KZ | RU
RSS

Навигация

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Архив

Категория: Новости
Дата: 11.02.2019
Просмотры: 44 Печать страницы
Архив

2019 ж. 8 ақпанында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің 45 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архив мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, тарихшылар, ОМҒТҚА ардагерлері, архив ұйымдарының өкілдері жиналған Дөңгелек үстел өтті.

Осы іс шарада орталық ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымымен дайындалған «Из истории проектирования объектов культуры г. Алматы (1930-1980-е гг.)» атты құжаттар мен материалдар жинағының таныстырылымы және ОМАҒТҚ құрылу мен даму тарихын баяндайтын фото-құжатты көрме ұйымдастырылып, ұжым қызметі туралы бейнефильм көрсетілді.

Жинақта 144 құжаттан тұратын және де алғаш жарияланып отырған республикамыздың ірі мегаполисінің сәулет-жоспарлау шешімдерін айқындайтын, жоспарлау ісі мен құрылыста орын алған ғылыми-техникалық революцияның өрлеу кезеңін көрсететін архив құжаттары енгізілген. Оның негізгі мақсаты зерттеушілер мен қызығушылық танытқан оқырмандарға Алматы қаласының сәулет кейпі генезисінің негізгі кезеңдерін айғақтайтын Мемлекеттік музей, Мемлекеттік цирк, Абай атындағы опера балет театры, М.Ю. Лермонтов атындағы Орыс драмалық театры, Балалар және жасөспірімдер театры, Аймақтық офицерлер үйі, Кино үйі және республикалық деңгейдегі кітапханалар және де басқа бірқатар танымал мәдениет нысандары ретроспективті құжаттық ақпараттармен таныстыру.

         Алматы облысының мемлекеттік архивінің бас директор Г. Кулмуханбетованың Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасы және Ұлтық архив қоры болып саналатын ғылыми-техникалық құжаттамаларды сақтай отырып оны насихаттауда жүргізіп отырған 45 жылдық еңбектеріне творчестволық табыс тілеген құттықтауын бөлім басшылары  А. Каипжанова, А. Жүнісова табыс етті.

Құрметті әріптестер! Отандық архив мекемелерінің арасындағы ынтымақтастығымыз арта берсін! Сіздерге мықты денсаулық, қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!