KZ | RU
RSS

Навигация

Информация

Памятные даты

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Театр имени Б. Римовой

Категория: Новости
Дата: 10.10.2018
Просмотры: 18 Печать страницы
Театр имени Б. Римовой

        Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының ұжымы Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты кезекті Жолдауын талқылады. Театрдың директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Ғалия Әмірқамзақызы Темербаева Жолдаудың мәні мен маңызын ашып, өз пікірін төмендегідей білдірді: Биылғы Жолдауында да Елбасы ең маңызды мәселе, мемлекеттің басты байлығы – адам факторына терең мән берді. Атап айтатын болсақ, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру көзделіп отыр. Бүгінгі таңда әлемді экономикалық дағдарыс қауіпі торлап отырған қатерлі кезеңде бұл үлкен көрсеткіш. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын «7-20-25» бағдарламасы бойынша педогогтар, медицина қызметкерлері, полицейлер және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының баспанамен қамтамасыз етілуі қажет. Мен Жолдаудағы медициналық қызмет сапасын жақсарту мәселесі көтерілгеніне қуандым. Әсіресе, участкелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға арттыру күн талабына сәйкес келеді. Ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету аса қажет. Алдағы уақытта барлық емиханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуі көптен бері көтеріліп келе жатқа қағазпаздық-бюрократиялық дертінен айықтырады. Директордан кейін көркемдік жетекші Н.Өтеулинова, әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ү.Өмірзақов, актриса Р.Қапышева,бухгальтер Т. Гусенколар ойларын ортаға салды.