KZ | RU
RSS

Навигация

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Музей

Категория: Новости
Дата: 14.11.2018
Просмотры: 42 Печать страницы
Музей
Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында 2018 жылдың 14 қараша күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде Сарқан ауданы, Лепсі ауылындағы М.Төлебаевтың мемориалды музейіқызметкерлерінің ұйымдастыруымен«Өнерлі өлкенің өрені» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті.Көрменің мақсаты:КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың ұлттық өнерге сіңірген орасан зор еңбегін, келер ұрпаққа үлгі болар өнер жолын музей экспонаттары негізінде таныстыру және насихаттау. Салтанатты жиынды облыстық Жетісу газетінің журналисті, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қ.Қайранбаев құттықтау сөзімен ашып,аудандық «Сарқан» газетiнiң бас редакторы Ж.Игiман жырдан тебірене шашу шашты. Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның әншлері композитордың «Кестелі орамал», «Тос мені, тос» туындыларын орындаса,республикалық «Ілияс оқуларының» жеңімпаздары өлең шумақтарын арнады.Сонымен қатар,М.Төлебаевтың өмірінен сыр шертетін «Көтеріл ер халық» атты шағын сахналық көрініс қойылды. Шараға арнайыМ.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің, Алматы облыстық көркемөнер галереясының, облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапхананың қызметкерлері,І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің білімгерлері,М.Жұмабаев атындағы № 19 орта мектеп-гимназиясы мен №28 IT мектеп-лицейінің оқушылары мен қала тұрғындары шақырылды. Шара соңында көпшілік қауым композитордың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көрмемен танысты. Аталған жылжымалы көрмені 14-21 қараша аралығында І.Жансүгіровтің әдеби музейінен тамашалай аласыздар.