KZ | RU
RSS

Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Открытое правительство

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Контакты

Почтовый адрес: 040000, г.Талдыкорган, ул. Кабанбай батыра, 48
Адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru
Тел.Факс: 8-/7282/ 24-16-23

Новости

Галерея

Категория: Новости
Дата: 12.09.2018
Просмотры: 208 Печать страницы
Галерея

Кәсіпқой суретшілердің «Туған жерім – Тұғырым» атты

халықаралық пленэрі

 

 

             Алматы облысы әкімінің қолдауымен «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында«Туған жерім – тұғырым» атты Халықаралық кәсіпқой суретшілердің пленэрі 2018 жылғы 10-19 қыркүйек аралығында Кеген ауданы, Саты ауылында өтеді.
Үстіміздегі жылдың 11 қыркүйек күні Халықаралық пленэрге қатысатын Қырғызстан Республикасынан – Огобаев Талант Құрманбекович, Астана қаласынан – Тлеужан Батанов, Сейсенхан Махамбет, Алматы қаласынан – Өмірбек Жұбаниязов, Хамза Қиқымов, Жайық Күшікбаев, Марат Әбдреев сынды танымал суретшілер келсе, Батыс Қазақстан облысынан – Қайыр Оразғалиев, Павлодар облысынан – Өсербай Шоранов, Алматы облысынан - Нұрболат Ысқақов, Қарлығаш Шалабаева, Бақыт Ахметов, Айдар Асқаров, Мөлдір Қасымбекова бастаған дарынды суретшілер Кеген ауданы, Саты аулының маңайындағы Қайыңды көлінің шырайлы жерлерінде пленэрлік жұмыстарын бастады. Суретшілердің әр қайсысы шығармашылық жұмыстарын орындауға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Оның ішінде: кенеп, майлы бояулар, қылқаламдар, мастихин, және т.б.