KZ | RU
RSS

Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Открытое правительство

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Көркемөнер галереясы

Категория: Новости
Дата: 20.09.2018
Просмотры: 227 Печать страницы
Көркемөнер галереясы

            Алматы облысы әкімінің қолдауымен, «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ – мен «Көркемөнер галереясы» МКҚК – ның ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған, кәсіпқой суретшілердің «Туған жерім – тұғырым» атты 2018 жылғы 10-19 қыркүйек аралығында Кеген ауданы, Саты ауылында өткен Халықаралық пленэрі өз мәресіне жетті. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында биыл екінші жыл халықаралық пленэр ұйымдастырылуда. Биылғы пленэрге 15 суретші:Қырғызстан Республикасынан – Огобаев Талант Құрманбекович, Астана қаласынан –Тлеужан Батанов, Сейсенхан Махамбет, Алматы қаласынан – Өмірбек Жұбаниязов, Хамза Қиқымов, Жайық Күшікбаев, Марат Абдреев, Батыс Қазақстан облысынан – Қайыр Оразғалиев, Павлодар облысынан – Өсербай Шуранов, Алматы облысынан - Нұрболат Ысқақов, Қарлығаш Шалабаева, Бақыт Ахметов, Айдар Асқаров, Мөлдір Қасымбекова және т.б. суретшілер қатысты. Суретшілер Кеген ауданының шырайлы жерлерін бейнелеу арқылы, табиғатынан үлкен әсер алды. Пленэрге қатысқан суретшілердің ең үздік деген туындылары Алматы облыстық «Көркемөнер галереясының» негізгі қорының экспонаты ретінде сақтауға алынады Пленэрдің мақсаты: Ұлттық мәдени-мұраны сақтау, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, рухани байлығымызды жоғалтпай, асқақтату, ұлттық рухта тәрбиелеу. тарих тағлымдарын кеңiнен насихаттау. Өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Кеген ауданының шырайлы жерлерін насихаттау. Халықаралық кәсіпқой суретшілердің пленэрлік жұмыстарынан жинақталған көрме ұйымдастыру, олардың тың шығармаларымен галерея қорын толықтыру.