KZ | RU
RSS

Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Открытое правительство

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Музей

Категория: Новости
Дата: 01.07.2019
Просмотры: 34 Печать страницы
Музей
Алматы облысында «Ұлы даланың мәңгілік мирасы – Манас» қазақ-қырғыз зиялыларының халықаралық III форумы өтті. Форум қатысушылары алдымен Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезовтың үй-музейіне гүл шоқтарын қойып, Манастануға айрықша үлес қосқан тұлғаның рухына тағзым етті. Бұдан кейін аталған іс-шара Талдыкорган қаласында жалғасты. Форум Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаев, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Султан Раев, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелдиевтің қатысуымен өтті. Биылғы жиынды Халықаралық Түркі академиясы мен Алматы облысының әкімдігі бірігіп ұйымдастырды. Форум аясында арнайы симпозиум өтіп, қазақ-қырғыз ғалымдарының қазіргі Манастану бойынша ғылыми баяндамалары тыңдалды. Олардың ішінде филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Жарылқап Бейсенбайұлының “Манас” және Шоқан”, филология ғылымдарының докторы, Ы.Абдрахманов атындағы “Дүниежүзілік фольклор және мәдениет” ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жылдыз Орозобекованың “Манасшылық өнердің салты, кәдесі” деген тақырыптағы баяндамаларды атап өтуге болады. Ғалымдар “Манас” жырының бауырлас қазақ және қырғыз халықтарымен қоса, бүкіл түркітектес халықтардың басын біріктірудегі маңызына тоқталды. Симпозиумнан кейін форум делегаттары Жетісу жеріндегі Шоқан Уәлихановтың ескерткішіне арнайы келіп, гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Ескерткіш басында жиналған қауым Шоқан Уәлихановтың “Манас” эпосын зерттеп-зерделеудегі айрықша еңбегі мен осы іске қосқан үлесіне ерекше тоқталды.
«Ұлы даланың мәңгілік мирасы – Манас» қазақ-қырғыз зиялыларының халықаралық III форумы бұдан кейін Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек жайлауында “Манас” фестивалімен жалғасты. Фестиваль аясында М. Тынышпаев ат. Алматы облысық тарихи-өлкетану музейі қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетіне қатысты арнайы көрме безендіріп, шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосты. Жалпы саны елуден аса экспонатты қамтыған көрмеде қойылған экспонаттар форумға қатысушылар мен қонақтардың қызығушылығын арттырды. Фестиваль барысында Баянғали Әлімжанов, Назаркул Сейдиракманов, Рыспай Исаков, Замир Баялиев, Камил Мамадалиев, Тилек Асанов сынды танымал қырғыз-қазақ манасшылары жыр жырлап, өз өнерлерін паш етті. Фестивальға қатысқан манасшыларға Академияның алғыс хаты табыс етіліп, марапатталды. “Манас” фестивалі биылғы қазақ-қырғыз зиялыларының халықаралық III форумын қорытындылады.