KZ | RU
RSS

Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Открытое правительство

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Музей

Категория: Новости
Дата: 12.08.2019
Просмотры: 50 Печать страницы
Музей
Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының елшілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесе отырып екі елдің музейлері арасындағы мәдени-гуманитарлық тәжірибе алмасуды тереңдету және ынтымақтастықты кеңейту мақсатында 2019 жылдың 30-шы шілде – 8-ші тамыз аралығында Қытай жерінде Қазақстан музейлерінің жоғарғы буын басшыларына арналған семинар ұйымдастырылып, оған республиканың барлық өңірлеріндегі облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің мамандары қатысты. Теориялық және практикалық оқулар Пекин, Синин, Ланьчжоу қалаларының жетекші музейлерінде өткізілді. Аталмыш семинарды Қытай мемлекетінің мәдениет және туризм министрлігіне қарасты Басқарма кадрларының орталық академиясы ұйымдастырды. Семинарға қатысушылар Қытайдың Астаналық, Ұлттық, Гугун, Ұлттық өнер, Ганьсу провинциясының, Цинхай провинциясының музейлері мен Ұлы Қытай қорғаны, Цинхай көлі мен Таэрсы храмын тамашалап, өңір басшыларымен кездесіп, Қытай музейлерінің тарихы туралы лекцияларды тыңдады. Соңында семинарға қатысушы қазақстандық музей мамандарына халықаралық дәрежедегі оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификат табысталды. Бізге «Бір белдеу, бір жол» атты стратегиялық бағдарлама аясында екі елді байланыстыратын осындай тағылымды сапарды ұйымдастырған Қытайдың Қазақстандағы елшілігіне, ҚР Ұлттық музейіне алғысымыз шексіз. Келешекте де екі елдің мәдениетін насихаттауда тығыз қарым-қатынаста бірлесе жұмыс жасаймыз деген сенім білдіремін және шынайы ниетпен жұмыстары табыс тілеймін.