KZ | RU
RSS

Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Открытое правительство

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Музей

Категория: Новости
Дата: 08.11.2019
Просмотры: 15 Печать страницы
Музей

7 қараша күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Туған өлке тарихы" атты шара өтты. Шараға Мамания орта мектебінің 8 сынып оқушылары мен Ақсу ауылының тұрғыны көнекөз қария, еңбек ардагері, Ақсу ауданының құрметті азаматы Байдалин Кеңесбек атамыз қатысты. Көпті көрген көнекөз қариялардың тәлімді тәрбиеге толы ғибратты әңгімелері жастарға рухани азық екені анық. Шара барысында Кеңесбек ата киелі Ақсу мекенінің қалай құрылғаны жайлы және осы күнге дейінгі тарихына шолу жасап өтті. Жасұрпақ көнекөз қарияның әңгімесін өте қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып туған өлкелері жайлы қызықты деректер мен ақпараттарға қанық болды. Туған жерді сүю парыз, сүю үшін білу парыз. Туған өлке тарихын әспеттеп, келер ұрпаққа жеткізу аға буынның міндеті. Бұл жайында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында да ерекше аталып көрсетілді. Болашаққа қалай қадам басарымыз – өскелең ұрпаққа беретін тәрбиеге байланысты. Бүгінгі шараның да көздегені осы. Жастарды туған өлкесінің тарихымен таныстыра отырып, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін арттыру.