І.Жансүгіров атындағы ЖМУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к доцент Е.Буланов пен тарихи-өлкетану үйірмесінің оқушысы Дүйсенбеккызы Елігай баяндама оқыды. Жиынға қатысқандар Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу – мемлекеттік идеалогиямыз үшін өте маңызды екенін қостап, бабалар тарихын зерттеу үшін жаңа белестің басталғанына қуаныштарын білдірді. Дөңгелек үстелге Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Г.Қалқабаева, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к доцент Е.Буланов, қалалық ардагерлер үйінің аймақтық төрайымы Ф.Байысова, оқушылар сарайы тарихи-өлкетану үйірме жетекшісі М.Кулшанова мен үйірме жеткіншектері қатысты.