KZ | RU
RSS

Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Открытое правительство

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Архив

Категория: Новости
Дата: 22.02.2019
Просмотры: 154 Печать страницы
Архив

22  ақпан 2019 ж. Алматы облысының Каскелен қаласында «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Сүлейман Демирел университеті «Тарих және архив:жаңа деректер мен мәселелері» тақырыбында бірлескен конференция өткізді.

         Конференцияны Сулейман Демирел университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Гаипов Давранжон,  Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқаметханұлы, Алматы облысының мемлекеттік архивінің бас директор орынбасары Т.Аблаев  Мемлекет басшысы белгілеп берген бағдарламаны жүзеге асыру мақсатындағы алғы сөздерімен ашты.

Шарада  профессор, тарих ғылымының кандидаты Нұрпейіс Талдыбек «Архив-2025» бағдарламасынан күтілетін нәтижелер, тарих ғыл.кандидаты, доценті Ш.Тілеубаев «Жетісудағы 1916 ж. көтерілісі тұсындағы ұлт зияларының қызметі», аға ғылыми қызметкер, PhD докторы Р.Оразов «Өзбекстан, Қырғызстан архивтеріндегі қазақ тарихына қатысты деректер»,  Жетісу газетінің тілшісі, қаламгер Қажет Андас «Шетел архивтеріндегі ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. алғашқы жартысындағы төте жазумен жазылған мәліметтерді елге жеткізудің қажеттілігі», Сулейман Демирел университеті, әлеуметтік ғылымдар кафедрасының тарих PhD докторы А.Тұрлыбек «Ресей мемлекеттік әскери архивінде Түркістанға (Басмашы көтерілісіне) қатысты деректер» атты тақырыптарындағы жаңа деректерді ортаға салып студент тарихшылармен өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Шара барысында «Архив-2025» орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали атынан Ш.Тілеубаев «Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығының құрметіне» АОМА бас директоры Г. Кулмуханбетоваға естелік медалі марапатын табыс етті.

Сонымен қатар, АОМА құжаттарды мемлекеттік есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Каипжанова «Жетісу тарихын жаңғырту: 2019-2025» бағдарламасын  іске асырудың нақты мүмкіндігі және деректерді зерделеудің қажеттілігі» туралы баяндамасында

2006 ж. қараша айында Алматы облысы архивінің архивистері Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивіне жұмыс сапары нәтижесінде аталған архивтің 20 қорынан Қазақ тарихына қатысты 1880-1928 жылдар аралығын қамтитын 500 құжаттың көшірмелерін алып қайтқаны, қазіргі уақытта құжаттар археография және деректану Ұлттық орталығының дерекқорына енгізілгені, тек Өзбекстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивімен ғана шектелмей Өзбекстанның қалалық және облыстық архивтері, Қырғызстан, Ресейдің (Москва, Санкт-Петербург, Омбы, Орынбор) мемлекеттік архивтеріне құжаттарды анықтау жұмысын бастау жоспарланып отырғаны, бұл экспедицияның мақсаты  Жетісу тарихына қатысты отандық және шетелдік архивтердегі ұлттық тарихи-мәдени құндылықтары бар архив құжаттарын анықтау, жинақтау және оларды мемлекеттік сақтауға қабылдау, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорына қосу  туралы атап айтты.

         Шараны ұйымдастыруда АОМА ғылыми-анықтамалық ақпарат бөлімінің басшысы А. Жунусова, архивистер А. Тәттібаев, А. Кубайсовтар белсенділік танытты.