KZ | RU
RSS

Навигация

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Информация

Новости

Кітапхана

Категория: Новости
Дата: 13.02.2019
Просмотры: 72 Печать страницы
Кітапхана

12 ақпан 2019 жылы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» кешенді мақаласы аясында, тарихымызды дәріптеу мақсатында Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты «Ауғанның от жалыны» атты кездесу кешін Аудандық және Балалар кітапханасының қызметкерлері К.Илимахунова, Г. Ибраимова және А.Аязбековалар ұйымдастырып өткізді.

    Кешке Ауданымыздағы  Ауған соғысына қатынасқан ардагер жауынгерлер Шукейтов Бекбатыр Есмұратұлы, Исмайлов Жағда Манапұлы, Оңалбаев Сәрсенбай Оразханұлы, Қалиасқаров Батырбек Бодалханұлы, Достаев Лесбек Асейұлы құрметті қонақ болып келді.  Сондай-ақ аталған шараға Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Тұрғанбеков Нұржан Ержанұлы, А.В.Луначарский атындағы орта мектебінің  6 «ә», 8 «а» сынып оқушылары,  аталған мектептің кітапханашысы Сарикова Нұрсұлу  және тарих пәнінің мұғалімі Ербол Мұқатай  қатысты.

   Кездесу кешінің тақырыбымен кең көлемдегі Ауған соғысының тарихынан мол мағлұмат беретін, Ауған соғысының ардагерлері жайында жазылған кітаптар, газет-журнал материалдары, мақалалар, деректемелер, фотоальбомдар қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кездесу Мемлекетіміздің әнұранымен басталып, оқушылардың әдеби монтажымен ұласты. Шара барысында Ауған соғысының ардагерлері сөз алып өздерінің әскери борышын өтеу кезіндегі басынан өткен қиын-қыстау күндерінен естелік әңгімелер айта отырып, жас өрендерді өз елін өз жерін сүюге, Отанға адал қызмет етуге шақырды. Шараның тартымды әрі әсерлі өтуіне өз үлесін қосқан Аудандық мәдениет үйінің әншісі Шойынбаева Көркемнің «Ардагерлерім», «Түркі қазағым», «Қазағым-ай» әндері нақышына келтіре орындалды. Шара соңында Аудандық кітапхананың директоры Султанбекова Дария Бегжігітқызы  кешіміздің қадірлі қонақтары Ауған соғысының ардагерлерін мерейлі мерекелерімен құттықтап,  дендеріне саулық, отбастарына амандық тілей отырып, қатынасқан оқырмандар мен кітапханашылар атынан алғыс айтып,естелік сыйлықтар табыс етті.