KZ | RU
RSS

Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Открытое правительство

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Архив

Категория: Новости
Дата: 28.11.2019
Просмотры: 22 Печать страницы
Архив

         2019 жылдың ІV тоқсанындағы жұмыс жоспарына сәйкес 28  қараша  күні  сағат  11 -00-де  Талғар филиалында  архивистер  «Архив –тарихтын алтын қазынасы» атты  экскурсия  өткіздік. Архив  қызметінің негізгі мәні мен мақсаты  Алматы  облысының  Талғар ауданында орналасқан  және архивтің  жинақтау  көздеріне  жататын мекемелердің,  ұйымдардың,  барлық  меншік  түрлеріндегі  кәсіпорындардың іс-әрекетінде қалыптасқан айрықша тарихи, ғылыми, әлеуметтік және мәдени маңызы бар құжаттарды сақтау мен пайдалану болып табылатынын атап өттік. Экскурсия өткізу барысында  «Д.А.Қонаев  атындағы  университетінің Талғар  қаласындағы  колледж»  студенттеріне   архивтің  құрылу  тарихымен, архив қоймаларында мемлекеттік сақтауда тұрған қор құжаттарымен  таныстырдық. «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының  жалғасы  болатын  Елбасының тарихи  сананы  жаңғыртуға  бағытталған ұсыныстары архивтердің нығаюына  септігін  тигізетініне, тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып жетістіктерге жететініне және архив - біздің өткен, бүгінгі және болашақтағы тарихымыз  екендігін   колледж студенттеріне түсінірдіріп өттік. Экскурсияға колледж жетекшісі  Жанәбіл  Перизат  және  оқушылар   қатысты.